"2009 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 118 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 6 мамырда № 9-18-89 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-02/1717 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011.12.08 № 11-02/1717 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-тармақшасына, 20-бабы 5-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландырудың Ережесінің  67, 8-тармақтарына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2009 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Таран ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердегі мемлекеттік тіркеу Реестіріндегі нөмірі 9-18-81, 2009 жылғы 26 ақпандағы "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      кіріспедегі "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулысымен бекітілген 2009 жылы оқитын жастар мен жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың, сонымен қатар жұмыстар ақысы көлемінің, мөлшерлерінің, түрлерінің тізімі:
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес мазмұнда 19 және 20 реттік нөмірлері жолдарымен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Таран
      ауданының әкімі                           А. Ахметжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Таран ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Л. Өтешева

      "Таран ауданының қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      В. Пигор

Аудан әкімдігінің         
2009 жылғы 27 сәуірдегі   
№ 118 қаулысына қосымша   

Аудан әкімдігінің         
2009 жылғы 23 қантардағы  
№ 27 қаулысымен бекітілді 

2009 жылы оқитын жастар мен жұмыссыздар үшін
ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын
кәсіпорындар мен ұйымдардың, сонымен қатар,
жұмыстар ақысы көлемінің, мөлшерлерінің,
түрлерінің тізімі

19

Таран селосы

"Қазақавтожолы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Қостанай облыстық филиалы

Республикалық мағынадағы авто- көліктік жолдарын қамту және ағымдағы жөндеу Қостанай-Қарабұтақ 50-126 км., 0-7 км., Рудный қаласының батыс жағы

515

1,5 төмен мөлшердегі еңбекақы

20

Таран селосы

"Қостанай жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Автокөліктік жолдарын қамту және жөндеу

1008

1,5 төмен мөлшердегі еңбекақы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады