Аудандағы жекелеген елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қазандағы N 25-185-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 тамыздағы N 761 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 желтоқсанда N 14-7-109 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108-бабы 5 тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыcы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3) тармағына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның жер қатынастары мен сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес:
      1) 0,55 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Аязхан Қалыбеков ауылдық округі Жамбыл ауылының жалпы ауданы 67,21 гектар;
      2) 12,20 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бірлік ауылдық округі Алғабас ауылының жалпы ауданы 150,82 гектар;
      3) 5,28 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бірлік ауылдық округі Еркінабад ауылының жалпы ауданы 60,80 гектар;
      4) 20,05 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бірлік ауылдық округі Табысты ауылының жалпы ауданы 104,48 гектар;
      5) 11,29 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жаңажол ауылдық округі Достық ауылының жалпы ауданы 11,29 гектар;
      6) 1,54 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Достық ауылдық округі Водное ауылының жалпы ауданы 12,12 гектар;
      7) 5,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Достық ауылдық округі Бескетік ауылының жалпы ауданы 148,21 гектар;
      8) 3,30 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жолдасбай Ералиев ауылдық округі Ақжайлау ауылының жалпы ауданы 15,57 гектар;
      9) 1,68 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жолдасбай Ералиев ауылдық округі М.Әуезов ауылының жалпы ауданы 57,08 гектар;
      10) 1,62 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жолдасбай Ералиев ауылдық округі Жағажай ауылының жалпы ауданы 44,42 гектар;
      11) 1,30 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жолдасбай Ералиев ауылдық округі Жазықсай ауылының жалпы ауданы 61,01 гектар;
      12) 2,53 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жолдасбай Ералиев ауылдық округі Жданов ауылының жалпы ауданы 125,76 гектар;
      13) 5,67 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жолдасбай Ералиев ауылдық округі Үтіртөбе ауылының жалпы ауданы 72,67 гектар болып белгіленсін.
      2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы:    Ә.Асауов

      Аудан Әкімі:                               Қ.Хаметов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы:              Ж.Әбдәзімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады