2009 жылғы 29 наурызға жарияланған шығып кеткеннің орнына № 15 сайлау округі бойынша Рудный қалалық мәслихаты депутатын сайлау бойынша сайлау науқаны кезеңінде Рудный қаласының аумағында үгіттеу баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 24 ақпандағы № 338 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 наурызда № 9-2-126 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қостанай облыстық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 21 қаңтардағы № ОР "Шығып кеткендердің орнына мәслихаттар депутаттарының сайлауын 2009 жылғы 29 наурызға тағайындау туралы" қаулысына сәйкес, 2009 жылғы 29 наурызға жарияланған шығып кеткеннің орнына № 15 сайлау округі бойынша Рудный қалалық мәслихаты депутатын сайлау бойынша сайлау науқаны кезеңінде үгіттеу баспа материалдарын орналастыруды тәртіпке келтіру мақсатында Рудный қаласының әкімдігі және Рудный қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2009 жылғы 29 наурызға жарияланған шығып кеткеннің орнына № 15 сайлау округі бойынша Рудный қалалық мәслихаты депутатын сайлау бойынша сайлау науқаны кезеңінде Рудный қаласының аумағында үгіттеу баспа материалдарын орналастыру үшін мынадай орындар белгіленсін:
      50 лет Октября көшесі бойындағы тумба және стенд;
      "Универсам" дүкені ауданы;
      "Бақ-Бақ" азық-түлік базары жанындағы автобус аялдамасы.

      2. Қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі                     Н. Денинг

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады