2009 жылғы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 46 қаулысы. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 наурызда № 9-6-90 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2009 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Мекемелердің басшылары қосымшада көрсетілген жұмыс түрі мен көлемдеріне сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісім шартқа отыру көзделсін.

      3. "Аманкелді ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жұмыссыздардың атқарған ақылы қоғамдық жұмыстарының түрлері мен көлемдеріне және жергілікті бюджеттен төленетін еңбек ақыларын бақылап отыру тапсырылсын.

      4. Мекемелермен келісім шартқа отыру және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырылсын.

      5. "Аман-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (келісім бойынша) ақылы қоғамдық жұмыстарға сәйкес істелінетін жұмыс түрлері мен көлемдеріне еңбек ақы есептейтін болсын.

      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аманкелді
      ауданының әкімі                            С.Ахметов

      
Аманкелді ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 19 наурыздағы   
№ 46 қаулысымен бекітілген 
қосымша                    

2009 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық
жұмыстардың түрлері мен көлемдері

      РҚАО ескерту. Кестені қағаз кестесінен қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады