Науырзым ауданының селолық округтері аймақтарында иттер мен мысықтарды ұстау қағидасы туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы № 169 шешімі. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 наурызда № 9-16-89 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2010 жылғы 22 қазандағы № 319 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2010.10.22 № 319 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 8-тармақшасына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 311, 543 бабтарына, "Халықтық санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңына сәйкес, иттер мен мысықтарды ұстау қағидасының шарттарын реттеу мақсатында және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуда, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Науырзым ауданының селолық округтері аймақтарында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы бекітілсін (қосымша).
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың Азаматтардың Конституциялық кепілді құқығы мен мүдделерін қамтамасыз ету және жергілікті жерде Конституцияны, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің Қаулыларын атқару және қоғамдық бірлестіктермен байланыс, жариялылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы М.Б. Күзембаевқа жүктелсін.
      3. Науырзым аудандық мәслихатының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 195 "Науырзым ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау қағидасы туралы" және 2006 жылғы 14 маусымдағы № 262 "Науырзым ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау қағидасы туралы" 2005 жылғы 17 қарашадағы № 195 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Кезекті жетінші
      сессияның төрағасы                         М. Күзембаев

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Б. Аманбаев

Аудандық мәслихаттың        
2009 жылғы 12 ақпандағы     
кезекті жетінші сессиясының 
№ 169 шешімімен БЕКІТІЛГЕН  

Науырзым ауданының селолық округтерінің
аумағында иттер мен мысықтарды ұстау ҚАҒИДАСЫ

1. Жалпы ереже

      1. Осы Қағида Науырзым ауданының селолық округтерінің аумағында иттер мен мысықтарды ұстау тәртібін реттейді. Ереже меншік түріне қарамастан ит пен мысықты асыраушы жеке және заңды тұлғаларға ортақ.
      2. Қағидада келесі түсініктер пайдаланылады:
      1) ит – үй жануары, мөлшеріне, түрі – түсіне және басқа да белгілеріне қарамастан қасқыр тұқымдасқа жатады;
      2) мысық – үй жануары, мөлшеріне, түрі – түсіне, басқа да белгілеріне қарамастан мысық тұқымдасқа жатады;
      3) жануардың иесі - ит пен мысығы бар тұлға;
      4) иесіз жануарлар – тіркелмеген, иесін табу мүмкін емес, жануар иесінен қашып кеткен, бақылаусыз жануарлар.

2. Иттер мен мысықтарды тіркеу тәртібі

      3. Тұрғындар мен ұйымдардың иттер мен мысықтарының қандай да болмасын тұқымдарына қарамастан олардын селолық әкімдіктерде, тұратын орындары бойынша тіркеуге алу ұсынылсын.
      Тіркелерде иттер мен мысықтардың иелеріне мал дәрігерлік паспорт пен иелерінің есебінен арнаулы үлгідегі нөмірлік жетон белгісі беріледі. Тіркеу жүргізерде жануарлардың иелері осы Ережемен танысуы керек. Олардың танысқандығы тіркеу кітабына қол қоюмен куәландырылады.
      4. Барлық иттер мен мысықтар екі айлығынан бастап алғашқы тіркеуге жатады.
      5. Иттер мен мысықтарды тіркеркеу кезінде олардың иелері туралы келесі мәліметтерді ұсыну ескерілсін: жеке куәлігі, мекен-жайы, телефоны, жануарлар туралы ит немесе мысықтың тұқымы, атауы, жынысы, туған жылы, түсі, айырықша белгілері.
      6. Тіркеу органы жануарды есептен шығару үшін (оның жоғалғандығы, өлгендігі, басқа тұлғаға берілгендігі туралы) ақпарат береді.

3. Иттер мен мысықтарды ұстау

      7. Иттер мен мысықтарды ұстауға санитарлық, гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды орындағанда ғана рұқсат етіледі.
      8. Иттер қоршалған аумақтарда ұсталады, олардың өткен – кеткен адамдар мен басқа малдарға шабуыл жасамауы үшін және қашып кетпеуі үшін қоршауда болуы керек.
      Жекеменің аумағындағы иттердің бар екендігі туралы кіре берісте "Ит күзетеді", "Охраняется собакой" деген жазу, иттің суреті бар ескерту қойылуы шарт.
      9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі "Мал дәрігерлік саласындағы нормативтік – құқықтық актілерді бекіту туралы" № 407 Қаулысымен бекітілген сол аумақтағы мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторының, немесе соттың шешімі бойынша ит пен мысық ауру болғанда өлтіріледі немесе иесінен алынуы мүмкін.
      10. Иттерді серуенге шығарарда оның иесі мына талаптарды сақтауы керек: (ұсақ декоративтік иттерден басқа) иттердің тұмсығына тұмылдырық кигізіп, қысқа баумен ұстап қыдыртуы керек, иттер қоршаған ортаға ешқандай кедергі келтірмеуге тиісті.

4. Иттер мен мысықтардың иелерінің құқықтары

      11. Иттер мен мысықтар олардың иелерінің меншігі болып табылады, олар іс жүзіндегі заңдылықтарға сәйкес қорғалады.

5. Иттер мен мысықтардың иелеріне қойылатын талаптар

      12. Иттер мен мысықтардың иелері келесі талаптарды орындаулары қажет:
      1) ит пен мысықтың қоршаған ортаға қауіп туғызбауын және мазаны алмауын қамтамасыз ету;
      2) зоотехникалық, зоогигиеналық және мал дәрігерлік – санитарлық талаптарға сәйкес және иттер мен мысықтардың түрлері мен тұқымдары бойынша қоғамдық қауіпсіздіктің талаптарын сақтай отырып устау;
      3) мал дәрігерлік мекеме маманының талабы бойынша иттер мен мысықтарды қарау, диагностикалық тексеру, емдік – профилактикалық егу үшін оларға рұқсат беру;
      4) жылда екі айлықтан бастап иттер мен мысықтарды мал дәрігерлік клиникаларға оларды қарау үшін, профилактикалық құтыруға қарсы, басқа да инфекциалық ауруларға қарсы егу үшін қарату керек және оны мал дәрігерлік паспортқа белгі соғып отыру;
      5) иттер мен мысықтарды тері паразиттері мен гельминттерге қарсы профилактиканы әр тоқсан сайын бір рет жүргізу;
      6) адам мен малды иттер мен мысықтың тістеген жағдайлары туралы тез арада медициналық және мал дәрігерлік мекемелерге хабарлап, ол жануарларды тексеруге, карантиндік шаралар жүргізуге жеткізу;
      7) құтыру ауруын сезіктенгені немесе үй жануарларының өлімі туралы мал дәрігерлік мекемелерге тез хабарлап, оларды мал дәрігерлік қызметінің мамандары келгенше оқшау ұстау;
      8) ит пен мысықтың белгісіз себептерден өлімі болған жағдайда оның себебін анықтау үшін мал дәрігерлік мекеме немесе лицензиясы бар мал дәрігеріне көрсету;
      9) малдың өлімі болған жағдайда өлексе тек қана арнаулы орынға (биотермикалық шұңқырға) жерленеді.

6. Қағиданың сақталуына бақылау жасау

      13. Селолық округтердің аумағында Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, осыған өкілетті мемлекеттік органдары жүзеге асырады және заңды тұлғалардың иттер мен мысықтарды ұстауға бақылау жасауды осы Қағидаға сәйкес жүргізеді.

7. Иттер мен мысықтардың иелерін жауапкершіліке тарту

      14. Иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасын оның иелері бұзған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады