Азғыр селолық округіне қарасты Азғыр және Қоңыртерек ауылдарындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Азғыр селолық округі әкімінің 2009 жылғы 13 қазандағы N 7 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 13 қарашада N 4-8-167 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Азғыр селолық округі әкімінің 2010 жылғы 22 қазандағы N 77 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Азғыр селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 7 қазандағы № 8 хаттамасы негізінде ШЕШЕМІН:
      1. Азғыр ауылындағы атауы жоқ 3 көшеге "Әйтеке би", "Қазыбек би", "Ғарифолла Құрманғалиев" және Қоңыртерек ауылындағы атауы жоқ 2 көшеге "Жаңару", "Бейбарыс" атаулары берілсін.
      2. Осы көше атауларын жазып, белгі тақтайшаларын орнатып ілдіру селолық округ әкімі аппаратының жетекші маманы Өмірбек Сулейменовке жүктелсін.
      3. Шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі             Н. Мұханбетов
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады