2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы N 1564 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 қаңтарда N 5-2-121 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 1409 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010.12.13 N 1409 (жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13-тармақшасы негізінде және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес, уақытша жұмыспен қамту және халықтың жұмысқа орналасуда қиындықтарды бастан кешіп жүрген топтарын қолдау мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орын беруші ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер тізбесі, түрлері, көлемдері және нақтылы шарттары, қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға қатысушылар еңбегіне ақы төлеу мөлшерлері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қатысушылардың еңбек ақысының 2010 жылға белгіленген ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде бекітілсін.
      3. Меншік нысандарына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер басшыларына, (келісім бойынша):
      1) осы қаулының орындалуын ұйымдастыру;
      2) жұмыскерлердің жекелеген санатына (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектергетолық емес жұмыс күнмен жұмыс істеуге мүмкіншілік беру, сондай-ақ жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлерін қолдану ұсынылсын.
      3) жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы шартқа сәйкес есептілікті беру ұсынылсын.
      4. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қ. Е. Төлесбаев):
      1) жұмыссыз азаматтарды жұмыс берушілер өтінішіне сәйкес қоғамдық жұмыстарға жіберсін;
      2) қоғамдық жұмыстарға бірінші кезекте мақсатты топтарға кіретін жұмыссыз азаматтарды тартсын;
      3) жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарт жасасын.
      5. Қаулының атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Семей қаласының әкімі
      міндетін атқарушы                               С. Оразалиев

      Қала әкімдігінің
      2009 жылғы 15 желтоқсандағы
      № 1564 қаулысына қосымша

      2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс
      орындарын беруші ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер тізбесі

рет
№№

Жұмыс берушінің атауы

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Қоғамдық жұмыстардың көлемі

Қоғамдық жұмыстардың шарттары

Жұмыс орын
дары
ның
саны

Қаржыландыру көздері мен еңбекке ақы төлеу мөлшерлері

бюджет

жұмыс беруші

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

«Семей қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмыс; аумақтарды көгалдандыру және көркейту

Жұмыстың мөлшері (өнімділігі, мерзімі, қызмет көрсетуі) ҚР Еңбек Кодексіне (9 тарау 116 бап117 бап118 бап) сәйкес белгіленеді

Жұмыс мерзімінің ұзақтығы жұмыссыздар үшін ҚР Еңбек Кодексіне (6 тарау 77 бап81 бап82 бап) сәйкес белгіленеді. Еңбекақы жұмыс уақытын есепке алу тәбіліне сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыссыздар құқықтары кепілдігі еңбекті қорғау мен қауіпсіздігі саласында ҚР Еңбек Кодексіне (34 тарау 310 бап311 бап314 бап317 бап) сәйкес

20

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

2.

«Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмыс;

-//-

-//-

4

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес


3.

Өнеркәсіп, көлік және байланыс кәсіпорындары (келісім бойынша)

Аумақтарды экологиялық сауықтыру және жиыстыру; үй-жайларды жиыстыру; ағымдағы құжаттармен жұмыс;

-//-

-//-

10

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

белгі
ленген кедей
лік шегінен төмен емес

4.

«Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Өңірлік қоғамдық науқандарды өткізуге жәрдемдесу; мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеу

-//-

-//-

45

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

5.

«Семей қаласының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Халықты құжаттандыру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмектесу

-//-

-//-

25

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

6.

«Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу

-//-

-//-

6

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

7.

«Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу

-//-

-//-

4

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

8.

«Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге; орындаушыларға шығыс құжаттарын тіркеуге және таратуға

-//-

-//-

8

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

9.

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың ШҚО филиалы Семей қалалық бөлімшесі (келісім бойынша)

Зейнетақы істерімен жұмысқа жәрдемдесу; мұрағат құжаттарымен жұмыс; өңірлік қоғамдық науқандарды өткізуге көмектесу

-//-

-//-

20

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

10.

«ШҚО-ның қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеу

-//-

-//-

25

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

11.

«Семей қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекетік мекемесі (келісім бойынша)

Салық ескертпелерін тіркеуге, оларды салық төлеушілердің мекенжайлары бойынша жеткізуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмыс; ауланы тазалау; үй жайларды жиыстыру

-//-

-//-

10

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

12.

«Семей қаласының әкімшілік соты» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Мұрағат құжаттарымен жұмыс; аумақты көркейту

-//-

-//-

8

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

13.

Семей қалалық  соты» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Мұрағат кұжаттармен жұмыс; аумақты және үй-жайларды жиыстыру

-//-

-//-

8

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

14.

«Семей қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша). Қаланың қылмыстық-атқару инспекциясы (келісім бойынша) Орталық, қала маңындағы полиция бөлімі (келісім бойынша)

Мұрағат құжаттарымен жұмыс; ауланы тазалау; үй жайларды жиыстыру

-//-

-//-

35

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

15.

Шағын және орта бизнес, сауда кәсіпорындары (келісім бойынша)

Қосалқы жұмыстар; аумақтарды экологиялық сауықтыру және жиыстыру; үй-жайларды жиыстыру жайларды жиыстыру

-//-

-//-

10

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

16.

«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Семей қалалық № 2 өртке қарсы қызмет жасағы (келісім бойынша)

Аумақты және үй-жайларды жиыстыру

-//-

-//-

8

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

17.

«Семей қалалық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеу

-//-

-//-

8

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

18.

«Семей қаласының белгілі тұрағы және құжаттары жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесі

Аумақты экологиялық сауықтыру және жиыстыру; үй-жайларды жиыстыру; жөндеу жұмыстары

-//-

-//-

15

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

19.

«ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» өңірлік мемлекеттік кәсіпорынның Семей филиалы (келісім бойынша)

Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеу

-//-

-//-

8

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

20.

«Семей қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі

Сессиялар мен тұрақты комиссия хаттамаларын ресімдеуге көмектесу; мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеу

-//-

-//-

4

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

21.

«Семей қаласының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Мұрағат құжаттарымен жұмыс; аумақты көркейту үй - жайларды жиыстыру

-//-

-//-

8

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

22.

«Семей қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік қызметкерлердің көмекшілері; үй-жайларды жиыстыру; жөндеу жұмыстары

-//-

-//-

14

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

23.

Білім ұйымдары мекемелері, соның ішінде балалардың мектепке дейінгі мекемелері

Мәдени мақсаттағы ауқымды іс–шараларды ұйымдастыруға көмектесу; балалардың және жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру; үй-жайларды жиыстыру және жөндеу

-//-

-//-

40

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

24.

Семей қаласының жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындары

Мұрағат құжаттарымен жұмыс; аумақтарды жиыстыру; жөндеу жұмыстары

-//-

-//-

25

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

25.

Облыстық Семей тарихи-өлкетану музейі (келісім бойынша)

Аумақты көркейту; үй-жайларды жиыстыру

-//-

-//-

4

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

26.

«Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналык әлеуметтік мекемесі” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Жөндеу жұмыстары; аумақтарды көгалдандыру және көркейту; науқас және егде жастағы адамдарды күту

-//-

-//-

13

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

27.

«Семей қаласының мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Аумақты көркейту; үй-жайларды жиыстыру

-//-

-//-

4

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

28.

Денсаулық сақтау ұйымдары, мекемелері (келісім бойынша

Аумақтарды көркейту, үй-жайларды жиыстыру; жөндеу жұмыстары

-//-

-//-

35

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

29.

Білім бөлімінің «Аула клубтары қауымдастығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру

-//-

-//-

30

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

30.

«Семей қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмыс;

-//-

-//-

8

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

31

«Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмыс;

-//-

-//-

5

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

32

«Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмыс;

-//-

-//-

8

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

33

«Семей қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмыс;

-//-

-//-

8

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

34

Семей қаласының әуесқой бағбандарының тұтынушылар кооперативтері (келісім бойынша)

Құқық тәртібін қорғау; саяжай учаскелерін күзету

-//-

-//-

120

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

35

Пәтер иелері кооперативтері (келісім бойынша)

Құқық тәртібін қорғау; көп пәтерлі үйлердің подъездерін күзету

-//-

-//-

40

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

36

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Аумақтарды көркейту, үй жайларды жиыстыру; жөндеу жұмыстары

-//-

-//-

4

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

37

“Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі” мемлекеттік мекемесі

Азық-түлік және азық-түлік емес тауар бағаларының мониторингісін жүргізуге көмектесу; құжаттармен жұмыс

-//-

-//-

30

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

38.

“Семей қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша)

Жөндеу жұмыстары; аумақтарды көгалдандыру және көркейту;

-//-

-//-

4

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

39.

«Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Жетісу өңірлік инспектурасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Көкөністерді өсіру жөніндегі маусымдық қысқа мерзімді жұмыстар; маусымдық жылыту жұмыстары

-//-

-//-

4

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

40.

Қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар (келісім бойынша)

Қорық аймақтарын қалпына келтіру, ғимараттарды жөндеу, әлеуметтік - құқықтық көмек көрсету; онкологиялық науқастарды психологиялық қолдау; балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру; халыққа социологиялық сұрау салу; жалғызілікті егде жастағы азаматтарды күту; өңірлік қоғамдық науқандарды өткізуге жәрдемдесу; құжаттармен жұмыс

-//-

-//-

35

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

41.

Жаңасемей өңірінің ауылдық округтері: Достық, Жазық, Жиенәлі, Знаменка, Ертіс, Озерка, Приречный, Новобаженово, Шаған кенті

Ауылдар аумақтарын жиыстыру, көркейту; құқық тәртібін қорғау; малдәрігерлік алдын алу іс-шараларына қатысу; хат-хабарды жеткізу; өңірлік қоғамдық іс-шараларды өткізуге жәрдемдесу

-//-

-//-

80

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

42.

Шульба кентінің кәсіпорындары мен ұйымдары (келісім бойынша) соның ішінде: «Шульба кентінің әкімі» мемлекеттік мекемесі, «Облыстық балалар үйі» мемлекеттік мекемесі, «Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, білім және денсаулық сақтау мекемелері

Өңірлік қоғамдық науқандарды өткізуге жәрдемдесу; халыққа социологиялық сұрау салу; хат-хабар жеткізу; қоғамдық тәртіпті қорғау; аумақты экологиялық сауықтыру және жиыстыру; нысандарды қайта жаңғырту және жөндеу; балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыру

-//-

-//-

50

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-

43.

Абыралы өңірінің ауылдық округтері: Абыралы, Ақбұлақ, Айнабұлақ, Алғабас, Қараөлең, Таңат, білім және денсаулық сақтау мекемелері

Ауылдар аумақтарын жиыстыру, көркейту; құқық тәртібін қорғау; малдәрігерлік алдын алу іс-шараларына қатысу; хат-хабарды жеткізу; өңірлік қоғамдық іс-шараларды өткізуге жәрдемдесу

-//-

-//-

50

ең төмен еңбек
ақыдан кем емес

-


Жиыны:







900





      Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты:
      Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды екі демалыс күн беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуденсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орынын толтыру зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектерон сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.
      
      
      «Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы                  Қ. Төлесбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады