Индер ауданы бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі N 240 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қазанда N 4-6-88 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 09.11.2015 № 337 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Индер ауданы бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Нұрлыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ж. Рахметқалиев

  Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 240 қаулысына қосымша

Индер ауданы бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарға
үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі

Р/с

Стендтер орналастырылатын орындар
Атауы
Мөлшері
1
Н. Меңдіғалиев көшесі "Индер–Мәдениет" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның алды
Қалқан-стенд
1
2
Бейбарыс көшесі № 4 үй мен № 6 үйдің арасы
Қалқан-стенд
1
3
"Көктем" мөлтек ауданы, Оңдасынов тұйық көшесінің бойы
Қалқан-стенд
1
4
Барлаушылар бөлігі, Қ. Тұхфатов көшесі бойында С. Сейфуллин орта мектебіне баратын жолдың қиылысы
Қалқан-стенд
1

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады