Жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашу үшін материалдық көмек көрсету туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 03 наурыздағы N 39 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 наурызда N 8-13-59 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы N 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2010.01.11 N 2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес аз қамтылған азаматтарды қосымша қолдау мақсатында Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ресми тіркелген жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашу үшін материалдық көмек көрсету жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру тапсырылсын.
      2. Өз істерін ашу үшін материалдық көмек алуға жұмыссыз азаматтардың берген өтініштерін қарайтын аудандық тұрақты комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. "Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 451-02-102 "Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар" бюджеттік бағдарламасы бойынша тиісті жылдың аудан бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      4. Материалдық көмек Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсандағы "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есептері негізінде, жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің 40 (қырыққа) дейінгі сомасының шегінде бөлу белгіленсін.
      5. Жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашу үшін берілетін материалдық көмекті мақсатты пайдалануын бақылау "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
      6. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы "2008 жылы жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы" N 10 Қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 8-13-43 санмен тіркелген, 2008 жылғы 23 ақпандағы N 15-16 "Қарқаралы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Дюсетаевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Омарханов

Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2009 жылдың 3 наурызындағы
N 39 қаулысына қосымша

Өз істерін ашу үшін материалдық көмек алуға жұмыссыз азаматтардың берген өтініштерін қарайтын аудандық тұрақты комиссияның құрамы

1. Дюсетаев Серік Смағанбетұлы    - аудан әкімінің орынбасары,
                                    комиссия төрағасы;
2. Жұманбаев Бейбіт Мақышұлы      - "Қарқаралы ауданының жұмыспен
                                    қамту және әлеуметтік
                                    бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
                                    мекемесінің бастығы, комиссия
                                    төрағасының орынбасары;
3. Төлеубекова Айгүл Зекенқызы    - "Қарқаралы ауданының жұмыспен
                                    қамту және әлеуметтік
                                    бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
                                    мекемесінің жұмыспен қамту
                                    қызметін үйлестіру секторының
                                    меңгерушісі, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

4. Ахметжанов Бекболат Қапайұлы   - "Қарқаралы ауданының қаржы
                                    бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
                                    бастығы;
5. Қабиев Мұхаметқан Иманкәрімұлы - "Қарқаралы ауданының
                                    кәсіпкерлер бөлімі" мемлекеттік
                                    мекемесінің бастығы;
6. Халел Дулат Қанышұлы           - "Қарқаралы ауданының ішкі саясат
                                    бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
                                    бастығы;
7. Сатыбалдин Айдар Рымбайұлы     - "Казпошта" акционерлік
                                    қоғамның аудандық пошта
                                    торабының бастығы (келісім
                                    бойынша);
8. Ламбеков Нұрлан Рымбайұлы      - Қарқаралы қаласының әкімі;
9. Әлиұлы Сайлау                  - "Қарқаралы ауданы әкімінің
                                    аппараты" мемлекеттік
                                    мекемесінің үйлестіру бөлімінің
                                    меңгерушісі.

Об оказании материальной помощи безработным гражданам на открытие собственного дела

Постановление акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 03 марта 2009 года N 39. Зарегистрировано Управлением юстиции Каркаралинского района Карагандинской области 25 марта 2009 года N 8-13-59. Утратило силу - постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 11 января 2010 года N 2

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 11.01.2010 N 2.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" в целях дополнительной поддержки малоимущих граждан акимат Каркаралинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района" поручить организацию работ по оказанию материальной помощи официально зарегистрированным безработным гражданам на открытие собственного дела.
      2. Утвердить состав районной постоянной комиссии по рассмотрению заявлений безработных граждан на оказание материальной помощи на открытие собственного дела согласно приложению.
      3. Государственному учреждению "Отдел финансов Каркаралинского района" осуществлять финансирование по бюджетной программе 451-02-102 "Дополнительные меры по социальной защите граждан в сфере занятости населения" в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий год.
      4. В соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года "О республиканском бюджете на 2009-2011 годы", согласно расчетам государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района" установить размер материальной помощи на открытие собственного дела в пределах 40 (сорока) месячных расчетных показателей.
      5. Контроль за целевым использованием материальной помощи на открытие собственного дела безработным гражданам возложить на государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района".
      6. Постановление акимата Каркаралинского района от 15 января 2008 года N 10 "Об оказании материальной помощи на открытие собственного дела и обеспечения самозанятости безработных граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 8-13-43, опубликовано в газете "Қарқаралы" от 23 февраля 2008 года N 15-16) признать утратившим силу.
      7. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района С. Дюсетаева.
      8. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                Н. Омарханов

Приложение к Постановлению
Каркаралинского районного акимата
от 3 марта 2009 г. N 39

Состав районной постоянной комиссии по рассмотрению заявлений безработных граждан на оказание материальной помощи на открытие собственного дела

1. Дюсетаев Серик Смаганбетович     – заместитель акима района,
                                      председатель комиссии;
2. Жуманбаев Бейбит Макишович       – начальник государственного
                                      учреждения "Отдел занятости и
                                      социальных программ
                                      Каркаралинского района",
                                      заместитель председателя
                                      комиссии;
3. Толеубекова Айгуль Зекеновна     – заведующая сектора координации
                                      занятости государственного
                                      учреждения "Отдел занятости и
                                      социальных программ
                                      Каркаралинского района",
                                      секретарь комиссии;

Состав комиссии:

4. Ахметжанов Бекболат Капаевич     – начальник государственного
                                      учреждения "Отдел финансов
                                      Каркаралинского района";
5. Кабиев Мухаметкан Иманкаримович  – начальник государственного
                                      учреждения "Отдел
                                      предпринимательства
                                      Каркаралинского района";
6. Халел Дулат Канышович            – начальник государственного
                                      учреждения "Отдел внутренней
                                      политики Каркаралинского
                                      района";
7. Сатыбалдин Айдар Рымбаевич       – начальник районного узла
                                      почтовой связи акционерного
                                      общества "Казпочта" (по
                                      согласованию);
8. Ламбеков Нурлан Рымбаевич        – аким города Каркаралинск;
9. Сайлау Әлиұлы                    – заведующий координационного
                                      отдела государственного
                                      учреждения "Аппарат акима
                                      Каркаралинского района".