2010 жылда ауылдық елді мекедерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 164 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 ақпанда N 13-11-166 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012 жылғы 28 маусымдағы N 04-05-92 хаты)

       Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012.06.28 N 04-05-92 хаты)

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабы 3 тармағы 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысының 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. 2010 жылда ауданның елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына:
      1) жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып берілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Ю. Красноголовый
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Қ. Ысқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады