Ордабасы ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы N 15/6 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 наурызда N 14-8-64 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы N 29/13 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2010.03.30 N 29/13 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97- бабының 2-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ордабасы ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Ордабасы ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 21 қаңтар 2008 жылы 14-8-47 нөмірімен тіркелген) 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 5/5 шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      ХV сессиясының төрағасы                    Н.Е.Раманқұл      

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Ғ.О.Аташов

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
18 ақпандағы N 15/6 шешімімен
бекітілген қосымша

      Ордабасы ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға
тұрғын үй көмегін беру       ҚАҒИДАСЫ

      Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" және "Байланыс туралы" Заңдарына сәйкес жасалды.

           1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұрғын үй көмегі - халықты әлеуметтік қорғау түрінің бірі болып табылады. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифінің артуына өтемақы төлеуге және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығынға беріледі;
      2) отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындау кезіндегі тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілген көмектер (атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы), қайтыс болғанда жерлеуге және бала туғанда берілетін біржолғы төлемдер, төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасыға көрсетілген көмектер мен жер үлесінен, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты қоспағанда, есепті кезеңде алынған табыстың барлық түрлері есепке алынады;
      3) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңнамасымен белгіленген отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламды және коммуналдық қызметтерге тұрғын үй көмегін есептеу үшін қолданылады;
      4) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асырушы ауданның атқарушы органы;
      5) уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар;
      6) өтініш беруші – тұрғын үй көмегін тағайындату үшін отбасы атынан өтініш беретін адам.

      2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы

      2. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген отбасыларға, аумақта тұрақты тұратын және меншік нысанына қарамастан тұрғын үйдің меншік иесі немесе пайдаланушы (жалдаушы, жалға алушы) болып табылатын жеке тұлғаларға беріледі.
      Егер, тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифінің артуына өтемақы төлеу шығындары (тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері шегіндегі) отбасы жиынтық табысының 20 пайызы үлесінен жоғары болған жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалады.
      3. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі ( пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға беруші (қосымша жалға беруші), сондай-ақ жалдауға беруші отбасы тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      Отбасында күтуді қажет етеді деп танылған бірінші, екінші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды және үш жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, еңбекке жарамды отбасындағы тұлғалары жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскерде қызметін өткермейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген кезеңге, бұл отбасыға тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      4. Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына және төленуіне апарып соқтырған дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда отбасы алты айға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      5. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздардың отбасы алты айға тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      6. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтерін тұтынуға жеңілдіктері бар және осымен бір мезгілде тұрғын үй көмегін алу құқығы бар тұлғаларға әлеуметтік қорғау нысандарының бірін таңдау мүмкіндігі беріледі.

      3. Тұрғын үй көмегіне өтініш беру тәртібі

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттармен өтініш жасайды:
      1) тұрғын үй меншік иесі (жалға алушының) өтініші;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің "Ордабасы ауданы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы" Республикалық мемлекеттік мекемесі берген жеке меншігіндегі тұрғын жай (пәтер) саны туралы анықтама;
      3) отбасы құрамы туралы анықтама, немесе жаңа үлгідегі үй кітапшасы;
      4) табысы туралы анықтама (зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, алимент, еңбекақы, өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс азаматтардың жазбаша түсінігімен расталады, күндізгі бөлімде оқитындығы туралы анықтама), жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама (отбасында жұмыс істемейтін, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін еңбекке жарамды адамдары бар)
      5) тұрғын жайға құқылығын растайтын құжат (жекешелендіру шарты, сыйға тарту шарты, сату-сатып алу шарты, пәтердің немесе үйдің жоспары, жер учаскесінің жоспары);
      6) телекоммуникациялар желісінің абоненттері екендігін растайтын шарт;
      7) балалардың туу туралы, (N 4 үлгі), неке қию туралы, немесе оның бұзылғандығы туралы, әкелігін анықтайтын куәліктері;
      8) жекеменшік иесімен бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің жеке бастарын растайтын құжаттары;
      9) СТК ( түпнұсқа, көшірмесі);
      10) ӘЖК ( түпнұсқа, көшірмесі);
      кондоминиум объектісінің қатысушылары үшін:
      11) кондоминиум объектісінің қатысушысы ретінде мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәлігі;
      12) сараптамадан өтіп, мөрмен куәландырылған көппәтерлі үйдің әрбір күрделі жөндеу жұмыстарының түріне есептік-сметалық құжат;
      13) жеке меншік иесі мен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін мекеменің өзара жасасқан шартының көшірмесі;
      14) төленген төлемі көрсетілген, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге өтініш берушінің жұмсаған шығындарын өтеу қажеттігі туралы кондоминиум төрағасынан анықтама – қолдаухат;
      15) кондоминиум қатысушысының үлес мөлшері көрсетілген, заңнамаларға сәйкес тіркеуден өткен кондоминиумның техникалық паспорты;
      16) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстар аяқталғаннан кейін қабылдау-тапсыру актісі.
      8. Тұрғын үй көмегін алуға құқық тоқсан сайын отбасының табысы туралы мәліметтерді бере отырып расталады.
      9. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      10. Уәкілетті орган көшірмелерді түпнұсқалармен салыстырып тексереді, оларды тіркейді және өтініш пен құжаттарды қабылдағаны туралы растаманы өтініш берушіге береді.

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      11. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифі артуының сомасын төлеуге және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша алдыңғы тоқсандағы шығындарды өтеу үшін бюджеттен бөлінген қаржы шегінде ақшалай төлем түрінде беріледі.
      Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығын өтемақысы кондоминиум қатысушысы ретінде төлемдерді (жарналарды) төлеген жағдайда өтеледі.
      12. Тұрғын үй көмегі әлеуметтік норма және норматив бойынша есептелінген тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің артуына өтемақы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына ақы төлеуге қажетті қаржылардың 60 пайызы көлемінде тағайындалады.
      Коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормативтері (орта мөлшері) коммуналдық қызметтер ұсынатын деректері негізінде айқындалады, қатты отынды тұтынудың мөлшерін уәкілетті орган белгілейді.
      13. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап тұрғын үй көмегін алуға құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      Барлық қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп саналады.
      14. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарына ақы төлеу азаматтарға жалпы негіздерде жүргізіледі.
      15. Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      Бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      16. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн мерзімде уәкілетті органды тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етуге міндетті.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшеріне немесе оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлар болған жағдайда, қайта есептеу олар анықталған кезінен бастап немесе келесі тоқсанда жүргізіледі.
      Артық төленген сомалар ерікті тәртіппен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      5. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      17. Тұрғын үй көмегін төлеу алушының таңдауы бойынша уәкілетті ұйым арқылы, өзі таңдаған ұйымдағы жеке шотының деректерін көрсете отырып берген өтініші негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      18. Тұрғын үй көмегін төлеу өткен ай үшін ай сайын жүргізіледі.
      19. Тағайындалған тұрғын үй көмегі сомасын алушылардың жеке шоттарына есептеу қаражаттың түсуіне қарай жүргізіледі.

      6. Тұрғын үй көмегін көрсету үшін жауапкершілік

      Уәкілетті органдар мен уәкілетті ұйым тиісінше тұрғын үй көмегін тағайындаудың, төлеудің және берудің уақытылығы үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады