2009 жылға арналған Ұзынкөл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 57 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 1 сәуірде № 9-19-96 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңын 7 бабының 5) тармақшасына, 20 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Ұкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру ұйымдастырылсын.
      2. 2009 жылға арналған Ұзынкөл ауданындағы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың және қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің қоса берілген Тізбесі бекітілсін.
      3. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi бастығына:
      1) жұмыс берушiлермен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған қызметтердi көрсету жөнiндегi шарт жасалсын;
      2) халықтың мақсатты топқа кіретін тұлғаларды, жұмыссыздарды және қолданыстағы заңнамамен белгіленген тұлғаларды жіберу, оларды өткізуге арналған 2009 жылғы аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде жүзеге асырсын;
      3) жергiлiктi бюджет қаражаттарынан қоғамдық жұмысқа қатысушылардың ең төменгi өтем ақы төлемдерi көлемiнде 150 % еңбек ақысын, сонымен қатар 2009 жылға белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын, табыс салығын төлеу үшiн, жұмыс берушiлердiң есеп шоттарына қаржылық қаражаттарды аударсын;
      4) жұмыс берушiлердiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген мөлшерiнде әлеуметтiк сақтандырудың мемлекеттiк қорына әлеуметтiк аударуларды төлеуге арналған шығындарын, талап етуге дейiнгi немесе банкiнiң ақшалай төлем карточка есеп шоттарына еңбекақыны аудару мен төлеу және шотқа басқа ақшалай төлемдер бойынша екiншi деңгейдегi банктердiң қызметi үшiн комиссиондық сыйақыны төлеуге арналған шығындарын лайықты бюджеттен шарт бойынша белгiленген мөлшерде өтесiн.
      Ескерту. 3-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2009.11.02 № 229 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      4. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлiмi" (Сарсенова Ә. А.) мемлекеттiк мекемесiне қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын төлеуге арналған аудандық бюджеттiң қаражаттарын дұрыс шығындауға бақылау жасауды кезектi тексерiстер арқылы жүзеге асырсын.
      5. Қосымшаға сәйкес Тiзбеде анықталған ұйымдар басшыларына мыналар ұсынылсын:
      1) жұмыссыздарға және қолданыстағы заңнамамен белгіленген тұлғаларға арналған уақытша жұмыс орындары берілсін;
      2) қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысы нақтылы iстелген жұмыс үшiн жеке еңбек шартының негiзiнде салымдар бойынша талап етуге дейiнгi есеп шоттарына немесе екiншi деңгейлi банктердiң ақшалай төлем карточкаларының шоттарына еңбек ақыны және де басқа ақшалай төлемдердi аудару арқылы төленсiн;
      3) жұмысқа алу туралы бұйрықтан көшiрмесiн, жұмыс уақытын есепке алу тiзiмдiгiн, еңбек ақыны есептеу тiзiмдемесiн, орындалған жұмыстардың кесiмiн "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне ай сайын ұсынсын.
      Ескерту. 5-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2009.11.02 № 229 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары М. В. Слесарьға жүктелсiн.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл
      ауданының әкімі                            А. Сейфуллин 
 

Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 
2009 жылғы 16 наурыздағы  
№ 57 қаулысына қосымша   

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс
орындарын ұсынатын ұйымдардың және қоғамдық жұмыстардың
түрлері мен көлемінің тізбесі
 

№ п/п

Ұйым атауы

Жұмыс
түрлері

адам
үн

енбек
ақы төлеу

1

"Ұзынкөл
орталық
аудандық
аурухана"
мемлекеттік
коммуналдық
қазыналық
кәсіпорыны

"Ұзынкөл орталық
аудандық
аурухана"
мемлекеттiк
коммуналдық
қазыналық
кәсiпорнының
күнделік аумағын
жинауға
көмектесу,эколо-
гиялық сауықтыру
және
көгалдандыру,
қайта құруға және
күрделі жөндеуден
өткізуге қатысу;
Бауман, Ершов,
Киев, Киров,
Куйбышев,
Новопокров,
Петропавл,
Пресногорьков,
Россия, Ряжск,
Суворов, Федоров,
Чапай, Ұзынкөл
селолық
округтерінің,
Троебрат, Ұзынкөл
селоларының
күнделік аумағын
жинауға
көмектесу,эколо-
гиялық сауықтыру
және
көгалдандыру,
әлеуметтік-мәдени
бағыттағы
объектілердің
қайта құруға және
күрделі жөндеуден
өткізуге қатысу,
әлеуметтік-
мәдени бағыттағы
объектілерді от
жағу маусымына
дайындауға
қатысу, селолық
округтер
аумағында иесіз
қалған үйлерді
бұзуға қатысу.

3930
адам-
күні

1,5 ең аз
еңбек ақының
мөлшері

2

"Қайранкөл"
мемлекеттік
коммуналдық
кәсіпорыны

Аудандық
орталығында
күнделік аумағын
жинауға
көмектесу,эколо-
гиялық сауықтыру
және
көгалдандыру,
тұғын үйлердің
және
әлеуметтік-мәдени
бағыттағы
объектілердің
қайта құруға және
күрделі жөндеуден
өткізуге қатысу,
әлеуметтік-
мәдени бағыттағы
объектілерді от
жағу маусымына
дайындауға
қатысу, "Ұзынкөл
ауданының
қорғаныс істер
бөлімі"
мемлекеттік
мекемеде әскері
қызметін атқару
үшін әртүрлі
құжаттарды
сұрынтау, шақыру
қағазын рәсімдеу
мен жеткізу
бойынша
техникалық
жұмыстарды
жүргізу үшін
күнделікті көмек
көрсету,
"Қазақстан
Республикасы
әділет
министрлігі
Қостанай
облысының әділет
департаменті
Ұзынкөл ауданының
әділет
басқармасы"
мемлекеттік
мекемеде
техникалық
жұмыстарды
жүргізу әртүрлі
құжаттарды
сұрыптау үшін
күнделікті көмек
көрсету және
халықпен жұмыс
істеу; "Ұзынкөл
аудандық
мемлекеттік
мұрағаты"
"Қостанай
облысының
мемлекеттік
мұрағаты"
мемлекеттік
мекемесінің
филиалда
техникалық
жұмыстарды
жүргізу әртүрлі
құжаттарды сақтау
және сұрынтау
үшін күнделікті
көмек көрсету;
"Қостанай облысы
бойынша Салық
Департаментінің
Ұзынкөл ауданы
бойынша Салық
басқармасы"
мемлекеттік
мекемеде
техникалық
жұмыстарды
жүргізу әртүрлі
құжаттарды
сұрыптау үшін
күнделікті көмек
көрсету; Ұзынкөл
мұсылмандарының
Балықты мешетінің
күнделік аумағын
жинауға
көмектесу,
экологиялық
сауықтыру және
көгалдандыру,
Петр және Павл
апостолдардың
қасиетті
шіркеуінің
күнделік аумағын
жинауға
көмектесу,
экологиялық
сауықтыру және
көгалдандыру.

2620
адам-
 

1,5 ең аз
еңбек ақының
мөлшері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады