"Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3-ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 23/3-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 26 қаңтарда N 5-19-113 тіркелді. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 28/5-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010.04.16 N 28/5-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148–ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІV Шемонаиха аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-71 тіркелген, «Уба – Информ» газетінің 2008 жылғы 7 наурыздағы № 10 санында жарияланған),  келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      «Жалпы жағдай» 1-бөлімінің 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Тұрғын үйді ұстау, коммуналдық және байланыс қызметтерін тұтыну төлемдеріне арналған ұйғарынды шығындардың шекті үлесі отбасының жиынтық табысының 10 % мөлшерінде белгіленеді».
      «Тұрғын үй көмегін беру шарттары» 2-бөлімінің 19-тармағы келесі абзацпен толықтырылсын:
      Тұрғын үй көмегін тағайындауға үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі шектеулер есепке алынады:
      1) өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген жағдайда, ерлі-зайыптылардың екеулерінің де табыстары есепке алынады және тұрғын үй көмегі туралы өтініш беруші зайыбының мекенжайы бойынша тағайындалады;
      2) өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбының тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш бермеген болса, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды;
      3) өтініш берушінің үйінде 18 жасқа дейінгі бала тіркелген болса, оның ата-анасы басқа мекенжайда тіркелсе, өтініш беруші баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы ұсынады.
      «Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарының шығындарын өтеу тәртібі» 8-бөлімінің 3-тармақшасындағы «ортақ» деген сөзден кейін «мүлігі» деген сөзбен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                         С. Буднецкая

      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы                   Ә. Баяндинов

О внесении изменений и дополнений в решение от 12 февраля 2008 года № 6/3-IV "Об утверждении Инструкции по оказанию жилищной помощи малообеспеченным гражданам"

Решение Шемонаихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 25 декабря 2009 года N 23/3-IV. Зарегистрировано Управлением юстиции Шемонаихинского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 26 января 2010 года за N 5-19-113. Утратило силу решением Шемонаихинского районного маслихата от 16 апреля 2010 года № 28/5-IV

      Сноска. Утратило силу решением Шемонаихинского районного маслихата от 16.04.2010 № 28/5-IV (порядок введения в действие см. п. 3).

       В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148-II «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года № 94 «О жилищных отношениях», Шемонаихинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Шемонаихинского районного маслихата от 12 февраля 2008 года № 6/3-IV «Об утверждении Инструкции по оказанию жилищной помощи малообеспеченным гражданам» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5-19-71, опубликовано в газете Уба-Информ от 7 марта 2008 года № 10),  следующие изменения и дополнения:
      Пункт 5 раздела 1 «Общие положения» изложить в новой редакции:
      «Доля предельно допустимых расходов на оплату содержания жилья, потребления коммунальных услуг и услуг связи устанавливается к совокупному доходу семьи в размере 10 %».
      Пункт 19 раздела 2 «Условия предоставления жилищной помощи» дополнить абзацем следующего содержания:
      Семьям, претендующим на назначение жилищной помощи при начислении в расчет принимаются следующие ограничения:
      1) заявитель находится в законном браке, но супруг не прописан по данному адресу - учитываются доходы обоих супругов и жилищная помощь назначается по адресу ходатайствующего о жилищной помощи супруга;
      2) заявитель находится в законном браке, не знает (не указывает) местонахождение супруга и не обращался по этому вопросу в правоохранительные органы - жилищная помощь не назначается;
      3) у заявителя прописан ребенок до 18 лет, родители которого прописаны в другом месте – ходатайствующий предоставляет справку о доходах родителей ребенка.
      В подпункте 3 раздела 8 «Порядок возмещения затрат, понесенных на капитальный ремонт общего имущества кондоминиума» после слова «общего» дополнить словом «имущества».
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Председатель сессии                   С. Буднецкая

      Секретарь Шемонаихинского
      районного маслихата                   А. Баяндинов