Шығындары облыстық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) облысішілік қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі N 90 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2009 жылғы 16 сәуірде N 2005 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 354 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 18.11.2015 № 354 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148, "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңдарына, "Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығындары облыстық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) облысішілік қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу бойынша Нұсқаулық (қоса беріледі) бекітілсін.
      2. Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (Б.Әлиев) шығындары облыстық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) облысішілік қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде бекітілген Нұсқаулықты басшылыққа алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Нажметдинұлына жүктелсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 11.01.2013 № 1 қаулысымен.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                А. Мырзахметов
      Облыс әкімінің бірінші орынбасары          И. Әбішев
      Облыс әкімі аппаратының басшысы            Б. Жылқышиев
      Облыс әкімінің орынбасары                  Ә. Бектаев
      Облыс әкімінің орынбасары                  У. Қайназаров
      Облыс әкімінің орынбасары                  Е. Сәдуақасова
      Облыс әкімінің орынбасары                  М. Тұрмағамбетов
      Облыстық экономика және бюджеттік
      жоспарлау басқармасының бастығы            А. Бекетова
      Облыстық қаржы басқармасының бастығы       И. Шалабаев

Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2009 жылғы
7 сәуірдегі N 90 қаулысына
қосымша

      Шығындары облыстық бюджеттен субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) облысішілік қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге
асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде
анықтау жөніндегі конкурсты өткізу бойынша
НҰСҚАУЛЫҚ      1. Жалпы ережелер

      1. Шығындары облыстық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) облысішілік қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы 1188 қаулысына сәйкес әзірленген және шығындары облыстық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі (бұдан әрі - тендер) конкурсты өткізудің ұйымдастыру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін белгілейді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 11.01.2013 № 1 қаулысымен.
      2. Тендер әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша болжанатын дизель және электропоездары маршруттарының негізінде құрастырылған топтамалар бойынша өткізіледі.
      3. Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) тендерді өткізудің ұйымдастырушысы болып табылады.

      2. Тендерлік комиссияны құру

      4. Тендерлік комиссия (бұдан әрі - комиссия) тендерді өткізуді қамтамасыз ету және жеңімпазды анықтау үшін құрылады. Комиссия құрамы Басқарма бастығының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі. Комиссия құрамына төраға, төраға орынбасары және комиссия мүшелері кіреді, комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан құрауы және үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияның хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды және комиссияның шешімдер қабылдауы кезінде дауыс беруге құқығы болмайды.
      5. Комиссия қатысушылардың тендерлік өтінімдерін қабылдайды және қарайды, тендер өткізеді және жеңімпаздарды анықтайды.
      6. Комиссия төрағасы комиссияның қызметіне басшылық жасайды, комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      7. Қажет болған жағдайда тендерді ұйымдастырушы ақысыз негізде, жұмысқа сарапшылар ретінде басқа мамандарды шақыра алады.
      8. Сарапшылар қатысушылардың өтінімдерінің тендерлік құжаттамаға сәйкестігі туралы сараптама қорытындысын береді және комиссияның шешім қабылдауы кезінде дауыс беруге құқығы болмайды. Сарапшылардың қорытындысы қатысушылар тапсырған тендерлік өтінімдерге баға беру мен салыстырып тексеру және жеңімпазды анықтау кезінде ескеріледі. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, сарапшылар қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қосып беріледі.

      3. Тендерге қатысушыларға және тендерлік
өтінімдерге қойылатын талаптар

      9. Тендерге қатысуға оның шарттарына жауап беретін, өтінімді және басқа да қажетті құжаттарды осы нұсқаулыққа сәйкес дер кезінде берген, Нұсқаулықтың 10-тармағында анықталған тасымалдаушылар жіберіледі.
      10. Тендерге қатысу үшін тасымалдаушылар мынадай шарттарға сәйкес болуы қажет:
      1) темір жол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға лицензиясы бар болуы;
      2) жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру үшін жеке меншік, жалға алынған немесе басқа заңды негізде пайдаланылатын тиісті техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жылжымалы құрамының болуы, бұл ретте, жеке немесе жалға алынған жолаушылар вагондарының саны ("Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы" акционерлік қоғамының вагондарынан басқа) талап етілетін вагондар санынан кемінде 20 пайызын құрауы тиіс;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер және зейнетақылық жинақ қорларына аударымдар бойынша берешектері болмауы тиіс;
      4) тиісті әлеуметтік маңызы бар бағыттарға қызмет көрсетуге қажет поезд және локомотив бригадалары қызметкерлерінің жеке штатының болуы туралы мәліметтер, және/немесе бұрын әлеуметтік маңызы бар бағытқа қызмет көрсеткен тасымалдаушының поезд және локомотив бригадалары қызметкерлерінің штатын жұмысқа қабылдау туралы кепілхат-міндеттеме;
      5) жұмыстың алғашқы сатысында тасымалдарды ұйымдастыру үшін банктің шотында ұсынылатын субсидия көлемінен кемінде 3 пайыз мөлшерінде алғашқы ақша қаражаттарының бар болуы;
      6) бекітілген техникалық нормаларға сәйкес, электро және дизель поездары үшін жеке меншік алмалы-салмалы құрал-жабдықтарының бар болуы.
      11. Тасымалдаушы тендерге қатысу үшін Басқарманың атына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, тендерлік өтінімді ұсынады:
      1) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына (заңды тұлғалар үшін) немесе  2-қосымшасына (жеке тұлғалар үшін) сәйкес тендерге қатысуға өтінім;
      2) заңды тұлғаның СТН, статкартасының, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі мен жарғысының (заңды тұлғалар үшін) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3) темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау лицензиясының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) үлгілерін, санын, шығарылған жылын, техникалық жай-күйі мен қызметін көрсете отырып меншікті және (немесе) сенімгерлік басқарудағы немесе мүліктік жалдағы жылжымалы құрамның мүкәммалдық паркі (меншіктілік немесе жалға алу құқығын растайтын нотариалды куәландырылған қосымшасымен) туралы мәліметтер;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейінге қалдырған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш айдан астам мерзімге салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқтығы немесе бар болуы туралы бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрi басылған тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы. Егер аталған анықтамада берешек көрсетілсе, осы берешектің пайда болу мерзімін растайтын анықтаманы берген тұлғаның қолы қойылған құжаттар қоса берілуі қажет;
      6) мекеменің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның, сондай-ақ бас бухгалтердің (бухгалтердің) қолы қойылған, соңғы қаржы жылының бухгалтерлік балансының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу үстіміздегі жылдың 30 сәуіріне дейін өткізілген жағдайда, соңғы қаржы жылының алдындағы жылдың бухгалтерлік балансының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      7) осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес тендерге қойылған әлеуметтік маңызды қатынастардағы маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастырудың негізгі шарттары мен талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі тендерлік ұсыныстар бар тендерлік өтінімді;
      8) мәлімделген әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалына ұсынылатын тарифтер деңгейі туралы мәліметтер;
      9) банк шотында алғашқы ақша қаражатының бар болуы туралы банктен алынған анықтама;
      10) осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес санда жолаушылар поездары үшін жеке меншік құрал-жабдықтың болуын растайтын шот- фактуралары мен белгіленген нысандағы түгендеу актілері.
      12. Тендерге қатысу үшін талап етілетін құжаттар екі данада мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, беттері нөмірленіп, тігілген күйде тапсырылады, соңғы беті заңды тұлғаның мөрімен немесе жеке тұлғаның қолымен куәландырылады.
      13. Тендерлік өтінімде жолдардың арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
      14. Тасымалдаушы тендерлік құжаттаманы конвертке салып аузын желімдейді, онда тасымалдаушының атауы мен мекен-жайы көрсетіледі.
      15. Конверттер: "Шығындары облыстық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) облысішілік қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды анықтау бойынша конкурсты өткізуге тендерлік өтінім" деген белгісімен тендерді ұйымдастырушыға жіберілуі тиіс.
      16. Әлеуетті қатысушы тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімдері өткенге дейін өзінің тендерлік құжаттамасын өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгерту тендерлік өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және тапсырылуы тиіс. Мұндай өзгерту немесе қайтып алу туралы хабарлама, егер оны тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімдері өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
      17. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімдері өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге ешқандай өзгертулер енгізілмеуі тиіс.

      4. Тендерді өткізуді ұйымдастыру

      18. Тендер, Басқарма кідіріссіз тендер өткізуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, жылына 1 рет өткізіледі.
      19. Басқарма тендер өткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тиісті хабарландыру беріледі және тендерге қойылатын әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) облысішілік қатынастар маршруттарының тізбесі көрсетіледі. Хабарландыру тендер өткізілгенге дейін 15 күнтізбелік күннен және тендер қайталап өткізілген жағдайда 7 күнтізбелік күннен кешіктірілмей беріледі.
      20. Тендерді өткізу туралы хабарланғаннан кейін тендерге қатысуға тілек білдірген тасымалдаушылар осы Нұсқаулықтың 11-тармағында аталып өтілген құжаттарды қоса отырып, Басқарманың атына тендерлік өтінімдер тапсырады.
      21. Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау тендерді өткізу датасына дейін бір жұмыс күнінде аяқталады.

     5. Ашық тендерді өткізу, тендерлік ұсыныстарға
баға беру және жеңімпаз(дар)ды анықтау тәртібі

      22. Комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттерді қатысушылар немесе олардың өкілеттіктері комиссияның отырысына қатысуға құқық беретін сенімхатпен расталған уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.
      23. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде конкурстық комиссия қатысып отырған тұлғаларға конкурсқа қатысатын әлеуетті жеткізушілердің атауы мен тұратын жерін, олар ұсынған бағаларды, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты хабарлайды және комиссия төрағасы, оның орынбасары мен комиссия мүшелері қол қоятын ашу хаттамасын жасайды.
      24. Комиссия тендерге қатысу үшін қарауға қабылданған тендерлік өтінімдерге баға береді және салыстырады, әрі көрсететін қызметтерінің сапалы сипаттамалары мен маршруттар бойынша қажетті субсидияларының ұсынылған көлемін есепке ала отырып, тендерде жеңіске жеткен тасымалдаушыны (тасымалдаушыларды) анықтайды.
      25. Тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру кезінде конкурстық комиссия әлеуетті жеткізушілердің тендерлік өтінімдеріндегі мәліметтерді нақтылау мақсатында тендерлік өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін әлеуетті жеткізушілерден олардың өтінімдеріне байланысты түсіндірмелер сұратуы мүмкін. Сондай-ақ, комиссия қажетті ақпаратты тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан сұратуы мүмкін.
      Тендерлік құжаттаманың талаптарына сай келмейтін тендерлік өтінімді осы талаптарға сәйкес келтіру үшін сауалдар, ұсыныстар немесе рұқсаттар жасауға жол берілмейді.
      26. Конкурстық комиссия, егер:
      1) осы тендерлік өтінімді ұсынған әлеуетті жеткізуші осы Нұсқаулықтың 11-тармағының талаптарына сай келмесе;
      2) тендерге қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілердің тендерлік өтінімінің бағасы әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) облысішілік қатынасты субсидиялауға бөлінген сомадан асып түссе тендер өтінімді қайтарады.
      27. Егер тендерге қойылатын бір топтама бойынша тендердің шарттарына жауап беретін және осы Нұсқаулыққа сәйкес тендерге қатысу құжаттарын тапсырған кем дегенде екі тендерге қатысушы өтінім берген болса, тендер болған болып танылады.
      28. Комиссияның шешімі ашық дауысқа салумен қабылданады және, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауыстары берілген болса, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
      29. Комиссия конверттер ашылған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тендердің қорытындыларын шығарады, тендердің қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, оған төраға, төрағаның орынбасары және комиссияның мүшелері қолдарын қояды.
      30. Субсидиялардың ең аз көлемін ұсынатын және Басқарма белгілеген міндетті қызметтердің тізбесімен қоса тасымалдауды үздіксіз жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндеттенетін тасымалдаушы жеңімпаз болып танылады.
      31. Комиссия тендердің қорытындыларын шығару кезінде әрбір маршруттағы тендердің жеңімпазынан басқа, әрбір маршрутта ұсыныстары неғұрлым тәуір әлеуетті қатысушыны анықтайды.
      32. Тендердің жеңімпазы мен Басқарма арасында бес күндік мерзімде осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша тасымалдарды жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау туралы шарт (бұдан әрі - шарт) жасалады.
      33. Әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға берген өтінімдері тендердің қорытындылары туралы хаттамаға комиссияның барлық мүшелері қол қойғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткенге дейін жарамды.
      34. Жеңімпаз шарт жасасудан бас тартқан кезде, уәкілетті орган жеңімпаздың ұсынысынан кейін ұсынысы анағұрлым қолайлы болып табылатын тендердің басқа қатысушысымен шарт жасасады. Бұл ретте тендердің ұйымдастырушысы тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасын тендер жеңімпазы анықтаған әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
      35. Оның (олардың) тендерлік ұсыныстары жеңімпаздың ұсыныстарынан кейін ең жақсы деп танылған тендердің қатысушы (қатысушылар) Басқармамен шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, тендер болмаған болып танылады.
      36. Егер тендер болмаған болып танылған жағдайда, комиссия:
      1) тендерді қайтадан өткізу туралы;
      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және тендерді қайтадан өткізу туралы;
      3) бір көзден алу тәсілімен шартты жасасу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
      37. Тендер конкурсына қатысуға тек қана бір әлеуетті өнім берушінің жіберілуіне байланысты өтпеді деп танылған жағдайда, Комиссия онымен бір көзден алу тәсілімен Әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) облысішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы шарт жасасу жөнінде шешім қабылдай алады. Жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім берушінің жіберілуіне байланысты өтпеді деп танылған тендерге бөлінген сомадан аспауға тиіс.
      38. Егер қайталама тендердің нәтижелері бойынша тасымалдаушы анықталмаса, онда Басқарма жолаушыларды, багажды, жүк багажын және пошталық жөнелтілімдерді Ұлттық тасымалдаушымен шарт жасасады.
      39. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімдерде тиісті жылға арналған облыстық бюджет бекітілмесе, темір жол көлігімен жолаушылар тасымалын үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында, тапсырыс беруші әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық) облысішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау Шартын, осы шарт бойынша ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда бөлінген қаржы көлемінен аспайтын көлемде, келесі жылдың бірінші тоқсанына ұзартуы мүмкін.

      6. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету

      40. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуі егер ол тендер жеңімпазы болып жарияланған жағдайда, тендерлік құжаттамада көзделген, шартты жасауға кепіл ретінде енгізіледі.
      41. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тасымалдаушы ұсынатын тендерлік өтінім сомасынан 3 пайыз мөлшерінде енгізіледі.
      42. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін таңдайды:
      1) тендер ұйымдастырушысының банктік шотына енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;
      2) банк кепілі.
      Әлеуетті өнім берушіге үшінші тұлғалардың оның тендерге қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік ақша жарнасының тұтастай немесе бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарға жол берілмейді.
      43. Тендердің ұйымдастырушысы әлеуетті өнім берушіге тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі болған күннен бастап 5 (бес) банкілік күннің ішінде қайтарады:
      1) тендерге қатысуға беретін өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін аталған әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға берген өз өтінімін кері қайтарып алу;
      2) шартқа қол қою;
      3) әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға берген өтінімінің әрекет ету мерзімі аяқталуы.

Шығындары облыстық бюджеттен
субсидиялануға жататын әлеуметтік
маңызды ауданаралық (қалааралық)
облысішілік қатынастар бойынша темір
жолмен жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асыратын тасымалдаушыларды
ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі
конкурсты өткізу бойынша нұсқаулыққа
1-қосымша

      Облыстық жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасы

      ӨТІНІШ
(заңды тұлға үшін) 

      Шығындары облыстық бюджеттен субсидиялануға жататын
_______________________________ маршруты бойынша әлеуметтік маңызды
      (маршруттың атауы)
ауданаралық (қалааралық) облысішілік қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Тасымалдаушы туралы мәліметтер

1. Меншік нысаны ______________________________________________
2. Құрылған жылы ______________________________________________
3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
_______________________________________________________________
      (нөмірі, кіммен және қашан берілген)

4. СТН_________________________________________________________
5. Банктік деректемелер___________________________________________________      
      (ЖСК, БСК, банктің атауы және орналасқан жері)
6. Заңды мекен-жайы және басқа деректемелері__________________________________________________
      (почталық адресі, телефон, телефакс, телекс)
7. ____________________________________________________________
      (Ұйымның бірінші басшысының аты-жөні, тегі)
8. Қоса берілген құжаттар:
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
3) ____________________________________________________________

      Ұйымның басшысы: аты-жөні, тегі, қолы, күні

      м.о.

Шығындары облыстық бюджеттен
субсидиялануға жататын әлеуметтік
маңызды ауданаралық (қалааралық)
облысішілік қатынастар бойынша темір
жолмен жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асыратын тасымалдаушыларды
ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі
конкурсты өткізу бойынша нұсқаулыққа
2-қосымша

      Облыстық жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасы

      ӨТІНІШ
(жеке тұлға үшін) 

Шығындары облыстық бюджеттен субсидиялануға жататын
_______________________________________ маршруты бойынша әлеуметтік
(маршруттың атауы)
маңызды ауданаралық (қалааралық) облысішілік қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін рұқсат етуіңізді сұраймын.

      Тасымалдаушы туралы мәліметтер

1. Жеке тұлғаны куәландыратын құжат__________________________________________________________
      (нөмірі, кіммен және қашан берілген)

2. СТН ________________________________________________________
3. Банктік деректемелер _______________________________________
_______________________________________________________________
      (ЖСК, банктің атауы және орналасқан жері)
4. Мекен-жайы және басқа деректемелері ________________________
_______________________________________________________________ (почталық адресі, телефон, телефакс, телекс)
 
5. Қоса берілген құжаттар:
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
3) ____________________________________________________________
 
      Аты-жөні, тегі, қолы, күні

      м.о.

Шығындары облыстық бюджеттен
субсидиялануға жататын әлеуметтік
маңызды ауданаралық (қалааралық)
облысішілік қатынастар бойынша темір
жолмен жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асыратын тасымалдаушыларды
ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі
конкурсты өткізу бойынша нұсқаулыққа
3-қосымша

      Әлеуметтік маңызды қатынастарда тендерге қойылған маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастырудың шарттары мен талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі тендерлік ұсыныстар 

Әлеуметтік маңызды қатынастар маршрут (тар)-ының атауы

Қашықтығы, км

Қатынауының кезеңділігі

Жылжымалы құрамды құрастыру (вагондардың саны)

Қажетті субсидияның көлемі, мың теңге

Жолаушыларға көрсетілетін қосымша қызмет- тер

жалпы

плацкарт

купе

1

2

3

4

5

6

7

8

















      Поезда ұсынылатын сервис және вагондардың жайлылығының деңгейі

туралы мәліметтер _____________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________

Субсидиялау көлемі жөніндегі деректер қоса берілген жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру жөніндегі экономикалық көрсеткіштерге және есептеулерге сәйкес орындалған.
      Қосымша:
      1) ______________________________;
      2) ______________________________;
      3) ______________________________.

Тасымалдаушы: _________________________      

      Аты-жөні, тегі, қолы, күні

      м.о.

Шығындары облыстық бюджеттен
субсидиялануға жататын әлеуметтік
маңызды ауданаралық (қалааралық)
облысішілік қатынастар бойынша темір
жолмен жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асыратын тасымалдаушыларды
ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі
конкурсты өткізу бойынша нұсқаулыққа
4-қосымша

      Әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) облысішілік
қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы шарт

      Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы атынан бұдан әрі
"Тапсырыс беруші" деп аталатын Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы туралы Ереженің негізінде іс-қимыл жасайтын директоры _____________________________________ бір жағынан және Жарғының негізінде іс-қимыл жасайтын, жолаушыларды
темір жол көлігімен тасымалдауға 200___ жылғы "____" _______________
N_____ лицензиясы бар ____________________________ атынан бұдан әрі
      (ұйымның-тендердің жеңімпазының толық атауы)

"Орындаушы" деп аталатын _________________________________ басшысы
      (тегі, аты, жөні)
екінші жағынан шығындары облыстық бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) облысішілік қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы 200__жылғы "___" ________ N _____ хаттаманың негізінде осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

      1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

      1.1. Орындаушы әлеуметтік маңызды қатынастардың (бұдан әрі -
қатынастар) маршруттары бойынша темір жолмен тұрақты жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырады.
      1.2. Тапсырысшы бюджетте көзделген сома шегінде орындаушының қатынастар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты шығындарын субсидиялауды (бұдан әрі - субсидиялау) жүзеге асырады.
      1.3. Поездардың тізбесі, қатынау кезеңділігі және бұл
поездардың субсидияланатын бөлігінің құрамдылығы осы шарттың
бөлінбейтін бөлігі болып табылатын, оған қосымшаға сәйкес
белгіленеді.

      2. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

      2.1. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында
және осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде субсидиялауды
жүзеге асыруға міндеттенеді.
      2.2. Орындаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына және
темір жол көлігі саласындағы нормативтік кесімдерге сәйкес
жолаушылар тасымалын уақтылы және сапалы қамтамасыз ету мақсатында
жолаушылар тасымалын жүзеге асыруды міндеттенеді.
      2.3. Шартты орындауға кедергі болатын форс-мажорлық жағдайлар
пайда болған жағдайда, орындаушы Тапсырыс берушіні кідіріссіз
ақпараттауды қамтамасыз етеді.
      2.4. Форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда, егер Орындаушы Шартта көзделген мерзімдерде қызметтерді ұсына алмаса, Тапсырыс беруші Шарт бағасынан тиісті бағыттың шартының жалпы сомасының 10% мөлшеріндегі соманы тұрақсыздық айыбы ретінде шегереді.
      2.5. Орындаушы шығындары облыстық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарына тарифтердің көтерілуін тапсырыс берушімен келісуге міндетті.
      2.6. Тапсырыс беруші ауданаралық (қалааралық) облысішілік темір жол көліктерінде жолаушыларды, жүктерді және жүк багажды тасымалдау ережесін сақтау мәніне, Орындаушының жолаушылар поездарында хронометраж жүргізеді.

      3. ӨЗАРА ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТӘРТІБІ

      3.1. Тапсырыс беруші Орындаушы берген жолаушыларды
тасымалдаудың болжамды көрсеткіштерінің негізінде төлемдер бойынша
қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялардың тоқсандық көлемінен 30%
(отыз пайыздан) аспайтын көлемде аванстық төлем жүргізеді.
      3.2. Орындаушы ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың 25-іне дейінгі мерзімде, Тапсырыс берушіге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау ережесіне сәйкес ұйымның басшысымен, бас бухгалтерімен және мөрімен расталған мына құжаттарды беруі тиіс:
      3.2.1 жолаушылар тасымалдарын орындау туралы ай сайынғы есеп және жыл басынан бастап жолаушылар тасымалын орындау туралы есеп.
      3.2.2 орындалған жұмыстардың актісі.
      3.2.3 қатынас көлемі және осы поезбен тасымалданған
жолаушылардың саны бойынша тасымалдардың орындалған көлемін
растайтын магистральдық темір жол желісі операторының құжаты.
      3.3. Берілген құжаттармен келіспеген жағдайда Тараптар отыз
күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде деректерді нақтылауды
жүргізеді.
      3.4. Субсидиялардың келесі төлемдерін Тапсырыс беруші тоқсан
сайын төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары мен жүзеге асырылған
және расталған тасымалдар бойынша бюджеттік бағдарлама паспортына
сәйкес жүзеге асырады. Төленген аванстық төлемді ұстап қалу
желтоқсан айында жүргізіледі.
      3.5. Желтоқсан айы үшін төлемді Тапсырыс беруші
тасымалдауларды орындаумен байланысты кірістер мен шығыстардың
жоспарланатын көлемдерінің негізінде жасалған Орындаушының есебінің
негізінде жүзеге асырады. Желтоқсандағы нақты есепті Орындаушы
тараптардың келісуі бойынша белгіленген мерзімде және осы Шарттың
3.2-тармағына сәйкес ұсынады.

      4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

      4.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны
немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
      4.2. Орындаушы шарттың поездарды құрастыру бөлігіндегі талаптарын орындамаған жағдайда тапсырыс беруші орындалмаған тасымалдар көлеміне пропорционалды соманы субсидия төлемдерінен ұстап қалуды қамтамасыз етеді.
      4.3. Осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін бұзған Тарап үш
күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде ол туралы басқа Тарапты
хабардар етуге және бұзушылықты жою үшін өзінің қолынан келгенінің
барлығын жасауға міндеттенеді. Өзінің міндеттемелерін бұзушылықты
жоймаған жағдайда, кінәлі Тарап осы Шарттың 4.1. тармағына сәйкес
жауапты болады.

      5. ФОРС-МАЖОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР

      5.1. Форс-мажорлық жағдайлар пайда болған жағдайда әр Тарап
үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде ол туралы басқа Тарапты
кідіріссіз хабардар етуі тиіс.
      5.2. Форс-мажорлық жағдайлар болып табиғи апаттар, Шарттың
орындалуына кедергі жасайтын мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері,
әскери іс-қимылдар, төтенше жағдайды, жұмылдыру іс-шараларын
хабарлаулар, ауа-райы мен табиғи жағдайлар және Тараптарға
байланыссыз Тараптардың Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін
орындауына кедергі жасайтын кез келген басқа да жағдайлар.
      5.3. Форс-мажорлық жағдайлар күшінде болып және отыз
күнтізбелік уақыт ішінде тоқтамаған жағдайда, Тараптар Шарт бойынша
өздерінің одан арғы іс-әрекеттерін жазбаша келіседі.

      6. Шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту
және бұзу талаптары, дауларды қарау тәртібі

      6.1. Шарт 200__ жылғы __________ бастап күшіне енеді және
200__ жылғы______________дейін күшінде болады.
      6.2. Шарт Тараптардың өзара келісімі немесе егер басқа Тарап
міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Тараптардың бірінің талабы
бойынша бұзылуы мүмкін.
      6.3. Шартты орындаудан бір жақты бас тарту немесе Шартты бір
жақты бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      6.4. Тараптар пайда болған даулар мен келіспеушіліктерді
келіссөздер жолымен шешу мүмкіндігінің болмауы кезінде - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешеді.
      6.5. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес бірдей заңдық күші бар және екі
Тараптың қолы қойылатын мемлекеттік және (немесе) орыс тіліндегі
жазбаша нысанда, екі данада Тараптардың әрқайсысы үшін біреуден
жасалады.
      6.6 Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан, бірдей заңдық күші бар екі данада жасалған.

      Тараптардың реквизиттері және қолдары

      Тапсырыс беруші                   Орындаушы
      _______________                   _______________
      (толық атауы)                     (толық атауы)
      _______________                   _______________
      (мекен-жайы)                      (мекен-жайы)
      _______________                   _______________
      (телефон, факс)                   (телефон, факс)
      СТН____________                   СТН____________
      _______________                   _______________
      (реквизиттер)                     (реквизиттер)
      _______________                   _______________
      (Т.А.Ж.)                          (Т.А.Ж.)
      _______________                   _______________
      (қолы)                            (қолы)
      200_ж. "___"___                   200_ж. "___"___

      М.О.                               М.О.

Әлеуметтік маңызды ауданаралық
(қалааралық) облысішілік қатынастар
бойынша жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асыратын тасымалдаушылардың
шығындарын субсидиялау туралы Шартқа
қосымша

      Әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық)
облысішілік қатынастар тізбесі 


Р/с


Маршрут


Қатынаудың кезеңділігі

Поездың құрамдылығы (вагондардың саны)

Субсидиялауға жататын сома, мың теңге

жалпы

плацкарт

купе

1

2

3

4

5

6

7















      Осы қосымша 200__ж. «___» _________ №____әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) облысішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      Тапсырыс беруші                  Орындаушы
      _______________                  _______________
      (толық атауы)                    (толық атауы)
      _______________                  _______________
      (мекен-жайы)                     (мекен-жайы)
      _______________                  _______________
      (телефон, факс)                  (телефон, факс)
      СТН____________                  СТН____________
      _______________                  _______________
      (реквизиттер)                    (реквизиттер)
      _______________                  _______________
      (Т.А.Ж.)                         (Т.А.Ж.)
      _______________                  _______________
      (қолы)                           (қолы)
      200_ж. "___"___                  200_ж. "___"___

      М.О.                              М.О.

Шығындары облыстық бюджеттен
субсидиялануға жататын әлеуметтік
маңызды ауданаралық (қалааралық)
облысішілік қатынастар бойынша
темір жолмен жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асыратын тасымалдаушыларды
ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі
конкурсты өткізу бойынша нұсқаулыққа
5-қосымша

      Әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) облысішілік
қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауға арналған
вагондардың құрал-жабдықтары мен мүкәммалдарының
ТІЗБЕСІ 

п/п

Құрал-жабықтың және мүкәммалдың аталуы

Өлшем бірлігі

МВПС

вагон

1 2 3 4

1.

* Терезе перделері

комп.

терезеге 1

2.

* Терезе перделері

дана

терезеге 2

3.

Дәліздегі жолға арналған жаккарды төсем (19 м х 0,40 м)

дана

вагонға 6

4.

Шахматтар, шашкілер, нардылар тақталарымен

комп.

вагонға 3

5.

*Ауа тазартқыш



вагонға 2

6.

*Өрт сөндіргіш

дана

вагонға 2-3

7.

Билеттерге арналған папка

дана

вагонға 1

8.

Бағыт тақтасы

дана

вагонға 2

9.

Вагонның рет саны

дана

вагонға 2

10.

*Шаруашылыққа арналған шелек

дана

вагонға 5

11.

Түрпіге арналған ыдыс (жабық)

дана

вагонға 2

12.

Түрпі

дана

вагонға 2

13.

Үштүрлі түстегі (қызыл, сары, жасыл) белгі беретін қол шам

дана

вагонға 1

14.

Белгі беретін жалаушалар

комп.

вагонға 1

15.

Брезент қолғаптар

жұп

вагонға 1

16.

*Резина қолғаптар

жұп

вагонға 2

17.

Шүберек ұстағыш

дана

вагонға 1

18.

Мұз оятын сүймен

  дана

вагонға 1

19.

Балта

дана

составқа 2

20.

Вагонды жинауға арналған халат

  дана

вагонға 2

21.

Дәрі салғыштар

   дана

составқа 2 (апатты және күнделікті)

22.

Ф-30 арналған орағыш

дана

составқа 1

23.

Зембілдер

дана

составқа 1

24.

Термометр

дана

вагонға 2

25.

Педикулезға қарсы орағыш

  дана

составқа 1

26.

Жууға және дезинфекциялауға арналған құрғақ заттарды сақтайтын жабық ыдыс

  дана

вагонға 2

27.

Әжетхана қағазын сақтайтын жабық қорап

дана

вагонға 2

28.

көрнекі ақпараттарға арналған А4 форматындағы рамкалар

дана

вагонға 4

29.

Поезд ішіндегі радиостанция

дана

составқа 1

30.

Сейф

дана

составқа 1

31.

*Вагон жинауға арналған сыпырғы

дана

айына 1

32.

*Еден жууға арналған шүберек

дана

айына 3

33.

*Вагон тазалауға арналған шүберек

грамм

200

34.

*Әжетхана сабыны

грамм

200

35.

*Әжетхана қағазы

орам

4

36.

*Вагонды жинауға арналған жуу заттары

грамм

200

37.

*Дезинфекциялайтын заттар

грамм

200

38.

*Петардалар

дана

составқа 6

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады