"Халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау шаралары туралы" 2009 жылғы 1 шілдедегі № 221 қаулыға өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 17 тамыздағы N 281 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 тамызда N 5-9-112 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Глубокое ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 ақпандағы N 81 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Глубокое ауданы әкімдігінің 2012.02.27 N 81 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 836 қаулысын орындауда, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Глубокое аудандық әкімдіктің «Халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау шаралары туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 27 шілдесінде № 5-9-110 тіркелген, аудандық «Огни Прииртышья» газетінің 2009 жылғы 7 тамыздағы № 32 санында жарияланған) 2009 жылғы 1 шілдедегі № 221 қаулысына мына өзгертулер енгізілсін:
      Жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулыққа:
      1 азат жолдың 2 тармағы төмендегідей мазмұндалсын:
      «жұмыс берушінің жұмысшылардың еңбегін жартылай өтеумен нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдармен келісім шарт негізінде жұмыс берушімен құрылған әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс орны».
      2. Қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Н. Пономареваға жүктелсін.

      Глубокое ауданының әкімі               В. Кошелев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады