Басқұдық ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне және көшелеріне аталар қою туралы

Жаңартылған

Мұнайлы ауданы әкімдігі Басқұдық селосы округі әкімі аппаратының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 291 шешімі. Мұнайлы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 қаңтарда № 11-7-66 тіркелді

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Басқұдық селолық округі әкімдігі 22.07.2014 № 317 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес және Басқұдық ауылдық округі тұрғындарымен 2009 жылы 09 желтоқсан күні өткізілген жиналыстың хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Басқұдық ауылдық округі «Маржан» елді мекенінің шығыс жақ бетінде орналасқан бұрынғы «Энтузиаст» өндірістік кооперативінің 10 гектар аумағындағы жер учаскелері «Самал» тұрғын - үй массиві, «Рахат» елді мекенінің шығыс жақ бетінде орналасқан бұрынғы «Согласие» өндірістік кооперативінің аумағындағы жер учаскелері «Алау» тұрғын - үй массиві деп аталсын.

      2. 1 қосымшаға сәйкес «Самал» тұрғын - үй массивінің көшелеріне атаулар қойылсын.

      3. 2 қосымшаға сәйкес «Алау» тұрғын - үй массивінің көшелеріне атаулар қойылсын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Әкім                                    Н. Кучербаев

Басқұдық ауылдық округі әкімінің
2009 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 291 шешіміне
1 қосымша

«Самал» тұрғын-үй массиві көшелерінің атаулары

1

Жұлдыз

2

Тұлпар

3

Отандастар

4

Шерқала

5

Ғарышкер

6

Құрмет

7

Жас дәурен

8

Гүлдер

9

Дана

10

Әсем

Басқұдық ауылдық округі әкімінің
2009 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 291 шешіміне
2 қосымша

«Алау» тұрғын-үй массиві көшелерінің атаулары

1

Барыс

2

Үшқоңыр

3

Самұрық

4

Балдырған

5

Ұлан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады