Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 3 сәуірдегі N 231/38 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 130/21 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қарашада N 8-4-156 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2010 жылғы 13 қыркүйектегі N 201/29 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2010.09.13 N 201/29 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 3 сәуірдегі N 231/38 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркеу нөмірі 8-4-70, "Приозерский вестник" газетінің 2007 жылғы 4 мамырдағы N 11 (86) санында жарияланған) шешіміне, оған қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 12 шілдедегі N 273/42 "Қалалық Мәслихаттың 2007 жылғы 3 сәуірдегі N 231/38 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркеу нөмірі 8-4-87, "Приозерский вестник" газетінің 2007 жылғы 31 тамыздағы N 22(97) санында жарияланған) шешімімен және қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 08 сәуірдегі N 36/6 "Қалалық Мәслихаттың 2007 жылғы 3 сәуірдегі N 231/38 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркеу нөмірі 8-4-107, "Приозерский вестник" газетінің 2008 жылғы 2 мамырдағы N 15(121) санында жарияланған) шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Қағиданың атауындағы "қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы" деген сөздер "әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1 тармақтағы:
      1) тармақшадағы:
      "қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылулары" деген сөздер "әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 2 тармақтағы:
      "сонымен қатар" деген сөзден кейінгі "қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына" деген сөздер "әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 5 тармақтағы:
      "әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына" деген сөздер "әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 10 тармақтағы:
      "қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына" деген сөздер "әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 17 тармақ:
      "уәкілетті органға" деген сөздерден кейін "және халыққа қызмет көрсету орталығына" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 22 тармақтағы:
      "қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлем" деген сөздер "әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 31 тармақ келесі редакцияда оқылсын:
      "31. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын үй жәрдемақысы;
      3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      5) бюджеттік қаражат бойынша бір жолғы көрсетілетін, мерекелік және мерейтойлық күндерге орай, материалдық көмек;
      6) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
      7) отбасы мүшелерінің бipeуi осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтiн алимент;
      8) азаматтардың тегiн немесе жеңiлдiкпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
      9) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
      10) азаматтардың елдi мекеннен тыс жерлерге емделуге тегiн немесе жеңілдiкпен жол жүру құны;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, заттай түрінде көрсетілетін көмек түрлері:
      дәрілiк препараттар;
      санаторийлiк-курорттық емдеу;
      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
      жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру құралдары;
      бiлiм алу кезеңiнде оқушыларды (мектептер) тегiн тамақтандыру.
      12) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      13) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек;
      14) бағаның көтерілуіне байланысты негізгі азық-түлікке әлеуметтік қосымша төлемақы.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия тарағасы                            Ө. Көбенов

      Мәслихаттың хатшысы                        Е. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қала әкімінің орынбасары
               Дүйсенбаев Н.О.

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің басшысы
                     Медетбекова З.А.

      Қаржы бөлімінің басшысы
             Қошқаралиев Қ.Қ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады