2009 жылғы жұмыссыздарға арналған ақылы қоғамдық жұмыстардың ұйымдарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 11 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 ақпанда № 9-8-117 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 316 қаулысымен

      Ескерту, Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009.12.28 № 316 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5) тармақшасына, 20 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2008 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен ұйымдардың тізбесі (қосымшасында) бекітілсін.

      2. Қоғамдық жұмыстарға тартылатын жұмыссыздардың жалақысы аудандық бюджет қаражат есебінен минималдық бір жарым еңбекақы көлемінде белгіленсін.

      3. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындары болып "Денисов ауданы әкімдігінің және Денисов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Дидар" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; "Ясли-сад № 40" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; "Денисов ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі Денисов ауданы әкімдігінің "Детский-сад № 1" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; "Денисов ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен Денисов ауданы әкімдігінің Солнечный" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны белгіленсін.

      4. Кәсіпорындар басшылары:
      1) жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп қоғамдық жұмыстарды орындау туралы келісім-шартқа тұру үшін жұмыстың нақты түрлерін анықтасын;
      2) техника қауіпсіздігі жөніндегі мамандар техника қауіпсіздігінен алғашқы нұсқамадлық өткізілсін.

      5. "Денисов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыстар мен қызмет көрсетулерге төлеу жүргізгенде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін ескерсін.

      6. "Денисов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссызыдарға еңбекақысын төлеуге уақытылы қаржы бөлуді қамтамасыз етсін.

      7. Қоғамдық жұмыстары жүргізілетін аумақтардағы селолық округтері мен село әкімдері қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жағынан көмек көрсетсін.

      8. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстар жүргізгенде осы қаулыны басшылыққа алсын.

      9. Осы қаулының орындалуына бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т.Мұратбековқа жүктелсін.

      10. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Денисов
      ауданының әкімі                            А. Кушнир

Денисов ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 19 қаңтардағы 
№ 11                     

Денисов ауданы бойынша 2009 жылға арналған
ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен
ұйымдардың ТІЗБЕСІ

РҚАО ескерту: Кестені қағаз мәтінінен қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады