Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізудің тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 103 шешімі. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 22 мамырда № 9-9-104 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 208 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 26.02.2015 № 208 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, транспорт пен жаяу адамдардың қозғалыстарына, инфрақұрылым объектілерінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне, жасыл желектерге және кіші архитектуралық формаларға зиян келтірмеуді болдырмау мақсатында Жангелдин аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы ШЕШТІ:
      1. Жангелдин ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында ауданда жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары болып Торғай селосындағы орталық Шақшақ Жәнібек алаңы және село мен ауылдық округтердегі орталық алаңдар анықталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин аудандық мәслихаты
      кезектен тыс сессиясының
      төрағасы, мәслихат хатшысы                 Т. Даркенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Жангелдин ауданының әкімі
      ______________ Б. Ахметов
      08.04.2009

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады