2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 22 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 қаңтарда N 14-5-68 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 1248 хатымен

       Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2012.08.03 № 1248 хатымен.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» N 836 қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі және ұйымдардың тізбесін қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі(Ш.Отыншиев) бекітілген тізбеге сәйкес 2009 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      3. Қоғамдық  жұмыстарға  қатысатын  жұмыссыздардың  еңбекақысы бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
      4. Аудандық қаржы бөлімі (Б.Утегенов) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында тіркеліп ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы  қаулының  орындалуын  бақылау  аудан  әкімінің  орынбасары Р.Жолдасқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С.Кенжебаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады