Атырау қаласындағы жаңадан құрылған көшелерге атау беру және Томарлы селосындағы кейбір көшелердің атын өзгерту туралы

Жаңа

Атырау қалалық әкімиятының 2009 жылғы 1 желтоқсандағы N 1257 қаулысы және Атырау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 3 ақпандағы N 179 бірлескен шешімі. Атырау қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 наурызда N 4-1-112 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабы 4 тармағын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ және Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Төменде көрсетілген Атырау қаласы көшелері:
      1) Атырау мөлтек ауданындағы № 5 көше – Нұрлыбек Шманов;
      2) Атырау мөлтек ауданындағы № 9 көше – Куби Құспанов;
      3) Атырау мөлтек уданындағы № 26 көше – Сабыр Қағазов;
      4) Атырау мөлтек ауданындағы № 59 көше – Мұқан Сүйесінов;
      5) Атырау мөлтек ауданындағы № 60 көше – Ағайынды Шәудіровтер;
      6) Атырау мөлтек ауданындағы № 61 көше – Сабырғали Зорбаев есімдерімен аталсын.
      2. Атырау қаласына қарасты Томарлы селосындағы:
      1) Комсомольский көшесі – Болат Ермұқанов;
      2) Гидрогелогия көшесі – Аманжол Оралов көшесі болып өзгертілсін.
      3. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық Мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім мәдениет, жастар және спорт ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Рысқалиев) жүктелсін.

      XV сессия төрағасы,               Атырау қаласының
      қалалық Мәслихат хатшысы          әкімі 
      _____________ Б. Қазиманов       __________ М. Исмұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады