Халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қарашадағы N 359 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 07 желтоқсанда N 5-17-118 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Ұлан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 05 маусымдағы N 793 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2010.06.05 N 793 (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7–баптарына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындықтары бар халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды белгілеу мақсатында Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілсін:
      1) осы қаулының 1 қосымшасына сай әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру бойынша Нұсқаулық;
      2) осы қаулының 2 қосымшасына сай кәсіптік оқытуға жіберілген жұмыссыз азаматтардың тамақтану және медициналық куәландіру шығындарын өтеу бойынша Нұсқаулық.
      2. Ұлан ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 1569 «Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар және оларды қаржыландыру Ережелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2336 болып 2005 жылдың 12 мамырында тіркелген, 2005 жылғы 2 шілдедегі № 37 «Ұлан таңы» аудандық газетінде жарияланған);
      2) 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 1105 «2005 жылғы 15 сәуірдегі № 1569 «Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар және оларды қаржыландыру Ережелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-96 болып 2009 жылдың 10 ақпанында тіркелген, 2009 жылғы 21 ақпандағы № 8 «Ұлан таңы» аудандық газетінде жарияланған);
      3) 2009 жылғы 27 мамырдағы № 107 «2009 жылғы 30 қаңтардағы № 1105 «2005 жылғы 15 сәуірдегі № 1569 «Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар және оларды қаржыландыру Ережелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-105 болып 2009 жылғы 26 маусымда тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымдағы № 30 «Ұлан таңы» аудандық газетінде жарияланған).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданының әкімі             Б. Уйсумбаев

Ұлан ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 13 қарашадағы
№ 359 қаулысына 1 қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
бойынша Нұсқаулық

1. Жалпы нұсқаулықтар

      1. Жол картасы шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы нысаналы топтарға жатқызылған жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыс орындарына орналастыру мақсатында әзірленді.
      2. Осы нұсқаулық «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-11 Заңның 4, 5-бабтарына және мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған «Жол картасы» іс-қимылдар жоспарына сәйкес әзірленді.
      3. Нұсқаулық нысаналы топтардан азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды және қаржыландыруды белгілейді, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен негізгі шарттарды және есептеу жүйесін реттейді.

2. Ұйымдастыру және әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа
орналастыру

      4. Әлеуметтік жұмыс орнын құруды жергілікті атқарушы органмен келісімшарт негізінде жұмыс беруші жүзеге асырады.
      5. Келісімшартта жақтардың міндеттері, жұмыс түрі, көлемі, еңбек ақы төлемінің мөлшері мен нақты шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздері көрсетіледі.
      6. Әлеуметтік жұмыс орны нысаналы топтар үшін уақытша жұмыс орындарын ұсыну немесе құру жолымен ұйымдастырылады, уақытша сипатқа ие болуда.
      7. Базасында әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын кәсіпорындарды іріктеу мынадай принциптер бойынша жүргізіледі:
      1) «Жол картасы» бойынша жұмыс көлемін орындайтын кәсіпорындарға басымдылық беріледі;
      2) өз жағынан 15000 (он бес мың) теңгеден кем емес еңбек ақы төлеуге міндеттенетін әлеуметтік-маңызды кәсіпорындарға;
      3) өз жағынан 15000 (он бес мың) теңгеден кем емес еңбек ақы төлеуге міндеттенетін кәсіпорындарға.
      8. Нысаналы топтардан азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды кезекпен тәртібінде жұмыспен қамту бөлімдері жүзеге асырады.
      9. Жұмыс беруші нысаналы топтардан азаматтарды жұмыспен қамту бөлімінің жолдамасы бойынша 6 айға дейінгі мерзімде әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырады, үзбелі талонды толтырып, 3 күн ішінде жұмыспен қамту бөлімінің мекен-жайына жолдайды.
      10. Азаматты әлеуметтік жұмыс орнына қабылдау туралы шешім қабылданған жағдайда, «Жұмыс беруші» Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес «Жұмыспен қамту бөлімімен» келісімшартта аталған мерзімге жұмыссызбен еңбек шартын (контракт) жасасады.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері
мен шарттары

      11. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған нысаналы топтардан азаматтардың еңбек ақы төлемі айына 30 мың теңгеден кем болмауы тиіс; жұмыс беруші жағынан 15 мың теңгеден кем емес және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жағынан республикалық бюджеттен 15 мың теңге.
      12. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жағынан жұмыс беруші жұмыспен қамту органына осы айда қатысушының жұмыс істеген күндерінің саны көрсетілетін анықтама негізінде олардың жеке есеп шоттарына жүргізіледі.
      13. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан нысаналы топтардан азаматтарға төленетін еңбек ақыға заңнамаға сәйкес салық салынады.
      14. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан нысаналы топтардан азаматтардың еңбек ақысы нақты атқарылған жұмыстардың көлемі үшін жүргізіледі.
      15. Нысаналы топтардан азаматтардың еңбек ақысын жартылай төлеу үшін бағытталған бюджеттік қаражаттарды мақсатсыз пайдаланғанына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жауапты болады.

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мен ұйымдастыруды
бақылау

      16. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға бақылау жасауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік орган жүзеге асырады.

Ұлан ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 13 қарашадағы
№ 359 қаулысына 2 қосымша

Кәсіптік оқытуға жіберілген жұмыссыз азаматтардың
тамақтану және медициналық куәландіру шығындарын өтеу бойынша
Нұсқаулық

      Кәсiби оқытуға жiберiлген жұмыссыздардың және нысаналы топтардағы жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу нұсқаулығы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19-маусымдағы № 836 қаулысымен бекiтiлген Жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережелерiне және өзге де заңнамалық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Облыс шегiнде тұруға, оқу орнына барып, қайта қайтуға арналған шығындарды өтеу тұратын жерiнде оқитын өтiнiш берушiге жүргiзiледi.
      2. Облыс шегiнде тұру, медициналық куәландыру, оқу орнына барып қайта қайту шығындарының өтеуiн «Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» Мемлекеттік Мекеме жүргiзедi.
      3. Дәрiгерлiк куәландыру шығындарының өтелуi кәсiби даярлықты белгiлеудi талап ететiн мамандықтар бойынша оқытуға жiберiлген өтiнiш берушiлерге жүргiзiлiп нәтижесiне қарамастан төленедi.
      4. Өтiнiш берушiлер дәрiгерлiк куәландыруды «Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» Мемлекеттік Мекеме жолдамасы бойынша өтедi.
      5. Өтiнiш берушiлердiң шығындарының өтелуi құжаттарды ұсынған күннен бастап, бiрақ оқу аяқталған күннен бiр ай кешiктiрмей жүргiзiледi.
      6. «Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» Мемлекеттік Мекеме ресми тiркелген және кәсiби даярлыққа, бiлiктiлiктi арттыру мен қайта даярлыққа жiберiлген жұмыссыз, сондай-ақ нысаналы топтардағы жұмыспен қамтылмаған азаматтар шығындарды өтеу құқығына ие болады.

2. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨТЕУIН АЛУҒА ӨТIНIШ БЕРУ

      8. Өтiнiш берушi «Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» Мемлекеттік Мекеме жазбаша түрде өтiнiш бередi және қажеттi құжаттарды ұсынады.

3. ҚАЖЕТТI ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТIЗIМI

      9. Шығындардың өтеуiн алу үшiн қажеттi құжаттар:
      1) тұратын жерi бойынша банктегi жеке шотының нөмiрi көрсетiлген жазбаша өтiнiш;
      2) қосымшалармен бiрге аванстық есептер:
      темiржол көлiгiмен, жолаушы автокөлiгiмен (таксиден басқа) жол жүру құжаттары немесе жол жүрудiң құны туралы аталған тасымалды түрлерiмен айналысатын мекеменiң анықтамасы;
      Медициналық куәландыруды өткенi жөнiндегi төлем құжаты.
      3) оқу сабақтарының басталуы және аяқталуы туралы бұйрықтың көшiрмесi

4. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУДIҢ МӨЛШЕРI

      10. Шығындардың толық өтелуi:
      1) құжаттармен расталған медициналық куәландырудың құны үшiн;
      2) құжаттармен расталған өңiр (облыс, аудан) шегiндегi оқу орнына барып қайта қайту жол жүру құны үшiн;
      11. Тұру шығындарының жартылай өтелуi мынадай мөлшерде жүргiзiледi:
      1) өзге жерден келген өтiнiш берушiлер Өскемен, Семей қалаларында оқып жатақханаларда тұрған уақытта – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бiрақ айында 6 айлық есептiк көрсеткiштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда – айында 6 айлық есептiк көрсеткiште.
      2) өзге жерден келген өтiнiш берушiлер басқа тұрғын жерлерде оқып жатақханаларда тұрған уақытта – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бiрақ айында 4 айлық есептiк көрсеткiштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда – айында 4 айлық есептiк көрсеткiште.
      12. Өскемен және Семей қалаларында оқитындар үшiн тамақтану шығындарының өтелуi айына 6 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, өзге елдi мекендерде айына 4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жүргiзiледi.

5. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ТӨЛЕМДЕРI

      13. Шығындарды өтеудiң төлемi 2008-2010 жылдары Халықты жұмыспен қамту жүйесiн дамытуға бағытталған шараларды iске асыру бойынша Жоспардың орындалуына қарастырылған жергiлiктi бюджет қаражаттарының есебiнен жүргiзiледi.
      14. Тұру шығындарын жартылай өтеудiң төлемi оқудың аяқталуы бойынша немесе ай сайын жүргiзiледi.
      15. Тамақтану шығындарын өтеу төлемi ай сайын жүргiзiледi.
      16. Медициналық куәландыру мен өңiр шегiндегi (облыс, аудан) оқу орнына барып қайта қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуiнiң төлемi құжаттар ұсынған кезден бiр ай ағымында жүргiзiледi.
      17. Өтiнiш берушiге өтелу шығындардың толық немесе жартылай төлемi ақшалай түрде жеке шотқа түсiру жолымен немесе Шығыс Қазақстан Облыстық филиалы Қазпошта Акционерлік Қоғамы Ұлан аудандық пошта байланыс торабы салымы арқылы жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады