2009 жылдың ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2009 жылғы 28 шілдедегі № 148 шешімі. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 тамызда № 9-8-134 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010 жылғы 18 қаңтардағы № 185 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010.01.18 № 185 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдесіндегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылды аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, 2009 жылдың 18 ақпанындағы № 183 Қазақстан Республикасының Өкіметінің "Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережелерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, 2009 жылдың 15 шілдесіндегі № 894 Денисов аудан әкімінің міндетін атқарушысының хатын қарастырып мәслихат ШЕШТІ:
       1. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарын әлеуметтік қолдау, жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең соммада көтерме жәрдемақы беру түрінде және 2009 жылға мамандардың қажеттілігінің есебімен тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау ретінде шараларын ұсыну.
      2. Осы шешімді орындауының бақылауын әлеуметтік қорғау, әлеуметтік сфераның дамуы, заңдылық пен құқықтық мәселелері жөніндегі аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Берілген шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күн тізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрайымы               З. Досмұхамедова

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                      Б. Тойбағоров

      КЕЛІСІЛДІ

      "Денисов ауданының экономика және
      бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________________ Е.Подело

      "Денисов ауданының ауыл
      шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________________ А. Зимовец

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады