Ауыл көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігі Иіржар ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 46 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 қазанда N 14-7-99 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Иіржар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Иіржар ауылдық округіне қарасты:
      Иіржар ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Алаш, Бірлік, Достық, Наурыз, Көктем, Тәуелсіздік, Қайнар, Ынтымақ;
      С.Рахимов ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Нұр, Достық;
      Азат ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Шынар, Достық;
      Диқан ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Тәуелсіздік, Ынтымақ, Достық, Наурыз, Қызғалдақ, Нұрдала, Ордабасы, Жастар, Бәйтерек, Береке, Жайлау, Азамат, Бейбітшілік, Жеңіс, Шаттық, Көрікті;
      Алаш ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Көктем, Наурыз, Бірлік, Кең, Кеңсе, Қайнар, Береке, Азамат, Бәйтерек, Бейбітшілік, Табысты;
      Шапағат ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Көктем, Наурыз, Береке;
      Мақтажан ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Егемен, Атамекен, Жаңа талап, Жастар;
      Азамат ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жібек жолы, Ордабасы, Достық, Ынтымақ;
      Наурыз ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Достық, Жұлдыз, Азат, Жаңа тұрмыс, Көрікті деген атаулары берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды әкім орынбасары Т.Ахмедиевке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Ауылдық округі әкімі                       А.Еркинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады