"2009 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 127 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 24 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 ақпанда № 9-10-110 тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 1-3) тармақшасына сәйкес және "2009 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 127 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркеу нөмірі 3606, 2008 жылғы 30 сәуірдегі № 52-53 "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 Қостанай облысы әкімдігінің қаулысын іске асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімдігінің 2009.05.20 № 368 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      1. Әлеуметтік көмек түріндегі аудандық бюджеттен әлеуметтік төлемдер:
      1) жылына төленетін оқудың нақты құны мөлшерінде Қазақстан Республикасының жоғары және орта кәсіби оқу орындарына ақы төлеу үшін орта жалпы білім беретін оқу орынын бітірушілерге белгіленсін.
      Әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының жоғары және орта кәсіби оқу орындарына ақы төлеу үшін орта жалпы білім беретін оқу орынын бітірушілерге:
      тиісті жылға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларынан шаққандарға;
      көп балалы отбасыларынан оралмандар, толық емес отбасыларынан шаққандарға;
      ата-анасынан қамқорысыз қалған, соның ішінде жетім балаларға тағайындалсын.
      2) кәмелетке толмай қайтыс болған балаларды жерлеуге 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Әлеуметтік көмек кәмелетке толмай қайтыс болған балаларға егер, ата-аналарының бірі (ұл етіп асырап алушы, қыз етіп асырап алушы, қорғаншы, қамқоршы) бала қайтыс болған күні Уәкілетті органда жұмыссыз есебінде тіркелген болса, мүгедек немесе зейнеткер болса тағайындалсын.
      Ата-ана құқығынан айырылған, кәмелетке толмай қайтыс болған балалары бар ата-аналарға әлеуметтік көмек тағайындалмайды және төленбейді;
      3) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Жұмыссыз қайтыс болар сәтте жұмыссыз есебінде Уәкілетті органда тіркелген болса, қайтыс болған жұмыссызды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалады және де ол көмек қайтыс болғанның отбасы мүшесіне немесе оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға;
      4) "Жітіқара ауданының құрметті азаматы" атағы бар тұлғаларға ай сайынғы айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде;
      5) аудан бюджеті есебінен ұсталатын ұйымдардан зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге, сондай-ақ, материалдық көмекке мұқтаж мүгедектерге, ең төменгі зейнетақы мөлшері бар зейнеткерлерге, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде Қазақстан Республикасының мүгедектер Күні мен қарттар Күніне;
      6) еңбек өтілі арнаулы комиссия шешімімен немесе құжаттармен расталған, 1941-1945 жылдар аралығындағы алты айдан кем емес жұмыс істеген тұлғаларға, Жеңіс Күніне 3000 теңге мөлшерінде;
      7) Ауғанстан Республикасынан кеңес әскерінің шығарылуының 20 жылдығына – Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік Комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы Кеңес Социалистік Республикасының Одағы ішкі істер Министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының тұлғаларына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде), жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әсери міндеттілерге; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне; бұрынғы Кеңес Социалистік Республикасы Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілеріне; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жарлаған, контузия алған немесе зақымданған, яқи ұрыс қимылдарын қамтамсыз етуге қатысқан үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикасы Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілеріне 5000 теңге әлеуметтік көмек;
      8) отбасындағы жан басына шаққандағы табыстары азық-түлік себеті құнынан төмен азаматтарға - біржолғы 8000 теңге мөлшерінде тұрмыстық қажеттіліктеріне;
      9) отбасындағы жан басына шаққандағы табыстары азық-түлік себеті құнынан төмен азаматтарға - біржолғы 10000 теңге мөлшерінде қатты отын алуына;
      10) туберкулезден емделу фазасында қолдау көрсетуге туберкулезбен ауыратындардың қосымша тамақтануына ай сайынғы бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Өтініш берушінің "Жітіқара аудандық туберкулезге қарсы аурухана" мемлекеттік мекемесінен анықтамасы бар болғанда әлеуметтік көмек тағайындалады;
      11) тұрмысы төмен ретінде Уәкілетті органының есебінде тұратын азаматтарға бюджетпен осы мақсаттарға қарастырылған, сомалар шегінде;
      12) алынып тасталды.
      Ескерту. 1 тармақ 1), 11) тармақшалармен өзгерту енгізілді; 1 тармақ 12) тармақша алынып тасталды - Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімдігінің 2009.05.20 № 368 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.     
      1-1. 4), 5), 6), 7), 11), 12) тармақшаларымен қарастырылған, әлеуметтік көмектен басқа, әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар тізбесі: өтініш, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, салық төлеуші куәлігінің көшірмесі, "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту секторынан анықтама (жұмыссыздар үшін), Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы "Жітіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынынан анықтама (аурулар үшін дәрі-дәрмек сатып алуына, емделуіне, келісім бойынша), өткен тоқсандағы табыстары туралы анықтама (жұмыс істеушілер үшін). Өз бетінше жұмыс істейтін тұлғалардың табыстары жазбаша өтінішпен расталады.
      1-2. 8), 9) тармақшаларымен қарастырылған, әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлғаларға әлеуметтік көмек, олардың таңдауымен бір негіз бойынша төленуі белгіленсін.
      Ескерту. Қаулы 1-1, 1-2 тармақтармен толықтыру енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімдігінің 2009.05.20 № 368 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      4), 5), 6), 7), 11), 12) тармақшаларымен қарастырылған әлеуметтік көмектерден басқа, әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) өтініш;
      2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      3) жеке бас куәлігінің көшірмесі;
      4) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      5) "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту секторынан анықтама (жұмыссыздар үшін);
      6) Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы "Жітіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынан анықтама (аурулар үшін дәрі-дәрмек сатып алуына, емделуіне, келісім бойынша);
      7) өткен тоқсандағы табыстары туралы анықтама (жұмыс істеушілер үшін).
      Өз бетінше жұмыс істейтіндердің табыстары жазбаша өтінішпен расталады.
      2. Жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі Уәкілетті орган "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай Уәкілетті орган) болып белгіленсін.
      3. Осы қаулының 1 тармағы 1), 5), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік көмекті тағайындауын тағайындау немесе бас тарту жөнінде ұсыныстар Уәкілетті орган жанындағы құрылған, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі консультациялық-кеңесші комиссиясымен берілсін.
      4. Әлеуметтік көмек төлемі әлеуметтік көмек алушының жеке шотына қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырылады.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Р. Тұмановаға жүктелсін.
      6. Осы әкімдік қаулысы 2009 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара
      ауданының әкімі                            Қ. Испергенов

      КЕЛІСІЛГЕН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады