"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау және фармацевтикалық, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 8 шілдедегі № 6-69-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдедегі N 13-148-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 тамызда N 5-18-84 тіркелді. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 09 шілдедегі N 4-41/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2012.07.09 N 4-41/V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы № 148 Заңының 6 бабы 9 тармағына, Қазақстан Республикасындағы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18 бабына, Қазақстан Республикасындағы «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 Заңының 51 бабына және Үржар ауданы әкімінің 2009 жылдың 08 шілдедегі № 418 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау және фармацевтикалық, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу Нұсқаулығын бекіту туралы» 2008 жылғы 8 шілдедегі № 6-69-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5-18-67, аудандық «Уақыт тынысы» газетінің 2008 жылғы 16 тамыздағы № 35 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      2 тармақтағы «Әлеуметтік көмек 1000 (бір мың) теңге мөлшерінде жыл сайынғы бір жолғы ақшалай төлем түрінде көрсетіледі» деген сөз «жыл сайынғы бір жолғы әлеуметтік көмек 3 (үш) АЕК (айлық есептік көрсеткіш) ақшалай төлем мөлшерінде көрсетіледі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы          Ә. Есенаманов

      Үржар аудандық
      мәслихаттың хатшысы      М. Бітімбаев

Үржар аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 22 шілдедегі № 13-148-IV
шешімімен бекітілген

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін
мемлекеттік денсаулық сақтау және фармацевтикалық,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және
спорт ұйымдарының мамандарына бір жолғы отын
сатып алу жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

      1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік Кодексінің, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66  «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» және Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 Заңдарының жүзеге асыруын бағыттап жасалған.
      2. Отын сатып алуға әлеуметтік көмек (ары қарай - әлеуметтік көмек) ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау және фармацевтикалық, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына (ары қарай-әлеуметтік сала мамандары) қызметкерлеріне көрсетіледі.
      Жыл сайынғы бір жолғы әлеуметтік көмек 3 (үш) АЕК (айлық есептік көрсеткіш) ақшалай төлем мөлшерінде көрсетіледі.
      3. Әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмекті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы тағайындайды. Ол үшін төмендегідей құжаттар ұсынылады:
      3.1. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш.
      3.2. Мекеме басшысының қолымен бекітілген мамандардың тізімі.
      3.3. Азаматтарды тіркеу кітабы.
      4. Осы нұсқаулыққа сәйкес әлеуметтік көмек бірге тұратын екі немесе одан да көп адамдардың әрқайсысына жеке төленеді.
      5. Әлеуметтік көмек төлеу есептелген сомаларды алушының ағымдағы немесе жинақтаушы шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер бөлімшелері арқылы жүргізіледі.
      6. Әлеуметтік сала мамандарына көрсетілетін әлеуметтік көмекті қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен белгіленген тәртіп бойынша, қаржылық жылында осы мақсатқа қарастырылған тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      7. Әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек төлеуге бақылау және есебін жүргізу жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органына жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады