Аудан көлеміндегі қала, елді мекендерде көгалдандыру, көріктендіру және санитарлық-тазалық сақтау жұмыстарын жүргізудің және аудан көлемінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2009 жылғы 16 қарашадағы N 123 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Арал ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 14 желтоқсанда N 10-3-145 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 тамыздағы N 227 Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2011.08.26 N 227 Шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының  1-тармағының 8-тармақшасын және 7-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШІМІЗ:
      Аудан көлеміндегі қала, елді мекендерде көгалдандыру, көріктендіру және санитарлық-тазалық сақтау жұмыстарын жүргізудің және аудан көлемінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс он тоғызыншы
      сессиясының төрайымы                            А. Садуақасова

      Аудандық мәслихаттың хатшысы                    Ә. Әуезов  

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
16 қарашадағы кезектен тыс он тоғызыншы
сессиясының N 123 шешіміне қосымша

Аудан көлемінде қала, елді мекендерде көгалдандыру, көріктендіру және санитарлық-тазалық сақтау жұмыстарын жүргізудің және аудан көлемінде иттер мен мысықтарды ұстау ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      Тұрғындарға аудан аумағында өндіріс, халыққа әлеуметтік - тұрмыстық қызмет көрсету және тұрғын үй қоры объектілерін санитарлық-техникалық талаптарға сай күтіп ұстау, аудан көлемінде иттер мен мысықтарды ұстау  Ережесі (бұдан әрі -Ереже) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3-бабының 2-тармағына311-бабына387-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және құрылысы аяқталған немесе бұдан бұрын пайдалануға берілген әкімшілік ғимараттарды, өндіріс, әлеуметтік қызмет көрсету, мәдени-демалыс орындары объектілерін және тұрғын-үй қорын ішкі және сыртқы абаттандыру, пайдалану және ұстау саласындағы қатынастарды, Арал ауданының аумағында үй жануарларын ұстауды регламенттеу мақсатында әзірленді, (бұдан әрі - Ереже) осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік белгілейді.
      Осы Ережені енгізгенде қол жеткізілетін негізгі мақсаттар өндірістік, әлеуметтік-қызмет көрсету, мәдени-демалыс орындары объектілерін және тұрғын үй қорларын абаттандырудың, санитарлық - техникалық тұрғыдан күтіп пайдаланудың бірыңғай талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті атқарушы органның құзыреті мен өкілеттіктерін іске асыруды қарастырады.
      Ереже міндетті сипатқа ие және меншіктің барлық түріндегі объектілерге қолданылады.

2. Ережеге қолданылатын негізгі ұғымдар

      Осы Ереже "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
      Арнайы коммуналдық қызметтер - заңды және жеке тұлғаларға коммуналдық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
      ҚТҚ - қатты-тұрмыстық қалдықтар;
      ІГҚ - ірі габаритті қалдық;
      СТК - селолық тұтыну коперативтері.

3. Қоршаған ортаны абаттандыру және қорғау талаптарын сақтау.

      1. Жаңа объектілерді пайдалануға бергенде және қолданыстағы өндірістік ғимараттарды, тұрғын үйлерді, әлеуметтік және қызмет көрсету саласының объектілерін қайта жаңғыртуды аяқтағанда жергілікті атқарушы орган объектілерді абаттандыру, санитарлық-техникалық тұрғыдан күтіп ұстау жөніндегі талаптардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.
      2. Аудан, қала, кент, ауылдық округтері әкімдері абаттандыру, көгалдандыру және экологиялық нормаларды сақтау жөніндегі талаптардың орындалуын, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, құқық қорғау органдарымен және осы салаға бақылауды қадағалауды жүзеге асыратын басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп жүзеге асырылады.

4. Сауда және әлеуметтік-қызмет көрсету объектілерін ұстау

      3. Сауда, әлеуметтік қызмет көрсету объектілеріне абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру аумақтары бекітіледі. Оларға қызыл жолақ шегінде кіреберіс жолдарды, гүлзарларды және көгалдарды орнату, жарықтандыру қондырғыларын жабдықтау, сыртқы безендірудің жарнама және ақпарат құралдарын орналастыру тәсілінің бірыңғай дизайнін сақтау жөніндегі жұмыстары жүргізіледі.

5. Тұрғын-үй кешендерін және жекелеген тұрғын-үй құрылысы аулаларын күтіп ұстау

      4. Құрылысы аяқталған жекелеген тұрғын үйлерді пайдалануға бергеннен кейін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органдар құқық бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаулықтарды беру арқылы тұрғын үйлерге қызмет көрсету объектілерінің болуын және абаттандыру жағдайын келісімімен тексереді. Жасыл желектерді, көгалдандырылған аумақтарды одан әрі қорғау және бақылауды жүзеге асыру үшін оларды тізімге енгізумен қатар, көгалдандырылған учаскелерге тексеріс жүргізеді және оларды төлқұжаттандырады.
      5. Шағын сәулет нысандарының барлық қондырғылары күтіліп ұсталуы және жылына кемінде бір рет боялуы тиіс.
      6. Бас көшелерде және жолдарда орналасқан қоғамдық ғимараттардың, көп қабатты тұрғын үйлердің фасад бөлігінің өзгеруіне (балкондарды, ложаларды шынылау және қайта жаңарту, жапсаржай өндірісі), сондай-ақ кондоминимум объектілерін (кіреберістер, баспалдақтар, шатырлар) қайта жоспарлау және өзгертуге сәулет және қала құрылысы органының келісуінсіз жол берілмейді.

6. Жинау, абаттандыру, қалдықтарды шығару және пайдаға асыру үшін шаруашылық етуші субъектілермен қала аумағын бекіту.

      7. Тұрғын үй аумақтарын жинау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары тұрғын үй және көп қабатты үй пәтерлерінің иелеріне және объектілер мен оның аумақтағы иелеріне, орталық көшелерді, жасыл желек, бақ, саябақ жолдарын, тарихи, мәдени ескерткіштер аймақтарын және жалпы қолданыстағы басқа да орындардың тазалығын сақтау - мамандандырылған коммуналдық кәсіпорындарға және ауылдық жерлерде СТК-не (келісімдерімен) жүктеледі.
      8. Жинақталған күл-қоқыстарды шығару тұрғын үйлердің, өндірістік ғимараттардың және басқа да объектілердің иелерінің өз күштерімен немесе келісім шарт негізінде мамандандырылған коммуналдық  кәсіпорынның, не СТК-нің (келісімдерімен) күшімен жүзеге асырылады.
      9. ҚТҚ жинау үшін металл контейнерлерін қолдану қажет. Контейнерлік алаңдар мен оған іргелес аумақты тиісті санитарлық нормаларға сәйкес ұстау қамтамасыз етілуі тиіс.

7. Қала мен елді мекендерде инфрақұрылым объектілерін ұстау.

      10. Барлық алаңдар мен көшелерде, саябақтарда, базарларда, көліктердің аялдамаларында, ғимараттардың маңында және басқа да орындарда жеткілікті көлемде қоқыс салатын шағын жәшіктер қойылады.
      11. Қоқыс салатын жәшіктер таза болуы керек, ол күнделікті тазартылады, залалсыздандырылып және жылына кем дегенде екі рет сырланып тұруы қажет.
      12. Өндіріс, қызмет көрсету объектілерінің иелері:
      1) жапсарланған аумақтарды санитарлық тазартуды қамтамасыз етуге;
      2) мүмкіншілігі шектеулі тұлғалардың үздіксіз келіп-кетуі үшін шығу пандусын жабдықтауға;
      3) қоршаулардың, басқа да (шағын сәулет нысандарын, қоқыс салатын жәшіктер, орындықтар, спорт алаңдарын және т.б.) объектілердің сыртқы келбеттерін тиісті түрде күтіп ұстауға;
      4) орман қорына кірмейтін, елді мекендердегі жасыл желектерді күтуді жүзеге асыруға, уақытында суаруды, қырқуды қамтамасыз етуге және уәкілетті органның жасыл желектерді қорғау жөніндегі нормативтік  актілеріне сәйкес өсіруді жүзеге асыруы тиіс.

8. Инженерлік құрылыстарды ұстау тәртібі

      13. Иеліктерінде жер асты желілері бар иегерлер құдықтар қақпақтарының қажетті деңгейде барлық уақытта дұрыс жағдайда болуын бақылап отыруға міндетті.
      14. Қоймалардың, базарлардың, құрылыс алаңдарының және басқа объектілердің иелері:
      өту жолдарының, көліктердің бұрылуына арналған алаңдардың тазалығын және дұрыс ұсталуын, қатты жабындар болуын қамтамасыз етеді;

9. Осы Ережемен тыйым салынған іс-әрекеттер

      15. Мыналарда:
      1) көшелерде, тротуарларда, гүлзарларда, сондай-ақ үйлердің көше беттерінде құрылыс материалдарын жинауға;
      2) көшелердің өту және жаяу жүргіншілер жолдарын, жасыл желектер алаңдарын, сондай-ақ жалпы қолданыстағы басқа да орындарды қоқыстың қандайда болсын түрлерімен, тұрмыстық қалдықтармен ластауға;
      3) тұрғын үйлердің маңында және санитарлық аймақтарда көлік құралдарын жууға;
      4) өту жолдарында және тротуарларда құдықтардың люктерін ашық қалдыруға;
      5) көшелерде, шағын гүлбақтарда, саябақтарда, стадиондарда, мектеп алды учаскелерінде және басқа да жалпы қолданыстағы орындарда мал, құстарды жаюға, еркін жіберуге;
      6) тұрғын үй аумағында қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге, от жағуға;
      7) көше, павильондардың, сауда және жалпы тамақтану объектілерінің аумақтарын шашуға және ластауға;
      8) хабарландыруларды және афишаларды, ақпараттарды, үгіт плакаттарын (тиісті объект иесінің рұқсатынсыз) және тағы басқа белгіленбеген жерлерге жабыстыруға;
      9) трансформаторлық қосалқы стансалар ғимараттарының аумақтарына қоқыстар шашуға, сондай-ақ қоқыс салатын контейнерлердің гараждарды және басқа да орын-жайлардың өту жолдарын және кіре-берістерін бөгеп тастауына тыйым салынады.

10. Санитарлық қамтамасыз ету, аумақтарды абаттандыру және қала, кент, ауыл инфрақұрылымдары объектілерін ұстау жөніндегі уәкілетті органдардың қызметтері мен міндеттері

      16. Осы Ережені бақылауды ұйымдастыру тиісті органдар тұрақты негізде абаттандыру, қалалық инфрақұрылым объектілерін ұстау тәртібін бұзған тұлғаларды анықтауға және белгіленген тәртіпте олардың материалдарын тиісті орындарға ұсынуға міндетті.

11. Иттер мен мысықтардың иелерінің жауапкершілігі

      17. Иттер мен мысықтардың иелері төменде көрсетілген шарттарды ұстану сұралады:
      1) жануарларды оларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға, қоғамдық жерлерде қараусыз қалдырмауға, ауырып қалған жағдайда уақытында ветеринар көмегіне сүйенуге;
      2) осы Ережеге сәйкес жануарларды тиісті ұстауды қамтамасыз ету;
      3) тыныштықты ұстану, санитарлық ережелерді, айналадағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті шараларды қабылдау;
      4) жалпы пайдалану орындарын ластануын жою.
      18. Рұқсат етеді:
      1) жануарларды тұрғын үй аулаларында ұстауға;
      2) иттерді тек қана қысқа қарғы баумен әрі томағамен көшеге, аулаға басқа да қоғамдық орындарға шығаруға.
      19. Рұқсат етілмейді:
      1) қоғамдық орындарда, көпшілік адамдар демалатын жерлерге итпен шығуға;
      2) жануарларды жалпы пайдаланымдағы жерлерге: көп қабатты үйлердің кіреберістерге, төлелерде, шатырдың астыларында, баспалдақ алаңдарында, аулада ұстауға;
      3) кіреберістерді және баспалдақ алаңдарын, спорт алаңдарын, балалар алаңдарын, көгалдарды, тротуарларды, парктер мен саябақтардың аумағын ластауға тыйым салынады.
      4) ит пен мысықтарды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнына, сауда залдары мен өндіріс орнына, азық-түлік дүкендерінде ұстауға және әкелуге;
      20. Дүкендердің, емдеу мекемелерінің, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының жанына жануар иелерінің уақытша байлап қойғаннан басқа қоғамдық орындарда бос жүрген ит пен мысықтар қараусыз деп есептелінеді және де ондай жануар аулануға жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады