"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 20-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 23-6 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 30 желтоқсанда N 10-6-134 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі N 11-6 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2012.09.26 N 11-6 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 20-3 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-6-127 санымен тіркелген, "Жалағаш жаршысы" газетінің 2009 жылғы 14 қазандағы N 81 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу Нұсқаулығының 4-тармағындағы "отбасының бір мүшесіне" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      XХІІІ-сессиясының төрағасы                Ұ. ЕСПАНҰЛЫ

      Аудандық мәслихат хатшысы                 К. СҮЛЕЙМЕНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады