"Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін белгілеу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы N 555 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 725 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 05 ақпанда N 10-6-117 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 шілдедегі N 248 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.07.26 N 248 қаулысымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін белгілеу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы N 555 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 22 тамызда N 10-6-98 болып тіркелген, 2008 жылғы 27 тамызда N 72 "Жалағаш Жаршысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен белгіленген Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффциенттер мөлшерінде:
      Ескертпеде:
      2-тармақтың алтыншы абзацтағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 110 бабына" деген сөздер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 120 бабына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                  Ө. Шаменов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады