"Жылу энергиясын тұтыну нормасын бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 5 тамыздағы N 295 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 518 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 қаңтарда N 13-11-163 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 9 қаңтардағы N 8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 09.01.2013 N 8 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес және жылу энергиясын тұтыну нормасын анықтау үшін ұсынылған есептеулер негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жылу энергиясын тұтыну нормасын бекіту туралы» Тайынша ауданы әкімдігінің 2009 жыл 5 тамыздағы № 295 қаулысына (мемлекеттік тіркеу реестрінде 2009 жыл 4 қыркүйекте № 13-11-154 тіркелді, 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Тайынша таңы» газетінде, 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Тайыншинские вести» газетінде жарияланды) келесі толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген қаулы 2 тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын: «Теплоком-норд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылытатын Тайынша қаласының тұрғын үйлер үшін жалпы алаңының бір шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну мөлшері айына, жылыту мезгіліне 0,0388 гекоколори/м2 көлемінде бекітілсін».
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Маковский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады