Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің және Қостанай облыстық мәслихатының 2009 жылғы 13 ақпандағы № 163/1бр бірлескен шешімі мен қаулысы. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2009 жылғы 11 наурызда № 3673 тіркелді

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 11-баптарына сәйкес, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың пікірін есепке ала отырып Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Барлық тұрғындардың көшіп кетулеріне және қоныс аударуларына байланысты мына елді мекендер таратылсын және аудандық атқарушы органдардың ұсынулары бойынша Қостанай облысының есептік деректерінен шығарылсын:
      Амангелді ауданы Степняк ауылдық округінің Нарөлген ауылы,
      Қарасу ауданы Железнодорожный ауылдық округінің Тімтуір ауылы,
      Ұзынкөл ауданы Ряжский ауылдық округінің Қаратерек ауылы.
      2. Ұзынкөл ауданының Ряжский ауылдық округі Ряжский ауылы,
      Амангелді ауданының Степняк ауылдық округі Степняк ауылы болып қайта құрылсын.
      3. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Кезекті, жетінші                  Қостанай облысының
      сессияның төрағасы,               әкімі 
      Қостанай облыстық                 ________С. Кулагин
      мәслихатының хатшысы
      ___________Ғ. Сағиев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады