2010 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 4518 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қаңтарда N 5-13-67 тіркелді. Күші жойылды - Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы N 234 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2010.12.30 N 234 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң  қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Еңбекке орналасуда қиыншылықтарды бастан кешіріп жүрген аудан көлеміндегі тұрғындардың нысаналы топтарына әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 5-4) тармақшасына және 18-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысына сәйкес, Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын шағын және орта бизнес нысандарының тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д. Чукубаева) нысаналы топтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздарды іріктейтін болсын.
      3. Катонқарағай ауданы әкімдігінің осы қаулысы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы «2008 жылғы әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» № 3738 қаулысының (2009 жылдың 14 қаңтарында нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-13-53 тіркелген) күші жойылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Сәдуовке жүктелсін.

      Аудан әкімі                         С. Зайнулдин

Катонқарағай аудандық әкімдігінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 4518 қаулысына қосымша

2010 жылға әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын шағын және орта
бизнес нысандарының
ТІЗІМІ


р/с

Атауы

Жіберілетін жұмыссыздардың
саны

1

«Алтай АН» ШҚ

2

2

«Өрнек» ШҚ

6

3

ЖШС «Мади»

2


ЖИЫНЫ

10

      Аудан әкімі аппаратының басшысы             Л. Токсанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады