"Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 15/8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 маусымда № 5-1-113 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қалалық мәслихатының 23.07.2010 № 26/4 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына 1 тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына, "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2223 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 26 наурыздағы "Дидар", 2005 жылғы 19 наурыздағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған), "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 маусымдағы № 34/3 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-63 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдедегі № 88 – 89 "Дидар", 2007 жылғы 28 шілдедегі № 113 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған), "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 29 қарашадағы № 3/5 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-73 нөмірімен тіркелген 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 156 "Дидар", 2007 жылғы 22 желтоқсандағы № 190 – 191 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған), "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 6/9 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-83 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 15 мамырдағы № 63 "Дидар", № 72 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған), "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 шілдедегі № 8/7 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-88 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 29 шілдедегі № 101 "Дидар", № 113 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған), "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы № 13/6 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-104 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 12 наурыздағы № 32 "Дидар", № 34–35 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) енгізілген өзгерістерімен келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған шешімнің қосымшасындағы:
      12 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй көмегін алушылар тоқсан сайын отбасының табыстары туралы анықтамаларды, өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет және байланыс қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектерді қоса береді. Алдыңғы тоқсанның коммуналдық қызмет ақысы жартылай төленген және төленбеген жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.";
      18 тармақтың 3) тармақшасындағы "келесі жылдық қайта аттестаттау" сөз тіркесі барлық мәтін бойынша алынып тасталсын;
      22 тармақтағы "кезекті тоқсан сайынғы қайта аттестаттау белгілі себептерге байланысты өтпегендерден басқа (өтінушінің ауыруы, курорт, шипажайда емделуіне, туысқандарының ауыруына немесе қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса)" сөзі алынып тасталсын;
      22 тармақ "Тұрғын үй көмегін тағайындауға құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-іне дейін қабылданады." сөйлемімен толықтырылсын;
      23 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "Алушылар тұрғын үй көмегін құжаттарды ресімдеу уақытына қарамастан, тоқсан ішінде алады. Отбасының табыстары туралы анықтамаларды, өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет және байланыс қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектерді ағымдағы тоқсан ішінде ұсынбаған алушыларға тұрғын үй көмегін тағайындау өтініш жасаған айдан бастап жүзеге асырылады.".
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Р. Мамырбаева
      Қалалық мәслихат хатшысы Е. Нәбиев

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады