2009 жылы Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы N 14 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 ақпанда N 13-2-96 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 02.03.03-29/369 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012.04.20 N 02.03.03-29/369 хаты)

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына, 20-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс–шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 «Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздардың кәсіби дайындығын, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі ережені бекіту туралы» қаулысына (2001 жылғы 30 шілдедегі мемлекеттік тізілімдегі № 398 тіркелген, 2001 жылғы 7 тамыздағы «Северный Казахстан» газетінде ресми жарияланған) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша ұйымдардың тізбесі, түрлері, көлемдері және еңбекақы мөлшерлері бекітілсін.
      2. Аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қарастырылған қаражат шегінде «Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген Тізбеге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      3. «Аққайың аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарға қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге ақшалай қаржыландыруын уақытылы қамтамасыз етсін.
      4. «2008 жылы Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 29 қаулысы (2008 жылғы 26 ақпандағы мемлекеттік № 13-2-52 тіркеу нөмірі, 2008 жылғы 13 наурыздағы № 6 «Аққайың» газетінде, 2008 жылғы 13 наурыздағы № 12 «Колос» газетінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. М. Нүркеновке жүктелсін.
      6. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      А. Шушамоин

Аққайың ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 14 қаулысымен
бекітілген

Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша ұйымдардың тізімі, жұмыстың түрлері, көлемдері, еңбекақы мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Аққайың ауданы мәслихатының 2009.05.25 N 111 Шешімімен

Ұйымдардың атауы

Жұмыс
орны

Қоғамдық жұмыстардың
түрлері

Разряды

Коэффи-
циенті

«Аққайың аудандық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі

2 адам

Құжаттарды сақтауға даярлау және өңдеуге көмек көрсету

G-14

1,43

Аққайың ауданы селолық округ әкімдерінің аппараттары

308 адам

Аққайың ауданы селолық елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, құқық қорғаушы органдарына жәрдемдесу отрядтарына қатысу;
Құжаттарды сақтауға даярлау және өңдеуге көмек көрсету;
Шаруашылық кітаптарын құру және үй шаруашылығының санағына көмектесу;
Елді мекендердің аумақтарын жинау;
Аумақты жасылдандыру және көркейту, қаңғырып жүрген жануарларды аулау;
Мұз қалашықтарының құрылыстарында қосалқы жұмыстарды орындау;
Ағымдағы жолдарды жөндеу (ойлармен және шұңқырларды жабу, жол жиектерін қазу, қоқымнан тазалау және тағы да басқалар);
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде жұмыспен қамту мәселесі бойынша көмек көрсету;
Оралмандарды жайғастыру және қабылдау бойынша тапсырмаларды орындау;
Мемлекеттік мекемелерде және бюджеттік ұйымдарда жағу кезеңінде жағушы болып жұмыс істеу;
Күзгі және көктемгі тасқындарға байланысты жұмыстар жүргізу;
Жалғыз басты қарт ауру азаматтарды күту (азық – түлік сатып алу, бөлмені жинау, қабырғаларды ақтау, еденді сырлау, кір жуу, егу, көкөністерді жинау);
Қоқыс орындарын жинау және зираттарды, соның ішінде қалдықтарды жинауды ұйымдастыру

G-14
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

G-14
 
 
 
 

G-14
 
 
 
 

II
 
 

ІІІ
 
 
 
 
 

ІІІ
 
 
 
 
 

ІІ
 
 
 
 
 
 
 
 
 

G-14
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

G-14
 
 
 
 

ІІ
 
 
 
 
 

ІІІ
 
 
 
 
 

G-14
 
 
 
 
 
 




ІІІ

1,43
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1,43
 
 
 
 

1,43
 
 
 
 

1,49
 
 

1,59
 
 
 
 
 

1,59
 
 
 
 
 

1,49
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1,43
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1,43
 
 
 
 

1,49
 
 
 
 
 

1,59
 
 
 
 
 

1,43
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1,59

Қорытынды:

310




Ескерту: 5, 10, 11, 13 тармақтарында белгіленген жұмыстар ұйымдардың штат кестелерінде сәйкес бірліктер болмаған жағдайда жәнебұл мақсаттарға жергілікті бюджеттерде қаражаттар қарастырылмаған жағдайда қолданылады   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады