6-сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына ІV cайланған Алматы қаласы мәслихатының депутатын cайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесетін үй-жайларды және үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 5/571 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2009 жылғы 22 қыркүйекте № 823 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 2/572 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2012.06.27 № 2/572 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңын және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 29 шілдедегі «Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» шешімін басшылыққа алып, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісім бойынша), 6-сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына ІV cайланған Алматы қаласы мәслихатының депутатын cайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесетін үй-жайлардың және үміткерлердің (бұдан әрі мәтін бойынша - үміткерлер) үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Алматы қаласындағы Алмалы ауданының әкімі М.Пірінбеков үміткерлерді тіркеудің мерзімі біткен сәтке дейін белгіленген тәртіпке сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды стенділермен, қалқандармен және тумбалармен жабдықтасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Сейдумановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Алматы қаласының әкімі                    А. Есімов 

Алматы қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 5/571 қаулысына қосымша

Сайлаушылармен кездесу өткізуге арналған үй-жайлар
тізімі 

Округтің №

Өтетін орны

№ 6

Ұйымның атауы

Мекен-жайы

М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы

Алматы қаласы,
Шевченко көшесі, 97

№ 8 мектеп-лицей

Алматы қаласы,
Ә.Шәріпов көшесі, 105-а

И.Есенберлин атындағы
№ 25 мектеп-гимназия

Алматы қаласы,
Қабанбай батыр көшесі, 128

№ 120 лингвистикалық гимназия

Алматы қаласы,
Құрманғазы көшесі, 76

№ 6 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына
IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына
үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын
орналастыруға арналған орындар тізімі

Реттік №

Учаскелік
сайлау
комиссиясының №

Сайлау учаскесінің мекен-жайы және үгіт қалқандарының орналасқан орындары

Алмалы ауданы, № 6 округі

1

№ 42

Алматы гуманитарлық-техникалық университеті,
Төле би көшесі, 109

2

№ 53

Б.Атыханұлы атындағы № 36 лингвистикалық гимназия,
Масаншы көшесі, 70

3

№ 54

№ 8 мектеп-лицей,
Ә.Шәріпов көшесі, 105-а

4

№ 55

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,
Әйтеке би көшесі, 99

5

№ 56

№ 95 орта мектеп,
Ә.Шәріпов көшесі, 53

6

№ 57

№ 54 Қазақстан-Ресей гимназиясы,
Жібек жолы даңғылы, 73

7

№ 58

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы,
Абылай хан көшесі, 90

8

№ 59

И.Есенберлин атындағы № 25 мектеп-гимназия,
Қабанбай батыр көшесі, 128

9

№ 60

И.Есенберлин атындағы № 25 мектеп-гимназия,
Қабанбай батыр көшесі, 128

10

№ 61

№ 120 лингвистикалық гимназия,
Құрманғазы көшесі, 76

11

№ 62

Б.Атыханұлы атындағы № 36 лингвистикалық гимназия,
Масаншы көшесі, 70

12

№ 63

«Қалалық кардиология орталығы»
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны,
Төле би көшесі, 93

13

№ 66

«№ 1 Перзентхана» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны,
Сейфуллин даңғылы, 492

14

№ 67

Қазақ көз ауруларының ғылыми-зерттеу институты,
Төле би көшесі, 95-а

15

№ 68

Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасы,
Панфилов көшесі, 169

16

№ 69

Қазақ кардиология және ішкі ағза ауруларының ғылыми-зерттеу институты,
Әйтеке би көшесі, 120

17

№ 448

Қалалық ревматология орталығы,
Әйтеке би көшесі, 116

18

№ 450

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторы,
Қарасай батыр көшесі, 70

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады