"Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Жамбыл ауданының 2009 жылдың 2 ақпанындағы N 17 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 290 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 қаңтарда N 13-7-117 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 9 наурыздағы N 40 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2010.03.09 N 40 Қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурызындағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 17 қаулысына (Мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 18 ақпанында 13-7-104 нөмірімен тіркелген, «Ауыл арайы» газетінде 20009 жылдың 27 ақпанында № 8 (1100), Сельская новь газетінде 2009 жылдың 27 ақпанында № 8 (7957) жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
      2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      «2. Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыссыз азаматтарды қосымшада көрсетілген ұйымдардағы қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      2. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Ыбыраев

Аудан әкімдігінің 2009 жылдың
4 желтоқсанындағы № 290 қаулысына
қосымша

Ұйымдардың тізімі

      1. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер.
      2. «Жамбыл ауданының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
      3. «Жамбыл аудандық мұрағат» мемлекеттік мекемесі;
      4. «Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      5. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жамбыл су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады