2010 жылға арналған жер беті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлері туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 20/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 19 қаңтарда N 1736 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 30/17 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010.12.13 N 30/17 Шешімімен

      «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІҮ Қазақстан Республикасы Кодексінің 487-бабына, 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 38-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТI:
      1. 2010 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жер беті көздерінен Есіл өзені бассейінінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлерi қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың                       Облыстық
      ХХ сессиясының төрағасы                    мәлихаттың хатшысы
      Т. Ткаченко                                Қ.Едіресов

Облыстық мәслихаттың
2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 20/6
шешіміне қосымша

2010 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Есіл өзені бассейнінің жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдалану үшін төлем ставкалары


Арнаулы су пайдаланудың түрі

Тұрғын үй-
пайдалану
және комму
налдық қызметтер
(теңге/1000
тек.м)

Өнеркәсіп
жылу
энергетика
сын қоса
есептеген
де (теңге/
1000 тек.м)

Ауыл
шаруашылығы
(теңге/ 1000
тек.м)

2010 жылға
арналған жер үсті
көздерінің су
ресурстарын
пайдалану үшін
ставкалар

73,13

202,6

57,54

кестенің жалғасы

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Су көздерінен су
алуды жүзеге
асыратын тоған
шаруашылықтары
(теңге/ 1000
тек.м)

Су көздері
нен балық
аулайтын
балық
шаруашылығы,
тұтынушылар
(теңге/
тонна)

Су энергети
касы (теңге/
1000
кВт.сағ)

Су көлігі (теңге/1000 тек.м)

57,54

146,25

20,38

6,00

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады