"Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3-ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі N 20/6-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 тамызда N 5-19-102 тіркелді. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 28/5-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010.04.16 N 28/5-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148–ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІҮ Шемонаиха аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-71 тіркелген, «Уба–Информ» газетінің 2008 жылғы 7 наурыздағы № 10 санында жарияланған); «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІҮ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 8/4–ІҮ (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-76 тіркелген, 2008 жылғы 23 мамырдағы «Уба-Информ» газетінің № 21 санында жарияланған); «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІҮ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 19 маусымдағы № 9/4–ІҮ (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-77, 2008 жылғы 10 шілдедегі «Уба-Информ» газетінің № 28 санында жарияланған); «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІҮ шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2008 жылғы 11 шілдедегі № 10/3–ІҮ (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-79 тіркелген, «Уба–Информ» газетінің 2008 жылғы 1 тамыздағы № 31 санында жарияланған) шешімдерімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) кіріспедегі «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сөздерінен кейінгі сөздер «және өзін-өзі басқару» сөздерімен толықтырылсын;
      2) «Тұрғын үй көмегін беру шарттары» 2-бөлігінің 13-тармағындағы бірінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын: «Тұрғын үй көмегіне қайта өтініш білдірген тұрғын үй көмегін алушыларды тіркеу, тұрғын үй көмегін тағайындау бөлімі әзірлеген кесте бойынша тоқсан сайын жүргізіледі»;
      3) «Тұрғын үй көмегін беру шарттары» 2-бөлігінің 19-тармағындағы «қайта аттестациялау» сөзі «тіркеу» сөзімен ауыстырылсын;
      4) «Тұрғын үй көмегін беру шарттары» 2-бөлігінің 24-тармағындағы «қайта аттестациялау» сөздері «тіркеу» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы

      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы             Ә. БАЯНДИНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады