"2009 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 128 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 5 маусымдағы N 309 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 шілдеде N 5-8-89 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы N 15 хатымен

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық әкімдігінің 2010.01.10 N 15 хатымен
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы, 1-тармағы, 13)-тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 57 және 20-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңарту мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысы негізінде, еңбек нарығындағы жағдайларды ескере отырып мемлекеттің жұмыспен қамту саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласын қосымша мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз ету мақсатында, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 128 «2009 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 6 қаңтардағы № 5-8-73 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы № 2 (6264) санында, 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 3 (6265) санында, 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 4 (6266) санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2 қосымшаның 7-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «50 жастан жоғары жастағы әйел адамдар, 55 жастан жоғары жастағы ер адамдар»;
      2) 13-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «мектеп, кәсіптік, бастауыш, орта және жоғары білім беру орындарының түлектері»;
      3) нысаналы топтардың тізбесі келесі мазмұнда толықтырылсын:
      «19. Өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге, соның ішінде қайта құруға және (немесе) жұмыс көлемін қысқартуға байланысты толық емес жұмыс күнінде жұмыс істейтіндер»;
      «20) Ақысы төленбейтін демалыстарға жіберілген тұлғалар»;
      «21) Жазғы демалыстағы студенттер мен мектеп оқушылары».
      2. Осы қаулы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                             Т. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады