2010 жылы жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 225 қаулысы. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 қаңтарда N 12-4-76 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы N 309 қаулысы)

    Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2010.12.31 N 309 қаулысы). 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 19-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, жұмыссыздардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабiлеттiлігін арттыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi 2010 жылға арналған аудандық бюджетте қарастырылған қаржы есебінен жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бойынша жұмысын ұйымдастырсын.
      2. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру" 002 бағдарламасы бойынша аудандық бюджетте бекiтiлген қаржы көлемiнде уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған алғашқы күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. Ысқақоваға мiндеттелсiн.

      Аудан әкiмі                                М. Көбенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады