"2009 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 24 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 119 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 6 мамырда № 9-18-88 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-02/1717 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011.12.08 № 11-02/1717 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға қолдау көрсету мақсатында Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы" 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 24 Таран ауданы әкімдігінің қаулысына келесі қосымшалар енгізілсін: (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестріндегі тіркеу нөмірі 9-18-78, 2009 жылғы 19 ақпандағы "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған).
      1 тармағы келесі мазмұндағы 16), 17), 18) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "16) жұмыс берушінің таралуына, жұмысшылар штаты немесе сан мөлшерінің қысқартуына байланысты босатылған тұлғалар;
      17) толық емес жұмыс уақыты тәртібімен жұмыс істейтін тұлғалар;
      18) оқу орындарының түлектері".
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады