Екібастұз қаласының Ленин көшесін Мәшһүр Жүсіп көшесіне қайта атау туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 825/12 қаулысы және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 235/19 шешімі. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 қаңтарда N 12-3-249 тіркелген

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабының 4-тармақшасына сәйкес, тұрғындардың және Екібастұз қаласы әкімдігі қоғамдастығының пікірін ескере келе, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Екібастұз қаласының Ленин көшесі Мәшһүр Жүсіп көшесіне қайта аталсын.
      2. Нақты шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

      Сессия төрағасы                            Э. Абдинов

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Ғ. Балтабекова

О переименовании улицы Ленина города Экибастуза в улицу Мәшһүр Жүсіп

Постановление акимата города Экибастуза Павлодарской области от 22 декабря 2009 года N 825/12 и решение маслихата города Экибастуза Павлодарской области от 25 декабря 2009 года N 235/19. Зарегистрировано Управлением юстиции города Экибастуза Павлодарской области 10 января 2010 года N 12-3-249

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4 статьи 13 Закона Республики Казахстан "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", с учетом мнения жителей и общественности акимат города Экибастуза ПОСТАНОВИЛ, а городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Переименовать улицу Ленина города Экибастуза в улицу Мәшһүр Жүсіп.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении 10 календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Экибастуза                     Н. Набиев

      Председатель сессии                        Э. Абдинов

      Секретарь городского маслихата             Г. Балтабекова