2009 жылы кейіннен сатып алу құқығымен сенім білдірілген басқарушыға беруге жататын мемлекеттік коммуналдық меншік объектісін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 27 шілдедегі № 264 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 28 тамызда № 3689 тіркелді. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 08-08/3045 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 2010.11.10 № 08-08/3045 хатымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес, "Жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заңының 16-бабы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2009 жылы инвестициялық тендер өткізумен кейіннен сатып алу құқығымен сенім білдірілген басқарушыға беруге жататын Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 14, мекенжайы бойынша орналасқан жалпы аумағы 99 шаршы метр бұрынғы мемлекеттік тұқым инспекциясы ғимараты мынадай шарттар бойынша белгіленсін:
      кейіннен сатып алу құқығымен сенім білдірілген басқарушыға мерзімі – 1 жыл;
      тұқымдық материалдың сорттық және егістік сапасын анықтау, астықты және азық-түлікті қайта өңдеуді сараптау жөніндегі қызмет профилін сатқаннан кейін үш жыл бойы сақтау.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі                                С. Кулагин

      КЕЛІСІЛДІ:

       "Қостанай облысы әкімдігінің
      қаржы басқармасы" ММ бастығы
      ____________ С. Аймұхамбетова
      2009.07.27 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады