"Жарма ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы "Жарма ауданының өте мұқтаж және аз қамсыздандырылған азаматтарына біржолғы материалдық көмекпен, облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға арнаулы жәрдемақы тағайындау және төлеу туралы" № 38 (2008 жылғы 15 ақпанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5-10-57 тіркелді) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 ақпандағы N 45 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің Жарма ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 19 ақпанда N 5-10-75 тіркелді. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 шілдедегі N 225 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімдігінің 2009.07.16 N 225 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13)14) тармақшасына Нормативтік құқықтық актілер туралы" ҚР 1998 жылы 24 наурызындағы № 213 заңының 28 бабының негізінде Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарма ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 38 "Өте мұқтаж және аз қамсыздандырылған азаматтарға біржолғы материалдық көмекпен, облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға арнаулы жәрдемақы тағайындау және төлеу" (2008 жылғы 15 ақпанда нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5-10-57 тіркелді) 2008 жылы 15 ақпан айында № 5-10-57 тіркелген (2008 жылы 25 сәуірдегі № 17 аудандық "Рауан-Восход" газетінде жарияланған) қаулысына толықтырулар енгізілсін:
      "Жекеленген санаттардағы азаматтарға әлеуметтік төлемақылар төлеуді жүзеге асыру тәртібі туралы" бекітілген қаулы ережесінің 2 бөлімі келесі мазмұндағы 10-3, 10-4, 10-5, 10-6 тармақтармен толықтырылсын:
      "10-3. Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген дербес зейнеткерлерге ай сайын 2000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.";
      "10-4. Шығыс Қазақстан облысына еңбек сіңірген дербес зейнеткерлерге ай сайын 2000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.";
      "10-5. Әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан, мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға ай сайын 5000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.";
      "10-6. Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілеріне ай сайын 2000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.
      Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына ай сайын 2000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.";
      2. Жарма ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 164 қаулысында 3-бөлімнің 12 тармағы толықтырумен көрсетілген "Азық-түлік тағамдарының бағаларының көтерілуіне байланысты аз қамтылған адамдарға ай сайын 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек бөлінеді" деген сөйлем "Азық—түлік тағамдарының бағаларының көтерілуіне байланысты аз қамтылған адамдарға ай сайын 0,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек бөлінеді" деп оқылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Жарма ауданы әкімінің

міндетін атқарушы



Ә.Рахымбаев

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады