"Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру Қағидалары туралы" 2005 жылғы 15 наурыздағы N 406 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 632 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 сәуірде N 5-3-70 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 15 маусымдағы N 370 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2010.06.15 N 370 қаулысымен (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуды жоғарлату және әлеуметтік қызметтерді көрсету сапалығын жақсарту бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімінің тапсырмасын орындауында, халықтың мақсаттық топтарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды ұйымдастыру мақсатында, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру Қағидалары туралы" әкімдіктің 2005 жылғы 15 наурыздағы № 406 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 18 сәуірде 2290 нөмірімен тіркелген, "Дидар" газетінде 2005 жылғы 19 шілдедегі 71 нөмірінде, "Рудный Алтай" газетінде 2005 жылғы 06 қыркүйектегі 136 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) актінің тақырыбында "Қағидалар" сөзі "Нұсқаулық" сөзіне ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген 1-3 қосымшаларында, барлық мәтін бойынша "Қағидалар" сөзі "Нұсқаулық" сөзіне ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген бірінші қосымшасында "Жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру бойынша Нұсқаулықта":
      "Жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру деген екінші бөлімде:
      жетінші тармақтың екінші абзацында "6 ай мерзіміне дейін" сөздері "4 ай мерзіміне дейін" сөздерімен ауыстырылсын;
      он бірінші тармақта "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен" сөздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен" сөздерімен ауыстырылсын;
      он төртінші тармақтың екінші абзацында:
      "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен" сөздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен" сөздерімен ауыстырылсын;
      "Жастар іс-тәжірибесін Қаржыландыру" деген үшінші бөлімде:
      "Жастар іс-тәжірибесіне қатысушыға еңбек төлемі" деген жиырмасыншы тармақта:
      бірінші тармақшада "1 ең төмен жалақымен" сөздері "1,2 ең төмен жалақымен" сөздерімен ауыстырылсын;
      екінші тармақшада "1,2 ең төмен жалақысы" сөздері "1,5 ең төмен жалақысы" сөздерімен ауыстырылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген үшінші қосымшасында "Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу Нұсқаулығында":
      "Шығындарды өтеу өлшемі" деген төртінші бөлімде:
      "Шығынды бөлшектеп өтеу" деген он екінші тармақта:
      бірінші тармақшада "бірақ бір айда үш айлық есептік көрсеткіштен артық емес" сөздері "алты айлық есептік көрсеткішке дейін" сөздерімен ауыстырылсын;
      екінші тармақшада "бірақ бір айда екі айлық есептік көрсеткіштен артық емес" сөздері "алты айлық есептік көрсеткішке дейін" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкім орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Курчатов қаласының әкімі                               Р. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады