Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі Бескөл ауылының шекарасын өзгерту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 14 қазандағы N 311 қаулысы және Қызылжар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 қазандағы N 18/5 бірлескен шешімдері. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қарашада N 13-8-111 тіркелді.

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "біріккен", "селолық", "селосының", сөздері "бірлескен", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 31.01.2019 № 22 және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 31.01.2019 № 38/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысымен және шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, аудан мәслихаты ШЕШІМ қабылдайды:

      1. Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі Бескөл ауылының шекарасы өзгертілсін.

      2. Осы бірлесіп қабылданған қаулы мен шешім ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Пшенбаев
      Мәслихат сессиясының төрағасы,
      мәслихат хатшысы А. Молдахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады