Күршім ауданы Боран ауылдық округіне ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі N 1336 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қазанда N 5-14-93 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 08 желтоқсандағы N 1844 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2010.12.08 N 1844 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» № 339 Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Боран ауылдық округінің Боран, Қазақстан ауылдарында ұсақ малдарының сарып ауруына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Аудандық аумақтық ауыл шаруашылық инспекциясына (Н. Екібасов) (келісімі бойынша), аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Қ. Төлеуғазин) (келісімі бойынша) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Боран ауылдық округінің әкіміне (М. Рапиков) шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары өнімдерін, шикізаттарын дайындау және пайдалану, еңбекті ұйымдастыру және басқа да әкімшілік шаруашылық шараларды Қазақстан Республикасы ветеринария саласындағы заңнамаларды сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Ә. Әлхановқа жүктелсін.
      5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының әкімі             А. Сеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады