2005 жылғы 15 сәуірдегі № 1569 «Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар және оларды қаржыландыру Ережелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 1105 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 ақпанда N 5-17-96 тіркелді. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қарашадағы N 359 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 2009.11.13 N 359 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 4, 5, 7, 9-баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындықтар көретін халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгілеу мақсатында Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 1569 «Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар және оларды қаржыландыру Ережелері туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2336 болып 2005 жылдың 12 мамырында тіркелген қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      № 3 қосымшаның 12-тармақтағы «айына үш айлық есептік көрсеткіш» сөздері «айына төрт айлық есептік көрсеткіш» сөздерімен өзгертілсін;
      № 3 қосымшаның 13-тармақтағы «айына үш айлық есептік көрсеткіш» сөздері «айына төрт айлық есептік көрсеткіш» сөздерімен өзгертілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданының әкімі                М. Музапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады