"2009 жылға арналған арнаулы салық режимінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің бір салық салу объектісінен алынатын және аудан көлеміндегі қолданылатын жер салығы үшін алынатын алым мөлшерін белгілеу туралы"

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 наурыздағы N 105 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасында 2009 жылы 06 мамырда 10-5-108 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы N 169 Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010.03.30 N 169 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің375377378379380381382383384385386387422баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының      2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылға арналған арнаулы салық режимінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің бір салық салу объектісінен алынатын және аудан көлеміндегі қолданылатын жер салығы үшін алынатын алым мөлшері N 1N 2 қосымшаларда көрсетілген мөлшерде белгіленсін.
      2. Қармақшы аудандық мәслихатының 30 қыркүйек 2008 жылғы "2008 жылға арналған арнаулы салық режимінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің бір салық салу объектісінен алынатын және аудан көлеміндегі қолданылатын жер салығы мен жарнамалар орналастырғаны үшін алынатын алым мөлшерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 23 қазанында 10-5-95 болып тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2008 жылғы 1 қарашадағы N 88 санды шығарылымында жарияланған) N 70 санды шешімінің күші жойылып, Қармақшы аудандық мәслихатының 24 желтоқсан 2008 жылғы "2009 жылға арналған арнаулы салық режимінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің бір салық салу объектісінен алынатын және аудан көлеміндегі қолданылатын жер салығы үшін алынатын алым мөлшерін белгілеу туралы" N 89 санды шешімінің және Қармақшы аудандық мәслихатының 11 ақпан 2009 жылғы "2009 жылға арналған арнаулы салық режимінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің бір салық салу объектісінен алынатын және аудан көлеміндегі қолданылатын жер салығы үшін алынатын алым мөлшерін белгілеу туралы" N 98 санды шешімдер жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      14-сессия төрағасы                          Ә. Сержанова

      Аудандық мәслихат хатшысы                  М. Ерманов

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
30 наурыздағы кезекті
14 сессиясының N 105 шешіміне
N 1 қосымша

Жер салығы бойынша

      
      1. Салық Кодексінің ауыл шаруашылылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады, сондай-ақ далалық және қуан далалық аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының базалық салық ставкалары бойынша белгіленеді.
      2.0 Салық Кодексінің үй іргесіндегі 5000 шаршы метрден асатын жер учаскесінің 1 шаршы метріне салынатын салық мөлшері 0,50 теңге болып белгіленсін.
      2.1 Салық Кодексінің елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда 20 пайызға көбейтілсін.
      2.2 Салық кодексінің елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жерлері тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, Салық Кодексінің 386-бабында белгіленген базалық ставкасы 10 есе көбейтіліп, 1 шаршы метріне төмендегідей мөлшерде салық алынсын:
      а/ кент аймағында орналасса – 9,60 теңге болып белгіленсін
      б/ ауылдық жерде орналасса - 4,80 теңге болып белгіленсін

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
30 наурыздағы кезекті
14 сессиясының N 105 шешіміне
N 2 қосымша

Қармақшы ауданы бойынша ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын
өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерді, ойын жолдарын, картты, бильярд үстелдерін пайдалана отырып, қызметтер
көрсетуді жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер айына салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшері

N р/с

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салық ставкаларының мөлшері /айлық есептік көрсеткіш –АЕК/

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

2

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады