Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 06 желтоқсандағы № 394-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 30 желтоқсанда № 6714 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 165-ө-м Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012.05.03 № 165-ө-м Бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің шарттарын белгілейтін арнаулы әлеуметтік қызмет корсету стандарты;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің шарттарын белгілейтін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің шарттарын белгілейтін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
      2. Әлеуметтік көмек департамент (Манабаева К. А.):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген заңнамалық тәртіпте ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықтың облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ә.Б. Нүсіповаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Министр                                    Г. Әбдіқалықова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі
      ___________ Б. Жұмағұлов
      2010 жылғы 15 желтоқсан

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      ___________ С. Қайырбекова
      2010 жылғы 9 желтоқсан

Қазақстан Республикасы 
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің   
2010 жылғы 06 желтоқсандағы
N 394-ө бұйрығына   
1-қосымша       

Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі және "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, меншік нысаны мемлекеттік және мемлекеттік емес стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің шарттарының көлемі мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, медициналық-әлеуметтік ұйымдар қызметінің тәртібін, психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларды (бұдан әрі - балалар), тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларды (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар), психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан адамдарды (бұдан әрі - 18 жастан асқан адамдар), бірінші және екінші топтағы мүгедектерді (бұдан әрі - мүгедектер), егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз қарттарды (бұдан әрі - қарттар) стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды. Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады.
      3. Стационар жағдайында қызмет алушылардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар) стационарлық үлгідегі ұйымдар (бұдан әрі - стационарлық үлгідегі ұйымдар) болып танылады.
      4. Осы Стандартты меншік нысанына қарамастан стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық субъектілер ұстанады.
      5. Қызмет көрсетумен байланысты шығындар бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
      6. Стационарлық үлгідегі ұйымдар:
      1) мыналардың салдарынан:
      барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде арнайы білім беру түзету ұйымдарының арнайы (қосымша) сыныптарында оқуды қиындататын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін);
      барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігімен зағиптығы (нашар көру) немесе кереңдігі (нашар есту), оның ішінде мамандандырылған мектеп интернаттардың қосымша сыныптарында оқуды қиындататын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы;
      жарыместігі болғанда сирек (айына бес реттен жиі емес) тырыспа белгілерімен (оның ішінде симптоматикалық) эпилепсия;
      өнімді симптоматикасыз дефектісі айқын білінетін шизофрения;
      бас миының органикалық зақым алғаннан кейінгі жарыместігі салдарынан стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық ауытқулары бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың;
      Стационарлық үлгідегі ұйымдарда балалардың тұруына медициналық қарсы көрсеткіштер:
      өнімді симптоматикасы бар шизофрения;
      жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім эпилепсия;
      кез келген нозологиялық тиістілік шеңберіндегі психопатияға ұқсас симптоматика;
      балалар мен айналасындағылар үшін қауіпті, мінез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулар;
      белсенді процесс стадиясындағы туберкулез, карантинді инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы аурулары, венерологиялық аурулар, ЖИТС-тің;
      мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады.
      2) стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж интеллектісі сақталған, 3 жастан 18 жасқа дейінгі ТҚА бұзылған балалардың.
      ТҚА бұзылған балалардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұруына медициналық қарсы көрсеткіштер:
      психикалық аурулардың;
      барлық дәрежедегі олигофрения;
      жиі эпилептиформалық ұстамалардың (айына 5 реттен артық);
      мінез-құлықтың психоұқсас бұзылушылықтары;
      қайтымсыз гидроцефалияның;
      жіті психотикалық симптоматикалы нашақорлық пен алкоголизмнің болуы;
      мінез-құлықтың психоұқсас түрлері мен (немесе) интеллектілік-мнестикалық бұзылушылықтарының болуы;
      белсенді процесс стадиясындағы туберкулез, карантинді инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы аурулары, венерологиялық аурулар, ЖИТС-тің;
      мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады.
      3) мыналардың салдарынан:
      барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы (қимылдау функциясы бұзылуының ауырлығына байланысты бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін);
      барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігімен зағиптығы (нашар көру) немесе кереңдігі (нашар есту), оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы;
      жіті психотиялық симптоматикасының болмауымен, жарыместігі немесе психикалық кемістігінің өрескел көрінуімен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлері;
      психотиялық симптоматикасы күшеюден тыс, жеке адам дефектісі айқын білінетін шизофрения;
      жарыместік белгілері мен сирек тырыспа және эквиваленттері (айына бес реттен артық емес) бар эпилепсияның түрлі нысандары;
      жарыместік белгілері бар бас, мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары (энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиттер, мисифилисі және т.б.);
      айқын білінетін жарыместік белгілері бар тұрақты алкоголизм;
      айқын білінетін психомоторлық мазасыздығы жоқ және есінің өзгеру жай-күйінің ұзақ немесе қайталанатын жарыместік белгілері жоқ қан-тамыр және сенильдік аурулар салдарынан стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан бірінші, екінші топтағы адамдардың.
      18 жастан асқан адамдардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұруына медициналық қарсы көрсеткіштер:
      белсенді процесс стадиясындағы туберкулез, карантинді инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы аурулары, венерологиялық аурулар, ЖИТС-тің;
      мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да аурулардың;
      жіті және қатты стадиядағы психикалық аурулар;
      созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайы;
      айқын білінетін психотиялық симптоматикамен, қызығушылығы мен мінез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетілетін адамның өзіне және айналасындағыларға қауіпті психикалық аурулардың, атап айтқанда: мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ұстамалы түрдегі немесе жиі өршімелі немесе аурудың жиі декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендті өтетін кез келген психикалық аурулар;
      эпилепсия және басқа этиологиядағы жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім тырыспалы синдром;
      тұрақты алкоголизм, нашақорлық, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерінен асқынған басқа да психикалық аурулар;
      түрлі генездегі айқын білінетін депрессиялық және қияли жай-күйлер, созылмалы реактивті жай-күйлер;
      айқын білінетін психопатқа ұқсас синдромдар, эксплозивті, параноидті, паранояльдік, қояншық ауруларының болуы болып табылады.
      4) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 9-бабы 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж, "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңы бойынша өздерінің ата-аналарын (жарын) күтуге және қамқорлық көрсетуге міндетті кәмелетке толған, еңбекке қабілетті жастағы балалары (жары) жоқ немесе шынайы себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын (егде жастағы, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психикалық сырқаты бар, бас еркінен айыру орындарында жүрген, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен) туыстары бар мүгедектердің және қарт адамдардың тәулік бойы уақытша немесе тұрақты тұруына арналған.
      Ерекше жағдайларда Ардагерлер кеңесінің, мүгедектер істері жөніндегі кеңестердің қолдаухаты бойынша жанжал себебінен олармен бірге тұру мүмкін емес, кәмелетке толған, еңбекке қабілетті жақын туыстары бар қарттар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектер стационарлық үлгідегі ұйымдарға тұруға қабылдануы мүмкін.
      Ауру процесі белсенді стадиядағы туберкулездің, психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлерді, ақыл-ес кемшілігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (2-3 айда бір реттен артық емес) этиологиясы әртүрлі тырыспалы синдромдарды қоспағанда), карантиндік инфекциялардың, тері мен шаш жұқпалы ауруларының, венерологиялық ауруларының, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін аурулардың болуы қарттар мен мүгедектердің стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұруына медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады.
      7. Стационарлық үлгідегі ұйымдар заңды тұлға болып табылады, оны құрылтайшы құрады және өз қызметін құрылтай құжаттарына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
      8. Стационарлық үлгідегі ұйымдар:
      1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым);
      2) психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым);
      3) қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым);
      4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым);
      5) тәулік бойы тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған өзге ұйымдар түрінде құрылады.

2. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың міндеттері
мен функциялары

      9. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың негізгі міндеттері:
      1) қызмет алушыларға үй жағдайына жақындатылған, жасы мен денсаулық жағдайына едәуір бара-бар тыныс-тіршілік жағдайын жасау;
      2) стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді осы Стандартта белгіленген көлемге сәйкес көрсету;
      3) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтану және кірігу деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
      4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;
      5) кемсітушіліктің барлық түрлерінен, физикалық және психикалық зорлықтан, қорлаудан, дөрекіліктен қорғау болып табылады.
      10. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың негізгі функциялары:
      1) қызмет алушыларды қабылдау және олардың ауруларын, жағдайының ауырлығын, жасын ескере отырып орналастыру, оларды жаңа жағдайға бейімдеу бойынша іс-шаралар жүргізу;
      2) қызмет алушылардың жеке басының қол сұғылмаушылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      3) стационарлық үлгідегі ұйымдарда қолайлы моральдік-психологиялық жағдай жасау;
      4) осы Стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсету;
      5) қызмет алушылардың тұру жағдайларын жақсарту, келушілерді қабылдау жағдайларын қамтамасыз ету;
      6) қызмет алушылардың жеке және құнды заттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) қызмет алушыларды және олардың отбасы мүшелерін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, стационарлық үлгідегі ұйымдардағы ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;
      8) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;
      9) Қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж қызмет алушыларға қатысты стационарлық үлгідегі ұйымдардың әкімшілігіне жүктелген қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңында белгіленген тәртіппен орындау;
      10) стационарлық үлгідегі ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
      11) стационарлық үлгідегі ұйымдардың құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар.

3. Стационарлық үлгідегі ұйымдарға қабылдау шарттары

      11. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін қызмет алушыларды стационарлық үлгідегі ұйымдарға облыстық, Астана және Алматы қалаларының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары арқылы жүзеге асырады.
      12. Жеке меншік нысанындағы стационарлық үлгідегі ұйымдардың қызмет алушыларды қабылдауды келісімшарт негізінде жүзеге асырады.
      13. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымдарға қызмет алушыларды қабылдау
мынадай құжаттардың:
      1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін - заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) жазбаша өтініші (1-қосымша) немесе медициналық ұйымның өтініш хаты;
      2) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімі;
      3) уәкілетті органның жолдамасы;
      4) баланың туу туралы куәлігі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі бар (ЖСН) жеке куәлігі.
      ЖСН болмаған жағдайда салық төлеушінің тіркеу нөмірін және әлеуметтік жеке кодты беру туралы куәліктері беріледі;
      5) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
      6) медициналық карта (2-қосымша);
      7) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
      8) 18 жастан асқан адамдар үшін - соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тануы туралы шешімі (болса);
      9) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін - зейнетақы куәлігі;
      10) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар үшін - Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушы және соларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің негізінде жүзеге асырылады.
      14. Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексергеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады.
      15. Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңы бойынша оларды күтуге және қамқорлық көрсетуге міндетті, кәмелет жасқа толған еңбекке қабілетті жақын туыстарының болуына қарамастан стационарлық үлгідегі ұйымдарға бірінші кезектегі тәртіппен қабылданады.

4. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда туру жағдайлары

      16. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұру жағдайы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздігі, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуға тиіс.
      17. Құрылтайшы стационарлық үлгідегі ұйымдарды заманауи техникалық жарақтандыруды қамтамасыз етеді.
      18. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың ғимараты құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес онда тұру ыңғайлылығы мақсатында, оған кедергісіз кіріп-шығуды, орынжай ішінде және ғимараттың іргелес жатқан аумақта жүріп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылармен жабдықталады.
      Қызмет алушылардың тұру жағдайы олардың жоғары белсенділігі мен әлеуметтенуіне мүмкіндік туғызуға тиіс.
      19. Қызмет алушылар бөлмелерге денсаулық жағдайына, жасы, жынысы және психологиялық үйлесімділігі ескеріліп орналастырылады. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұратындар қатарындағы ерлі-зайыптыларға бірге тұру үшін жеке орынжай бөлінеді.
      20. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұру тәртібі стационарлық үлгідегі ұйымның басшылығы бекітетін ішкі тұру тәртібі ережесінде айқындалады.
      21. Қызмет алушылардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда уақытша болу жағдайында тұруы стационарлық үлгідегі ұйымдардың басшысы қызмет алушымен не оның заңды өкілімен жасасатын келісімшартпен ресімделеді, онда уақытша болу мерзімі, қызметтердің көлемі мен түрлері айқындалады.

5. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке
сұранысын айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу

      22. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті (түрлері мен көлемін) әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер, педагогтар және стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары (бұдан әрі - стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары) айқындайды.
      23. Қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау негізінде мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары әрбір қызмет алушыға бір жыл мерзімге жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрі - жеке жоспар) (4-қосымша) әзірлейді.
      24. Жеке жоспар қызмет алушыларды стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары бақылағаннан кейін стационарлық үлгідегі ұйымдарға түскен күннен бастап немесе алдыңғы жеке жоспардың қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін 14 күнтізбелік күн ішінде әзірлейді, кейінгі бес жұмыс күні ішінде толтырады және стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітеді.
      25. Жеке жоспарда көрсетілген оңалту іс-шараларын стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары жеке жоспарда бекітілген мерзімде жүргізеді.
      26. Қызмет алушылардың жай-күйіндегі өзгерістер тоқсан сайын (қажеттігіне қарай ай сайын) қаралуға тиіс.
      27. Өткізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары (5-қосымша) нысан бойынша әрбір қызмет алушыға жеке жүргізілетін жеке жоспардың (мониторингтің) орындалуы жөніндегі журналда/электронды картотекада (бұдан әрі - журнал/электронды картотека) көрсетеді.
      28. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары мониторинг қорытындысы бойынша қажеттігіне қарай қызмет алушылардың жеке жоспарларын түзетеді.
      29. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман жеке жоспарды және журналды/электронды картотеканы әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді, олардың сапалы толтырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
      30. Құрылтайшы немесе уәкілетті орган стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандарының жұмыс сапасын:
      отбасыларға қайтарылған (берілген) және (немесе) жартылай стационарлық және үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын;
      тұрмыстық және еңбек қызметіне тартылған қызмет алушылар санының алдыңғы жылғымен салыстырғанда көбеюі бойынша бағалайды.
      31. Стационарлық үлгідегі ұйымдарға қажетті мамандар болмаған жағдайда жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының немесе консультациялардың нәтижелігін бағалау үшін келісімшарт негізінде басқа да ұйымдардан мамандарды тартуға болады.
      32. Стационарлық үлгідегі ұйымның әрбір маманы лауазымдық нұсқаулыққа және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысады және оңалту іс-шараларының нәтижелерін тоқсан сайын журналға/электронды картотекаға белгілеп отырады.
      33. Стационарлық үлгідегі ұйымның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы ай сайын аурудың терминалды (соңғы) сатысында тұрған паллиативтік көмек қызметі мен мейірбикенің күтімі қажет жазылмайтын ауруларды анықтау мониторингін жүргізеді.
      34. Стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігі стационарлық үлгідегі ұйымның барлық мамандарына қатысты қызметтік міндеттемелердің сапалы орындалуына ұдайы бақылауды жүзеге асырады.

6. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары

      35. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуге:
      денсаулық жағдайы бойынша әдеттегі, оның ішінде, төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзәйнекті немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге - сақал-мұртын алу сияқты күнделікті рәсімдерді орындауға қабілетсіз қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;
      тұрғын-жай беру, оның ішінде бір балаға, ТҚА бұзылған балаға кемінде 4 шаршы метр және 18 жастан асқан адамға, мүгедекке, қартқа кемінде 5 шаршы метр жатын бөлмелерін беру;
      оңалту, емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларына, діни рәсімдерді жасауға, емдік еңбек қызметін ұйымдастыруға, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, тұрмыстық бағдарлау негіздеріне үйретуге арналған жиһазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру;
      денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істеуге болатын мүгедектерге және 18 жастан асқан адамдарға арналған жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
      бөгде адамның көмегіне сүйенбей тұрмыстық мұқтаждықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бейімделген орынжайлар мен айлабұйымдар ұсыну;
      дағдарыс палаталарын, паллиативтік көмек палаталарын (бөлімшелерін) жасау үшін интенсивтік күтім және терапия жүргізуге арналған жабдықтармен жабдықталған орынжайлар ұсыну;
      отбасында тұратын және уақытша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларға жергілікті атқарушы орган бекіткен тәртіппен ақылы келісімшарт негізінде стационар жағдайында уақытша (алты айға дейін) болу үшін орынжайлар ұсыну;
      санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын сақтау жөнінде қызметтер көрсету;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1354 қаулысымен бекітілген интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларына (бұдан әрі - заттай тамақтану нормалары) сәйкес диеталық тамақтандыруды қоса, тамақ ұсыну;
      осы Стандартқа 6-қосымшада көзделген көлемнен кем емес жұмсақ мүкәммал беру;
      тұрмыстық қызметпен қамтамасыз ету (кір жуу, кептіру, үтіктеу, іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау);
      қалалық телефон байланысы қызметін ұсыну;
      емдеуге, оңалтуға, оқуға, мәдени және тынығу іс-шараларына қатысу үшін тасымалдау кезінде көлік қызметін ұсыну;
      хат жазуға және оқуға көмек көрсету;
      әдеттегі шаштараздарда қызмет көрсету қиын немесе мүмкін болмайтын жағдайларда қызмет алушыларға шаштараз қызметін көрсету;
      салт-жора қызметтерін ұйымдастыру (қайтыс болған қызмет алушының туыстары (заңды өкілдері) болмаған немесе олар жерлеумен айналысқысы келмеген кезде) жатады.
      36. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету:
      1) берілетін тұрғын үй орынжайлары көлемі мен басқа да көрсеткіштері бойынша (ғимараттар мен орынжайлардың жай-күйі, олардың жайлылығы) санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың тұруына қолайлылықты қамтамасыз етеді.
      Тұрғын орынжайларға (бөлмелерге) қызмет алушыларды орналастыру кезінде олардың денсаулық жағдайы, жас ерекшеліктері, физикалық және психикалық хал-жайы, әдеттері, психологиялық үйлесімділігі, жеке даму және әлеуметтену деңгейі ескеріледі;
      Барлық тұрғын, қызметтік және өндірістік орынжайлар санитарлық нормалар мен ережелерге, қауіпсіздік талаптарына, өртке қарсы талаптарға жауап беретін телефон байланысымен жабдықталады және коммуналдық-тұрмыстық жабдықталудың барлық құралдарымен қамтамасыз етіледі және қызмет алушыларға олардың талаптары бойынша көрсетіледі. Орынжайлар персоналдың, қызмет алушылардың денсаулығына және ұсынылатын қызметтердің сапасына кері әсер ететін әртүрлі факторлардың әсерінен (ауаның жоғары температурасынан, ауа ылғалдығынан, шаң-тозаңнан, дірілден және тағы да басқа қолайсыз жағдайлардан) қорғалған болады.
      Оңалту іс-шараларын, емдеу-еңбек және білім беру қызметін, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін ұсынылатын орынжайлар көлемі, орналасуы мен конфигурациясы бойынша қызмет көрсетілетін қызмет алушылардың ерекшелігін ескере отырып, жоғарыда аталған барлық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етіледі;
      2) стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандарының кабинеттері қажетті жиһазбен және мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады.
      Әрбір мамандандырылған кабинетке ерікті нысанда ресімделген паспорт толтырылады;
      3) қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз, жабдық, жұмсақ мүкәммал Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес болады;
      4) қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз бен төсек-орын жабдықтары пайдалануға ыңғайлы, қызмет алушылардың физикалық жай-күйін және жасын ескере отырып таңдалып, заманауи дизайн талаптарына жауап береді;
      5) қызмет алушыларға берілетін киім, аяқ киім, іш киім және бірінші қажеттіліктегі басқа да заттар киюге ыңғайлы, қызмет алушылардың жынысына, бойы мен өлшемдеріне сәйкес келеді, мүмкіндігінше олардың сұраған фасоны мен түсіне, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап береді;
      6) ыстық тамақ, оның ішінде диеталық тағамдар сапалы тағамдардан әзірленуге, теңгерімділігі мен калориялық талаптарына жауап береді, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп ұсынылады.
      Стационарлық үлгідегі ұйымдардың басшысы маусымға қарай (көктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы апталық мәзірді және екінші аптаға перспективалық мәзірді бекітеді;
      7) бақылаудағы, төсек режиміндегі және денсаулығының жағдайы бойынша өзін-өзі күтудің қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындалады (мұндай қызметті көрсету кезінде қызмет көрсетуші персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылылық танытуы қажет);
      8) шаштараз қызметін көрсету санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуымен арнайы жабдықталған кабинеттерде жүзеге асырылады;
      9) созылмалы дамушы аурулар немесе терминалды даму жағдайындағы 18 жастан асқан адамдарды, мүгедектерді, қарттарды үздіксіз бақылау мақсатында паллиативті көмек палаталары (бөлімшелері) құрылады;
      10) өзіне дене зақымын келтіруі мүмкін және (немесе) айналасындағыларға қауіп тудыруы мүмкін және осы себептермен қосымша күтімге, күшейтілген бақылауға және (немесе) шұғыл медициналық көмекке мұқтаж балалар мен 18 жастан асқан адамдар үшін дағдарыс палаталары (бөлімшелері) құрылады;
      11) жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қол шеберлігі мен еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін, сондай-ақ жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін қызмет алушылардың ауруының және/немесе мүгедектігінің сипатын, физикалық жай-күйі ескеріліп, тиісті жағдай жасалуға тиіс және тәрбиелеу және оқыту процесінде оларға жайлылықты қамтамасыз етеді;
      12) балаларды және 18 жастан асқан адамдарды өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстық бағдарлау (ас әзірлеу, дастархан жасау, ыдыс жуу, бөлмені/орынжайды күту және өзге де дағдылар) негіздеріне үйрету үшін қажетті техникамен және жиһазбен жабдықталған әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлы кабинеттер құрылады;
      13) қызмет алушыларды емдеу, оқыту, мәдени іс-шараларға қатысу үшін автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын пайдалану нормативтері мен ережелері, жол жүру қауіпсіздігінің талаптары сақталады;
      14) тұрмыстық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету (іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын жуу, кептіру, үтіктеу, дезинфекциялау) оның сапасы мен уақтылығын қамтамасыз етеді;
      15) діни ғұрыптарды орындау үшін жағдай жасау кезінде қызмет алушылардың діни наным-сенімі, жасы, жынысы, физикалық жай-күйі, әртүрлі концессияларда қабылданған діни салттардың ерекшелігі қатаң түрде ескеріледі;
      16) жерлеу қызметін ұйымдастыру қайтыс болған қызмет алушының діни наным-сенімін ескеріп жүзеге асырылады.
      37. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетуге:
      медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (қажет болған кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);
      дәрігерге дейін көмек көрсету;
      медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
      тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
      дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      қызмет алушыларға техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдарды және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету;
      мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес протездік-ортопедиялық және есту-протездік көмек алуына жәрдемдесу;
      әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына қарай бейімделу мәселелері бойынша консультация беру;
      арнайы маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
      денсаулыққа байланысты рәсімдерді жүргізу (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және басқа рәсімдер);
      емдік-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету; алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргізу;
      денсаулық жағдайына байланысты қызмет алушылардың күтімін қамтамасыз ету;
      алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
      санитарлық-гигиеналық қызметтерді көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру);
      денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және ілесіп жүруге жәрдемдесу;
      емдеу-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде денсаулық сақтау мекемелерінде ұйымдастыру;
      әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын, оның ішінде дәрі-дәрмектік емес терапия қызметін жүргізу;
      диспансеризациядан өтуін ұйымдастыру;
      қызмет алушылардың денсаулығының жай-күйін ескере отырып, күтімді, оның ішінде санитарлық-гигиеналық қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету;
      қызмет алушыларды жоспарлы диспансерлеуді жүргізу;
      емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу (тері асты және бұлшық етке дәрілік препараттарды жіберу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлерді, жарақат бетін тазалау; тазалау клизмаларын орындау, зертханалық тексеру жүргізуге қажетті материалдарды алу, катетерді және басқа да медициналық бұйымдарды пайдалануға көмек көрсету);
      медициналық көрсеткіштер мен жас ерекшеліктеріне қарай "денсаулық топтарын" қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру;
      балаларға, 18 жастан асқан адамдарға, қарттар мен мүгедектерге паллиативтік көмек қызметтерін көрсету;
      балаларға және 18 жастан асқан адамдарға психиатриялық, психотерапевтикалық көмек қызметтерін көрсету жатады.
      38. Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету:
      1) қызмет алушылардың әлеуметтік-медициналық қызмет алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсеткіштерін, физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп, қызметтердің уақтылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
      2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінде көзделген барлық медициналық рәсімдер мен іс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
      3) қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп стационарлық үлгідегі ұйымдарда күтуді қамтамасыз ету қызмет алушының денсаулық жағдайын күнделікті бақылау (дене ыстығын, артериалдық қысымын өлшеу және т.б.), емдеуші дәрігерлердің тағайындауына сәйкес дәрі-дәрмек беру, қызмет алушының қозғалуына (қажет болғанда) және басқа да әрекетіне көмектесу сияқты қызметтерді қамтиды;
      4) медициналық рәсімдерді (тері асты және бұлшық етке дәрілік препараттарды жіберу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлерді, жарақат бетін тазалау; тазалау клизмаларын орындау, зертханалық тексеру жүргізуге қажетті материалдарды алу, катетерді және басқа да медициналық бұйымдарды пайдалануға көмек көрсету), сондай-ақ денсаулыққа байланысты өзге рәсімдерді (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және басқа рәсімдер) жүргізу қызмет алушыларға қандай да бір зиян келтіріп алмай, барынша мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
      5) дәрігерге дейін көмек көрсетуді ұйымдастыру уақтылы жүргізіледі және алғашқы диагнозды айқындауға, дәрі-дәрмекті дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрігер келгенше оларды қабылдау тәртібін айқындауды қамтамасыз етеді;
      6) психотерапевтік көмек қызмет алушылардың өмірлік қиындықтар мен жеке бас шиеленістерінің негізінде жатқан ауыр психологиялық жара салу немесе стресс жағдайларын жеңу, өмірі мен тұрмысының өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайына әлеуметтік бейімделу сияқты және басқа да проблемаларды тиімді шешуіне жәрдемдеседі;
      7) емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру қызмет алушылардың соматикалық жай-күйін, оның жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізіледі;
      8) қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызу немесе жатқызуға жәрдемдесу, сондай-ақ балаларға, қарттар мен мүгедектерге оларды емдеу-алдын алу мекемелеріне немесе санаторлық-курорттық емдеуге жіберуге жәрдемдесу жедел, уақтылы жүргізілуге тиіс және қатаң түрде медициналық көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады;
      9) қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға жәрдемдесу және онда бірге баруды әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман және (немесе) жетекші дәрігер жүзеге асырады;
      10) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызмет алушыларға, олардың алдында тұрған нақты әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әртүрлі аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты өзгерістер және т.б.) дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      Қызмет алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектерді отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;
      11) стационарлық үлгідегі ұйымдарда паллиативті көмек және мейірбике күтімі қызметтері қажет болған сәттен бастап өмірінің соңғы күніне дейін көрсетіледі.
      Паллиативті көмек палаталарында (бөлімшелерінде) дәрігердің ұйғарымы бойынша медициналық персоналдың (мейірбике) тәулік бойы бақылауы белгіленеді, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер тағайындалады, дәрі-дәрмекпен, құралдармен және техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық бұйымдар мен науқасы ауыр қызмет алушыны оңалту және күту құралдарына қажеттілік айқындалады.
      Денсаулық сақтау ұйымдарымен паллиативті көмек көрсету және мейірбике күтімі мәселелері жөніндегі өзара іс-әрекетті әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман мен жетекші дәрігер жүзеге асырады;
      12) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу қызмет алушыларға оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" № 750 қаулысымен бекітілген тәртіппен организм функциясының тұрақты бұзылуы тудырған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау негізінде қызмет алушылардың әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін айқындау мақсатында белгіленген тәртіппен куәландырудан өту үшін құжаттарды дайындауда көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      13) оңалту іс-шараларын жүргізу қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп жүзеге асырылуға тиіс, әлеуметтік-орта бағдарына және әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуге және т.б. бағытталған өзі үшін қолайлы медициналық іс-шаралар кешенін орындауын қамтамасыз етеді;
      14) дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету қамқорлықтағы адамдардың денсаулығын нығайту үшін жүйелі орындау мақсатында олардың қолжетімді және денсаулыққа қауіпсіз дене жаттығулары кешенін меңгеруін қамтамасыз етеді;
      15) диспансеризациядан өтуді ұйымдастыру денсаулық жағдайын тереңдетіп және жан-жақты тексеру үшін қызмет алушылардың барлық ұйғарылған маман дәрігерлерге баруын қамтамасыз етеді;
      16) медициналық-әлеуметтік тексеруді, білікті консультация беруді ұйымдастыру, бастапқы медициналық тексеруді және бастапқы санитарлық тазалауды жүргізу, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      17) протездік-ортопедиялық көмек, техникалық (көмекші) орнын толтырушы құралдарды, сондай-ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызмет алушылардың практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;
      18) техникалық (көмекші) орнын толтырушы құралдар мен міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету қызмет алушылардың осы құралдарды өздігінен пайдалана алу практикалық дағдыларын дамытады;
      19) санитарлық-гигиеналық қызметтерді көрсету қызмет алушылардың денсаулық жағдайы мен хал-жайының жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жоюға мүмкіндік береді;
      20) медициналық көрсеткіштер мен жас ерекшеліктеріне қарай "денсаулық топтарын" қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру қызмет алушылардың жеке қажеттіліктері мен олардың денсаулық жағдайларына қарай жүзеге асырылады;
      21) дәрігерлердің ұйғарымдары бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардың ауруларының уақтылы алдын алуға және жоюға ықпал етеді;
      22) арнайы мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу қызмет алушыларға бастапқы диагноз қоюды қамтамасыз етуге көмектеседі.
      39. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:
      психологиялық диагностика және жеке тұлғаны тексеру;
      әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
      мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстары;
      психологиялық консультация беру;
      шұғыл психологиялық (оның ішінде телефон бойынша) көмек;
      қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
      психологиялық тренингтер;
      қызмет алушыларды психологиялық түзету;
      өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізу жатады.
      40. Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету:
      1) психологиялық консультация беру қызмет алушыларға жанжалдың алдын алу және жою үшін тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      Психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпараттар мен туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды онымен талқылау негізінде ішкі ресурстарды ашуға және жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектеседі;
      2) қызмет алушылардың психологиялық диагностикасы стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітетін психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады.
      Тұлғаны психодиагностикалау және тексеру қызмет алушылардың мінез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін олардың психикалық жай-күйін және жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын жүргізудің болжамын жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат беруге тиіс;
      3) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық түзету қызмет алушылардың мінез-құлқындағы, эмоционалдық жай-күйіндегі ауытқушылықтарды (жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және мінез стереотипінің жайсыз формалары, жайсыз қарым-қатынастар және мінез-құлқындағы басқа да ауытқулар) жеңу немесе бәсеңдетуді қамтамасыз етуге тиіс, бұл аталған көрсеткіштерді жас нормалары мен әлеуметтік орта талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді;
      4) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық тренингтердің психологиялық жара салу жағдайларының, нервтік-психологиялық шиеленістердің салдарын жоюда, тұрмыс-тіршіліктің бейәлеуметтік нысанын жеңуші адамдарды әлеуметтік құнды нормаларға дағдыландырудағы, өзгермелі жағдайларға бейімделу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиімділігімен бағаланады;
      5) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелі тексеру негізінде психикалық жайсыздық, тұлғалық (түлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжал және қызмет алушылардың қиын өмірлік жағдайын одан әрі қиындата түсетін басқа да жағдайларды уақтылы анықтауды және оларға осы сәтте қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      6) қызмет алушыларды өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізуге тарту қызмет алушылардың жайсыздық жағдайынан шығуына, психикалық денсаулығын сақтау және нығайтуды, стреске төзімділігін, ең алдымен тұлғааралық байланыс және қарым-қатынас саласында психологиялық мәдениет деңгейін арттыруға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      7) шұғыл психологиялық көмек: қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация беруді, дағдарыс жағдайынан шығу үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруды, туындаған проблемаларды өздігінен шешу және қиындықтарды жеңу, өзіне деген сенімін нығайту үшін қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;
      8) психологиялық алдын алу жұмысы мүгедектер мен қарттарда психологиялық білімге және оларды өзін түзеу және өз проблемаларымен жұмыс жүргізу үшін пайдалану ықыласына қажеттілігін қалыптастыруға, тұлғаның әрбір жас кезеңінде толыққанды психикалық дамуы үшін жағдай жасайды, тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ықтимал бұзылушылықтардың уақтылы алдын алуға жәрдемдеседі;
      9) әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігі мен психикалық қорғалуын қамтамасыз етеді.
      41. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, 18 жастан асқан адамдарға әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге:
      әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
      балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу;
      ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде білім алуына жәрдемдесу;
      балаларды және 18 жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау және қол еңбегі дағдыларының негіздеріне үйрету;
      өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас жасау дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да нысандарын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
      баланың, оның ішінде ТҚА бұзылған баланың және 18 жастан асқан адамның жеке тұлғасына, даму деңгейіне педагогикалық диагностика жүргізу және тексеру;
      балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды педагогикалық түзету жатады.
      42. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету:
      1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды дұрыс түсінуде және шешуде білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      2) тұлғаны педагогикалық диагностикалау және тексеру заманауи аспаптарды, аппаратураны, тестілерді пайдалана отырып жүргізіледі және дағдарыс немесе шиеленіс жағдайына тап болған қызмет алушыға белгіленген диагнозына сәйкес тиімді педагогикалық көмек көрсету үшін, балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, 18 жастан асқан адамдардың зияткерлік дамуын айқындау, олардың бейімділіктерін зерттеу және т.б. үшін балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, 18 жастан асқан адамдардың тұлғасын жан-жақты зерттеу негізінде оның жай-күйінің шынайы бағасын береді.
      3) балаларды және 18 жастан асқан адамдарды оқытуды ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
      Сондай-ақ, жеке қажеттіктер негізінде әзірленетін авторлық бағдарламалар (үлгілер) бойынша қызмет алушылардың өзіне өзі қызмет корсету, жеке гигиена дағдыларын, қозғалу, сенсорлық және когнитивтік дағдыларын қалыптастыру бойынша қызметтерге де жол беріледі.
      Авторлық бағдарламалар (үлгілер) қандай да бір қызмет алушының тәрбие дағдыларын немесе оқу материалын қабылдау және меңгеруге қабілеттігін ескере отырып құрылады;
      4) әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру және түзеу-дамыта оқытуды жүргізу үшін балаларды, ТҚА бұзылған балалар мен 18 жастан асқан адамдарды, олардың жас ерекшеліктерін әлеуметтік дағдылары мен когнитивтік дамуын ескеріп, (3 жастан 5 жасқа дейін; 6 жастан 8 жасқа дейін; 9 жастан 13 жасқа дейін; 14 жастан 18 жасқа дейін, 18 жастан 23 жасқа дейін және қажеттігіне қарай одан үлкен) топтарға, оларды кейіннен толықтыра отырып бөлу жүргізіледі:
      өзіне өзі қызмет көрсетудің және жеке гигиенаның қарапайым дағдылары болмаған жағдайда (өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өздігінен тамақтана алмайтын), үнемі бөгде адамның күтіміне мұқтаж - 6 адамнан асырмай;
      қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) өзіне өзі қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болған жағдайда, үнемі бөгде адамның бақылауына мұқтаж - 8 адамнан асырмай;
      қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) тұрмыстық дағдылары болған жағдайда- 10 адамнан асырмай;
      қалыптасқан қолымен жұмыс істей алу дағдылары болған жағдайда - 12 адамнан асырмай (еңбек бағдары бағдарламасын іске асыруға арналған топ 6 адамнан тұратын кіші топтарға бөлінеді) бөлінеді.
      Арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуға жәрдемдесу балаларды, ТҚА бұзылған балалар мен 18 жастан асқан адамдарды оқыту нысанын айқындауды және олардың әлеуметтік-педагогикалық бейімсіздену дәрежесін, білім деңгейін, физикалық және психикалық жағдайын ескере отырып, оқытуды ұйымдастыруда практикалық көмек көрсетуді қамтиды.
      5) тұрмыстық бағдар негіздеріне оқыту көрнекі және тиімді болып табылады, нәтижесінде қызмет алушылар ас әзірлеу, киімді ұсақ жөндеу, тұрғын орынжайды күту, аумақты тазалау және жайластыру және т.б. сияқты тұрмыстық рәсімдерді толық көлемде үйренеді;
      6) ымдау тілін игеруге жәрдемдесу және ымдау тіліне аудару жөніндегі қызметтер қызмет алушылардың стационарлық үлгідегі ұйымның мамандарымен өзара қарым-қатынасын орнатуға жәрдемдеседі.
      43. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда 18 жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтеріне:
      қызмет алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп-тексеру жөнінде іс-шаралар жүргізу;
      емдеу-еңбек қызметін жүргізу;
      ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау;
      мүгедектерді кәсіптік оңалту;
      бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;
      қол жетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
      қарттар мен 18 жастан асқан адамдардың бойындағы жоғалған тұрмыстық дағдыларды қалпына келтіру жөніндегі қызметтер жатады.
      44. Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсету:
      1) еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында 18 жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға, олардың жеке қажеттіліктеріне қарай қызмет алушылардың жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге жәрдемдесетін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады;
      2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және стационарлық үлгідегі ұйымдарда қызмет алушыларды олардың денсаулық жағдайын ескеріп, тыныс-тіршіліктің әртүрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;
      3) 18 жастан асқан адамдар мен мүгедектерде шамасы келетін еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін, сондай-ақ қарттар мен 18 жастан асқан адамдардың жойылған тұрмыстық дағдыларын қалпына келтіру бойынша фронтальді және жеке сабақтар ұйымдастырылады;
      4) қолжетімді кәсіптік дағдыларды оқыту, тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар арнайы жабдықталған кабинеттерде жүргізіледі;
      5) мүгедектерді кәсіптік оңалту олардың кәсіптік дағдыларын барынша ықтимал қалпына келтіруге және жаңа кәсіптерді меңгеруге мүмкіндік береді;
      6) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмек көрсететін іс-шаралармен бірге жүргізіледі;
      7) қызмет алушылардың еңбек дағдыларын зерттеп тексеру жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесін, қызмет алушылардың физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп жүргізіледі.
      45. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметтерге:
      мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;
      клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға (экскурсиялар ұйымдастыру, театрға, көрмелерге, концерттер мен басқа да іс-шараларға бару) тарту жатады.
      46. Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету:
      1) мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткізу, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару және басқа да мәдени, тынығу іс-шараларын өткізу стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша жүзеге асырылады;
      2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызмет алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қарым-қатынас саласын кеңейтуге бағытталады;
      3) қызмет алушыларды концерт бағдарламалары мен өткізілетін іс-шаралар сценарийлерінің жобасын әзірлеуге тарту қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына жәрдемдеседі;
      4) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру стационарлық үлгідегі ұйым ұжымының қоғамдық өміріне қатыстыру арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарын жөнге салуға жәрдемдеседі.
      47. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметтерге:
      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы, "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу жатады.
      48. Әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар:
      қызмет алушыларға жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақылар мен басқа да төлемдерді алуға жәрдемдесу олар үшін қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуде уақтылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
      49. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық қызметтерге:
      арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру;
      заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
      арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;
      заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу;
      құқығы мен мүддесін қорғау үшін сотта өкілдікті қамтамасыз ету;
      жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, қамқорлыққа және қорғаншылыққа алу мәселелері жөнінде құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетуді қоса алғанда, заңгерлік консультация беру жатады.
      50. Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету:
      1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өздерінің мүддесін қорғау құқығымен байланысты мәселелер бойынша консультация беру заңнамада белгіленген құқықтар мен ықтимал заң бұзушылықтардан қорғау тәсілдері туралы толық түсінік береді;
      2) қызмет алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасы, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама және т.б.) бойынша консультация беру оларды қызықтыратын заңнамалық актілер мен көтерілген мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік беруге, осы мәселелерді іс жүзінде шешу үшін қажетті құжаттарды (өтініш, шағым, анықтама және тағы да басқа құжаттар) дайындау және тиісті адресатқа жіберуде қажетті көмек көрсетеді;
      3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін лауазымды тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарында шағымданатын әрекеттің мәнін, жол берілген заң бұзушылықты жою талабын заң тұрғысынан сауатты жазуға және шағымды адресатқа жіберуге көмек көрсетеді;
      4) құжаттарды (жеке басын куәландыратын, заңнама бойынша алуға тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға, балаларды, ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға және отбасы тәрбиесінің басқа нысандарына алуға, мүгедектерді жұмысқа орналастыруға және т.б. қажетті) ресімдеуде заңгерлік көмек көрсету қызмет алушыларға қажетті құжаттардың мақсатына қарай мазмұнын, құжаттар мәтінінің баяндалуын және жазылуын (қажет болғанда) немесе нысанды бланкілердің толтырылуын, ілеспе хаттардың жазылуын түсіндіруді қамтамасыз етеді;
      5) қорғаншылық және қамқоршылық органдарына балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға, қамқорлыққа, патронатқа, қорғаншылыққа алуға жәрдемдесу әрбір кәмелетке толмаған баланың жеке іс-қағазына оның кейіннен орналасуы үшін қажетті құжаттарды дайындау және ресімдеуді қамтамасыз етеді.

7. Қызмет алушыларды стационарлық үлгідегі ұйымнан шығару,
шығарып жіберу, уақытша шығару және ауыстыру шарттары

      51. Стационарлық үлгідегі ұйымнан қызмет алушыларды шығару:
      1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін - заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) жазбаша өтініші;
      2) қызмет алушылардың тұрғын үй аумағы және өмір сүруге қаражаты болғанда мүгедектік алынған, үшінші топ (18 жастан асқан адамдарға және мүгедектерге) мүгедектігі белгіленген жағдайда;
      3) балалар мен ТҚА бұзылған балалар кәмелетке толғанда;
      4) ақылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы келісімшарт бұзылған жағдайда жүзеге асырылады.
      52. Қызмет алушылардың жеке уәждемесі бойынша уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) шығуына стационарлық үлгідегі ұйым дәрігерінің қорытындысы ескеріле отырып, мүгедектер мен қарттардың стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігіне жазбаша хабарламасының, ал балалар мен 18 жастан асқан адамдар үшін - және заңды өкілдерінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршысының, қорғаншысының), жақын туысының жазбаша өтінішінің негізінде рұқсат етіледі.
      Қызмет алушылардың жеке уәждемесі бойынша сапармен байланысты шығыстар өтелмейді.
      53. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызмет алушылар болмаған уақытта стационарлық үлгідегі ұйым басшысының тиісті бұйрығымен олар үлестен шығарылады.
      54. Қызмет алушыларды одан әрі оңалту үшін басқа ұйымға бір жылға дейінгі мерзімге жіберу туралы шешімді қабылдаушы тараптың қызмет алушыларды ұстау және оларға қажетті күтімді қамтамасыз ету туралы жазбаша міндеттемесі болған кезде стационарлық үлгідегі ұйым тәртіпаралық комиссияның қорытындысын есепке ала отырып, стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігі қабылдайды.
      55. Балалар, оның ішінде 18 жасқа толған ТҚА бұзылған балалар медициналық ұйымның және медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының қорытындыларына сәйкес қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік ұйымға, психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік ұйымға ауыстырылады не үйіне шығарылады.
      56. Стационарлық үлгідегі ұйымда тұруға медициналық қарсы көрсеткіштері болған кезде, қызмет алушылар мамандандырылған медициналық ұйымға стационарлық емдеуге ауыстырылады.
      57. Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызмет алушыларды бір өңірде орналасқан стационарлық үлгідегі ұйымнан елдің өзге өңірінде орналасқан стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру, тиісті өңірлердің уәкілетті органдарымен келісім бойынша жүзеге асырылады.
      58. Бала 16 толғанда стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігі оның жеке куәлігін ресімдеуді қамтамасыз етеді.
      59. Қарттар мен мүгедектер:
      1) Ішкі тәртіп ережесін тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде есірткі заттарын, спиртті ішімдіктерді әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық кұндылықтарды және өзге мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған жағдайда;
      2) мүгедектер мен қарттар соттың шешімі бойынша спиртті ішімдікке салынудың немесе есірткі заттарын қолданудың салдарынан әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған жағдайда.
      Әрекет қабілеттілігінің шектелуі соттың шешімі бойынша жойылған жағдайда адам жалпы негізде қайта қабылдануы мүмкін;
      3) қызмет алушы стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігін хабардар етпей, стационарлық үлгідегі ұйым аумағынан өз бетімен шығып кетіп, екі тәуліктен астам уақыт бойы болмаған жағдайларда шығарылуға тиіс.
      Стационарлық үлгідегі ұйым аумағынан шығып кеткен адам осы Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жалпы негізде қайта қабылдануы мүмкін, ал маңызды себептер бойынша ол жөнінде хабардар етуге мүмкіндігі болмаған адам дереу қайта қабылдануға тиіс.
      60. 59-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша стационарлық үлгідегі ұйымнан шығарып жіберілген қызмет алушылар осы Стандарттың 3-бөлімінде көзделген тәртіппен, алайда олар шығарып жіберілгеннен кейін бір күнтізбелік жыл өткен соң ғана стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдануы мүмкін.
      61. Қызмет алушыларды шығару (шығарып жіберу), уақытша шығару, басқа стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру стационарлық үлгідегі ұйым басшысы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
      Бұл ретте, міндетті түрде шығару немесе ауыстыру эпикризі, стационарлық үлгідегі ұйым мамандарының ұсынымдары ресімделеді, олар мүгедектер мен қарттардың қолына не қызмет алушыларды қабылдайтын тарапқа беріледі.
      62. Шығару, уақытша шығару немесе басқа стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру кезінде қызмет алушыларға жеке және маусым бойынша өзіне бекітілген киімі мен аяқ киімі, стационарлық үлгідегі ұйымда сақталған құнды заттары (құжаттары) беріледі.

8. Стационарлық үлгідегі ұйымдарды басқару

      63. Стационарлық үлгідегі ұйымды уәкілетті орган немесе құрылтайшы лауазымға тағайындайтын және босататын басшы басқарады.
      64. Стационарлық үлгідегі ұйым персоналының штат санын уәкілетті орган не құрылтайшы қажеттіліктер мен бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, осы Стандартқа 3-қосымшада көзделген көлемнен кем емес көлемде бекітеді.
      65. Стационарлық үлгідегі ұйымда қарттар мен мүгедектер қатарынан мәдени-тұрмыстық комиссия (МТК) құрылады, оны төрағасы басқарады, стационарлық үлгідегі ұйым басшысы бекітетін Мәдени-тұрмыстық комиссия туралы ереже негізінде әрекет етеді.
      66. Стационарлық үлгідегі ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол стационарлық үлгідегі ұйым басшысында сақталады және қызмет алушылар мен келушілердің бірінші талабы бойынша беріледі.
      67. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган ай сайын қарайды.
      68. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды және жеке тұлғалардан қаражат аудару үшін стационарлық үлгідегі ұйымның демеушілік, қайырымдылық және өзге де шоттары болуы мүмкін.

9. Қорытынды ережелер

      69. Қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің уақтылы және сапалы көрсетілуін бақылауды стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы және уәкілетті орган жүзеге асырады.

Халықты әлеуметтік қорғау    
саласында стационар жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызмет    
көрсету стандартына 1-қосымша

Нысан

      Жеке басын куәландыратын құжаттың № ___ ________ _____ ж. берді
      Тіркелген жері ________________________________________________
      Тұратын жері __________________________________________________
      Туған жері ____________________________________________________
      Туған күні "___"______________ _________ жыл
      Жәрдемақының түрі мен мөлшері _________________________________
      Мүгедектік санаты _____________________________________________
      Туыстары (заңды өкілдері) _____________________________________
      _______________________________________________________________
      (туыстық қатынасы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұратын
                        мекенжайы, байланыс тел.)

ӨТІНІШ

______________________________________________________
(қызмет алушының Т.А.Ә.)

      стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге
      мұқтаж болғандықтан, __________________________________________
      медициналық-әлеуметтік мекемеге тұрақты/уақытша (керегін сызу)
      тәулік бойы тұруға қабылдауды сұраймын.
            Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
            1)________________________   2)_________________________
            3)________________________   4)_________________________
            5)________________________   6)_________________________
            6)________________________   8)_________________________
            9)________________________   10)________________________

      Медициналық-әлеуметтік мекемеге қабылдаудың, онда ұстаудың,
одан ауыстырудың және шығудың шарттарымен және ішкі тәртіп
ережелерімен таныстым.

      20___жылғы "___" ___________  _________________________________
                                    (Өтініш иесінің Т.А.Ә. және қолы)

      Құжаттарды қабылдаған _________________________________________
                                     (Т.А.Ә., лауазымы, қолы)

      20___жылғы "___" ___________

Халықты әлеуметтік қорғау    
саласында стационар жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызмет    
көрсету стандартына 2-қосымша

Нысан

МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА

____________________________________________________________
(медициналық ұйымның атауы)

Т.А.Ә. ______________________________________________________________
Туған күні «___» _____________ __________жыл
Үйінің мекенжайы ____________________________________________________
Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулар жөнінде, дәрілік препараттарды, азық-түлікті көтере алмаушылық және тағы басқа) ______
_____________________________________________________________________
Медициналық тексеру:
(негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын, бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет)
хирург ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
невропатолог ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
психиатр ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
окулист _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
отоларинголог _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
дерматовенеролог ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
фтизиатр ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
терапевт/педиатр ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды ____________________________
_____________________________________________________________________
Көрсеткіштер бойынша:
стоматолог __________________________________________________________
эндокринолог ________________________________________________________
кардиолог ___________________________________________________________
ортопед _____________________________________________________________
нарколог ____________________________________________________________
онколог _____________________________________________________________
гинеколог ___________________________________________________________
зертханалық зерттеулердің нәтижелері:
қанның жалпы анализі ________________________________________________
                                   (мерзімі, нәтижесі)
қандағы RW анализі __________________________________________________
                                  (мерзімі, нәтижесі)
қандағы АИТВ анализі ________________________________________________
                                  (мерзімі, нәтижесі)
зәрдің жалпы анализі ________________________________________________
                                  (мерзімі, нәтижесі)
балапан ішек құрты анализі __________________________________________
                                  (мерзімі, нәтижесі)
ішек тобының анализі ________________________________________________
                                  (мерзімі, нәтижесі)

Қорытынды ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсеткіштер бар ма)

М.О.

Медициналық ұйымның басшысы: ________________________________________
                                      (Т.А.Ә., қолы)

20___ жылғы «___» _________________

Халықтыәлеуметтік қорғау    
саласында стационар жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызмет    
көрсету стандартына 3-қосымша

Стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың ең аз штаттық нормативтері

Лауазым атауы

Қызмет алушылар саны

51-ге дейін

50-100

101-150

151-200

201-250

251-300

301-400

401 500

500-ден астам

Басшы қызметкерлер мен қызмет көрсетуші-шаруашылық персоналдың штаттық нормативтері

1

Директор

1 мекемеге 1 бірлік

2

Әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары

 -

-

-

1

1

1

1

1

1

3

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары

1 мекемеге 1 бірлік

4

Медициналық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары (6 кем емес дәрігерлік лауазым жағдайында)

-

-

-

-

-

-

-

-

-

5

Медициналық бөлімнің меңгерушісі (6 кем емес дәрігерлік лауазым жағдайында)

1

1

1

1

1

1

1

1


6

Бас бухгалтер

1 мекемеге 1 бірлік

7

Бухгалтерлік есеп пен шаруашылық қызметін талдау бойынша экономист


0,5

1

1

1

1

1

1

1

8

Бухгалтер

0,5

1

1,5

2

2

2

2

3

3

9

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер

1 мекемеге 1 бірлік

10

Кадрлар жөніндегі инспектор

0,5

1

1

1

1

2

2

3

3

11

Аудармашы

1 мекемеге 1 бірлік

12

Шаруашылық меңгерушісі

1 мекемеге 1 бірлік

13

Қойма меңгерушісі

1 мекемеге 1 бірлік

14

Қойма (көкөніс сақтау қоймасы) меңгерушісі (азық-түлік қоймасы, көкөніс сақтау қоймасы болса)

1 мекемеге 1 бірлік

15

Хатшы-машинистка (референт)

1 мекемеге 1 бірлік

16

Дезинфектор

0,5

0,5

1

1

1,5

2

2

2

2

17

Вахтер

1 мекемеге 1 бірлік

18

Лифтер (лифт болса)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.12.2009 ж. № 401-ө бұйрығымен бекітілген үлгілік нормалар мен еңбек нормативтеріне сәйкес

19

Күзетші

мекемеге 4 бірлік

20

Автомобиль жүргізушісі

1 техникалық жүріп тұрған автокөлік құралына 1 бірлік

21

Тракторшы (трактор болса)

1 техникалық жүріп тұрған автокөлік құралына 1 бірлік

22

Бақшашы (тазаланатын алаң 0,75 га кем емес)

1 мекемеге 1 бірлік

23

Аула сыпырушы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.12.2009 ж. № 401-ө бұйрығымен бекітілген үлгілік нормалар мен еңбек нормативтеріне сәйкес

24

Слесарь-сантехник

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.12.2009 ж. № 401-ө бұйрығымен бекітілген үлгілік нормалар мен еңбек нормативтеріне сәйкес

25

Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электромонтер

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.12.2009 ж. № 401-ө бұйрығымен бекітілген үлгілік нормалар мен еңбек нормативтеріне сәйкес

26

Электр-газ дәнекерлеуші

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.12.2009 ж. № 401-ө бұйрығымен бекітілген үлгілік нормалар мен еңбек нормативтеріне сәйкес

27

Қосалқы жұмысшы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.12.2009 ж. № 401-ө бұйрығымен бекітілген үлгілік нормалар мен еңбек нормативтеріне сәйкес

28

Ғимараттар мен үй-жайларды ағымдағы жөндеу және қызмет корсету жөніндегі жұмысшы (ағаш ұстасы, ағаш шебері)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.12.2009 ж. № 401-ө бұйрығымен бекітілген үлгілік нормалар мен еңбек нормативтеріне сәйкес

29

Газ тектес, сұйық және қатты отынмен жанатын, электрмен ысып істейтін қазандықтарға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.12.2009 ж. № 401-ө бұйрығымен бекітілген үлгілік нормалар мен еңбек нормативтеріне сәйкес

30

Қазылған орлардан қатты шөгінділерден болған қоқысты шығару жөніндегі тасушы

4 бірлік кәріз болмаған жағдайда және қазылған орларды тазарту орталықтанған тәртіпте жүргізілмесе

31

Су сорғы станциясының машинисі (моторшысы)

1 мекемеге 1 бірлік

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

32

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман

1,5

2,5

3,5

4,5

5,5

6,5

8

9,5

10

Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі персоналдық штаттың нормативтері

33

Шаштараз 1, 3, 4 (жабдықталған шаштараз болғанда)

әдеттегі шаштараздарда қызмет көрсету қиын болғанда немесе мүмкін болмаған жағдайда әрбір 100 қызмет алушыға 1 бірлік

34

Палаталық санитар

   өзіне-өзі қызмет ету мен жеке гигиенаның қарапайым дағдылары болмаған жағдайда 6 адамнан (өздігінен қозғала және тамақтана алмайды), үнемі күтімді қажет етеді;
   өзіне-өзі қызмет ету мен жеке гигиена дағдыларының қалыптасуы жағдайында 8 адамнан (ішінара қалыптасқан) үнемі қадағалауды қажет етеді;
   тұрмыстық дағдылардың қалыптасуы жағдайында 10 адамнан (ішінара қалыптасқан);
   қолының ептілігі дағдыларының қалыптасуы жағдайында 12 адамнан ( еңбек бағдары бағдарламасын іске асыру үшін топ 6 адамнан шағын топқа бөлінеді) тұратын топқа 5,25 ставка

35

Палаталық санитар2,3,4

әрбір тәулік бойы жұмыс істейтін постқа 5,25 ставка. Бір тәулік бойғы пост орналасатын алаңның болуын, қажеттілігі мен мүмкіндіктерді ескере отырып, кемінде 50 төсек орынға қалыптастырылады

36

Бақылау жөніндегі санитар3


әрбір тәулік бойы жұмыс істейтін постқа 5,25 ставка. Бір тәулік бойғы пост орналасатын алаңның болуын, қажеттілігі мен мүмкіндіктерді ескере отырып, кемінде 100 төсек орынға қалыптастырылады


37


Күтім жөніндегі санитар (полиативті көмек палаталарында)


Жеке күтімді қажет ететін 6 ауыр науқасқа - 1 бірлік


38


Бас аспазшы


-


-


0,5


1


1


1


1


1


1

39

Аспазшы

2

2

3

4

4

5

7

7

8

40

Ыдыс-аяқ жуушы

1

1

1

1

1

1,5

2

2

3

41

Көкөніс және картоп тазалаушы

1

1

2

2

3

3,5

4

5

6

42

Нан кесуші, асхана жұмысшысы

-

0,5

1

1

1

1

2

3

4

43

Буфетші

50 қызмет алушыға 1 бірлік

44

Шаруашылық бикесі

әрбір 100 төсек орынға 1 бірлік, бірақ 1 мекемеге кемінде 1 бірлік

45

Кір жуатын орын меңгерушісі (машинистердің қатарынан)

-

-

-

-

-

1

1

1

1

46

Киім және іш киім жуатын машинист

1

1,5

2

2,5

3

5

7

7

8

47

Санитар (-тазалаушы)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.12.2009 ж. № 401-ө бұйрығымен бекітілген үлгілік нормалар мен еңбек нормативтеріне сәйкес

48

Ваннашы санитар

1

2

3

4

5

6

6

7


Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

49

Педиатр дәрігер 1, 2

1

1

1,5

2

2

2

3

3

4

50

Терапевт дәрігер3' 4

1

1

1,5

1,5

1,5

1,5

2

2

3

51

Невропатолог дәрігер

1

1

1,5

1,5

1,5

1,5

2

2

2

52

Психиатр дәрігер (психотерапевт)1,2,3


1


1


1,5


2


2


2


2


2


2

53

Травматолог-ортопед дәрігер 2

0,5

0,5

1

1

1

1

2

2

3

54

Дәрігер *

1 мекемеге 1 бірлік

55

Райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы2'4

1 мекемеге 1 бірлік (тиісті жағдай болғанда)

56

Жүзу (гидрокинезотерапия) жөніндегі нұсқаушы2'4

1 мекемеге 1 бірлік (бассейн болғанда)

57

Диетолог дәрігер немесе диеталық тамақ жөніндегі мейірбике

1 мекемеге 1 бірлік


58


Дәріхана меңгерушісі (дәріхана болғанда)


-


0,5


0,5


1


1


1


1


1


1

59

Фармацевт

0,5

0,5

1

1

1

1

1

1

1

60

ЕДШК нұсқаушысы

тірек-қимыл аппараттары бұзылуының ауыр түріне қызмет алушы 20 адамға немесе тірек-қимыл аппараттары функцияларының орташа бұзылуына байланысты қызмет алушы 40 адамға 1 бірлік, бірақ ЕДШК бір кабинетіне 2 бірліктен көп емес

61

Бас мейірбике (аға мейірбике)

1 мекемеге 1 бірлік

62

Мейірбике

әрбір тәулік бойғы постқа - 5,25 ставка. Бір тәулік бойғы пост орналасатын алаңның болуын, қажеттілігі мен мүмкіндіктерді ескере отырып, кемінде 50 төсек орынға қалыптастырылады.

63

Массаж жасау жөніндегі мейірбике

1

1

1

2

2

3

4

5

6

64

Акушер, фельдшер 3'4

0,5

0,5

1

1

1

1

1

1

1

Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

65

Психолог

1

1

1,5

2

2

2

2

2

3

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

66

Әдіскер l'2

1 мекемеге 1 бірлік

67

Тәрбиеші 1,2

оқу тобына 1,5 бірліктен ***

68

Логопед l'2

1

1

1,5

2

2

3

4

4

5

69

Дефекголог мұғалім 1,2,3

1 оқу тобына 1 бірлік **

70

Музыкалық жетекші1'2'3

1 мекемеге 1 бірлік

71

Дене шынықтыру мұғалімі 1,2,3

1 мекемеге 1 бірлік

72

Еңбек терапиясы инспекторы (еңбек мұғалімі) 1,2

1 оқу тобына 1 бірлік ***

Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

73

Еңбек терапиясы инспекторы3'4

1 бейінге 1 бірлік (бейін кемінде 6 қызмет алушыны оқытқанда қалыптастырылады)

Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

74

Мәдени ұйымдастырушы

1

1

1

1

2

2

2

2

2

75

Музыкалық жетекші4

1 мекемеге 1 бірлік

76

Кітапханашы (кітапхана, лекотека болғанда)

1 мекемеге 1 бірлік

Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

77

Заңгер

1 мекемеге 1 бірлік

      Ескерту:
      1) 1 - стационарлық үлгідегі балалар психоневрологиялық ұйымдарында енгізіледі;
         2 - ТҚА бұзылған балалар үшін стационарлық үлгідегі ұйымдарға
енгізіледі;
         3 - стационарлық үлгідегі психоневрологиялық ұйымдарға енгізіледі;
         4 - қарттар мен мүгедектерге арналған стационарлық үлгідегі
ұйымдарға енгізіледі;
      2) * (54-тармақ) - Бұл лауазымға қызмет алушылардың ауру сипатын ескере отырып, қажеттігіне қарай кез келген дәрігерді қабылдауға болады;
      3) ** (67, 69, 72-тармақтар) - оқыту топтары нағыз бұйрықпен бекітілген стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметті ұсыну шарттарын белгілейтін халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандартының 33-тармағы 4) тармақшасына сәйкес қалыптасады;
      4) *** (69, 74, 76, 79-тармақтар) - оқу топтары осы бұйрықпен бекітілген стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары мен сапасын белгілейтін халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартының 33-тармағы 4) тармақшасына сәйкес қалыптастырылады;
      5) жабдықталған мамандандырылған кабинеттер болғанда ең темен штат нормативіне енгізілмеген тиісті мамандар қабылданады, алайда бір кабинетке 2 маманнан артық емес;
      6) қажеттігіне қарай белгіленген лауазымдар еңбекақы төлеу қоры шегінде бірін-бірі алмастыра алады;
      7) стационарлық үлгідегі мекемелерде қызметтік автокөлік құралдары лимиті мынадай көлемде белгіленеді;
      бір жеңіл автомобиль;
      екі санитарлық автомобиль;
      бір жолаушылар тасымалдайтын автобус (100 немесе одан көп қызмет алушылар болғанда);
      бір автокөлік құралы (350 немесе одан көп қызмет алушылар болған жағдайда;

Халықты әлеуметтік қорғау  
саласында стационар    
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
4-қосымша       

Нысан

Бекітемін:                  
_____________________________
(стационарлық үлгідегі МӘҰ   
басшысының Т.А.Ә. және қолы)  
20__ жылғы «__»____________ 

__________________________________________________
стационарлық үлгідегі МӘҰ-ның атауы

Жеке жұмыс жоспары

Қызмет алушының Т.А.Ә. ______________________________________________
Туған күні және жылы ________________________________________________
Диагнозы ____________________________________________________________
Стационарлық үлгідегі МӘӨ-ға түскен күні 20__ жылғы «___»____________
Қызмет алушыға _________ бастап __________ қоса алғанға дейін бақылау жүзеге асырылды
Жеке жұмыс жоспары __________ бастап __________ қоса алғанға дейінгі кезеңге әзірленді

Қызмет алушының жеке қажеттілігіне сәйкес тағайындалған іс-шаралар (көрсетілетін қызметтің түрлері мен көлемін корсету):

Қызмет түрлері

Қызмет көлемі (жеке жүргізілетін іс-шаралардың атауы)

Тағайындауды жүзеге асырған маманның Т.А.Ә. және қолы

Тағайындау күні

1

әлеуметтік-тұрмыстық






2

әлеуметтік-медициналық





3

әлеуметтік-психологиялық






4

әлеуметтік-педагогикалық






5

әлеуметтік-еңбек






6

әлеуметтік-мәдени






7

әлеуметтік-экономикалық






8

әлеуметтік-құқықтық






      Жеке жұмыс жоспарын қайта қарау күні 20__ жылғы «__»___________

      Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман ________ _____________________
                                        (қолы)     (Т.А.Ә., күні)

Халықты әлеуметтік қорғау  
саласында стационар жағдайында
арнаулы әлеуметтік     
қызмет көрсету стандартына 
5-қосымша        

Қызмет алушының жеке жұмыс жоспарының орындалуы (мониторингі) бойынша журналдың/электрондық картотеканың нысаны

Қызмет алушының Т.А.Ә. ______________________________________________
Туған күні «___» _______________ _________ж.
Диагнозы ____________________________________________________________
_____ ________ бастап _____ _______ қоса алғандағы кезеңге әзірленген жеке жұмыс жоспарына мониторинг
Қызмет алушыны қадағалау кезеңі:___ _____ бастап __ ____ қоса алғанда

Қызмет алушының жай-күйі туралы белгі, оның ішінде

Жеке жұмыс жоспарын түзету туралы шешім (қызмет көрсетудің қандай түрі қайта қаралуға тиіс екенін көрсету)

Мониторинг жүргізу күні

Мониторингті жүзеге асырған маманның Т.А.Ә. және қолы

оң өзгерістер бар (сипаттап беру)*

өзгерістер жоқ немесе нашарлады (себебін көрсету)

1

2

3

4

5

6

1






2






3






4






5






6






7






8






Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман ________ ___________________________
                                  (қолы)        (Т.Ә.А., күні)

      Ескерту: * Қызмет алушының:
               - соматикалық, психикалық, эмоционалдық жай-күйінде;
               - қимыл, сенсорлық, танымдық, тіл дамыту, коммуникативтік салаларында;
               - өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекпен бейімдеу мен әлеуметтендіруді қалыптастырудағы оң өзгерістері белгіленді.

Халықты әлеуметтік қорғау  
саласында стационар жағдайында
арнаулы әлеуметтік     
қызмет көрсету стандартына 
6-қосымша          

1. Стационарлық үлгідегі ұйымдарға арналған киім, аяқ-киім және жұмсақ мүкәммал, сондай-ақ олардың тозу мерзімдерінің ең темен нормалары

Атауы

Өлшем бірлігі

Балаларға және ТҚА бұзылған балаларға*

18 жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға*

Норма

Мерзімі (жыл)

Норма

Мерзімі (жыл)

Төсек-орын жабдықтары

1

Ақ жайма

дана

3

1

3

1

2

Сейсеп

дана

3

1

3

1

3

Жастық тысы

дана

4

1

4

1

4

Матрац (оның ішінде басылып қалмайтын матрац)

дана

1

2

1

3/2**

5

Жастық

дана

Т~

2

1

3

6

Көрпе

дана

1

2

2

3

7

Жамылғы

дана

1

4

Т~

4

8

Ваоельді сүлгілер

дана

4

1

4

1

9

Махер сүлгілер

дана

2

1 1

2

1

Бөлме мүкәммалы

10

Дастархан

дана

1

1

1

1

11

Үстелге арналған майлық орамалдар

дана

4

1

4

1

Санитарлық-гигиеналық мүкәммал

12

Резина клеенка

дана

қажеттігіне карай

1

тоқсанда

13

Әйелдерге арналған сіңіргіш төсемелер

дана

16

айына

16

айына

14

Жаялықтар (дәрігердің тағайындауы бойынша мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес нормаға қосымша)

дана

3

күніне

3

күніне

      Ескерту:
      1) * бөлме мүкәммалы мен санитарлық-гигиеналық мүкәммал
нормативтері стационарлық үлгідегі ұйымдарды арнаулы әлеуметтік
қызметтерді алатын балалар мен 18 жастан асқан адамдарға ғана қолданылады;
      2) ** 4-тармақтағы бірінші сан жалпы бөлім үшін орындау мерзімін, ал екінші сан ауыр науқастар үшін орындау мерзімін көрсетеді.
      Стационарлық үлгідегі ұйымдарда балаларға және 18 жастан асқан адамдарға киім мен аяқ-киім мынадай көлемде беріледі:

Атауы

Өлшем бірлігі

Балаларға (психоневрологиялық патологиясы бар)

18 жастан асқан адамдарға

Норма

Мерзімі (жыл)

Норма

Мерзімі (жыл)

Киім

1

Пальто немесе куртка

дана

1

2

1

3

2

Жадағай немесе жел өткізбейтін күрте

дана

1

2

1

2

3

Жүн матадан тігілген костюм

дана

1

2

1

3

4

Мақта матадан тігілген костюм

дана

1

1

1

1

5

Спорттық костюм

дана

1

1

1

1

6

Шалбар немесе джинсы

дана

3/4*

1

4

1

7

Көйлек, сарафан немесе халат

дана

3/4*

1

4

1

8

Жүн матадан тігілген юбка

дана

1

2

1

2

9

Мақта матадан тігілген юбка

дана

3/4*

1

2

1

10

Мақта матадан тігілген блузка

дана

2

1

2

1

11

Свитер, жекет, жемпір, кофта немесе трикотаж жаимадан тігілген желет

дана

1

2

4

2

12

Трико

дана

2

1

2

1

13

Футболка

дана

3

1

3

1

14

Мақта матадан тігілген кеудеге киетін жейде

дана

3/4*

1

3/4*

1

Іш киім

15

Труси немесе дамбал

дана

6/4*

1

4/8**

1

16

Түнде киетін жейде немесе пижама

дана

2/3*

1

2/3**

1

17

Майка

дана

2

1

3

1

18

Мақта матадан жэне иілімді трикотаж жаимадан тігілген киім-кешек бұйымы (бюстгальтер)

дана

2

1

4

1

19

Кальсондар

дана

-

-

2

1

20

Гамаштар

дана

1

1

1

1

Орамал-шаро бұйымдары мен бас киімдер

21

Шаро

дана

1

1

1

1

22

Бөрік немесе берет

дана

1

2

2

2

23

Панама, фуражка немесе күнқағар

дана

1

1

1

1

24

Әйелдердің бас орамалы

дана

1

1

1

1

25

Тақия

дана

-

-

1

1

26

Қолғап немесе биялай

дана

1

1

1

1

27

Жүн орамал (жартылай жүн)

дана

-

-

1

1

28

Тоқылған шапка

дана

1

1

1

1

Ойық-шұлық бұйымдары

29

Колготки

дана

6

1

6

1

30

Шұлық

дана

-

-

12

1

31

Ұйық

дана

6/12*

1

12/10**

1

32

Қысқа шұлық

дана

3

1

-

-

Аяқ киім

33

Қысқы етік немесе киізден тігілген аяқ киім

дана

1

1

2

3

34

Пима

дана

1

1

1

1

35

Маусымдық етік

дана

1

1

1

2

36

Қысқа етік

дана

1

1

1

2

37

Бәтеңке немесе туфли

дана

1

1

1

1

38

Қысқа бәтеңке

дана

1

1

1

1

39

Жалаңаяқ киетін аяқ киім немесе сандали

дана

2

1

1

1

40

Спорттық аяқ киім

дана

1

1

1

1


41


Бөлмеде киетін тәпішке

дана


3/4*


1


4


1

42

Сланцы

дана

1

1

2

1

      Ескерту:
      1)* 6, 7, 9, 14, 15, 16, 31, 41-тармақтардағы бірінші сан - 14 жасқа дейінгі балаларға арналған кию нормасын, екінші сан - 14-тен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кию нормасын көрсетеді;
      2) ** 14, 15, 16, 31-тармақтарда ересектерге арналған бірінші сан -еркектерге арналған кию нормасын, екінші сан - әйелдерге арналған кию нормасын көрсетеді.

2. Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және 18 жастан асқан адамдарды стационарлық үлгідегі ұйымдарда оқыту ұзақтығы

      Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және 18 жастан асқан адамдарды оқыту ұзақтығы барлық үлгідегі ұйымдарда олардың дағды деңгейіне, танымдық қызметі мен жас ерекшеліктеріне қарай құрылады:
      балалардың әлеуметтік дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі ең төмен деңгейде болғанда сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейін созылады;
      әлеуметтік дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі төмен деңгейде болғанда - 20 минутқа дейін;
      әлеуметтік дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі қалыпты деңгейде болғанда - сабақ 30 минутқа дейін;
      әлеуметтік дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметінің деңгейі айтарлықтай төмендемеген жағдайда - 45 минутқа созылады.
      Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытында балаларға және 18 жастан асқан адамдарға оқу жоспарының бағдарламасына және әр сабаққа әзірленген тақырыптық жоспарларға сәйкес дидактикалық және дамытушы ойындар өткізіледі.

Қазақстан Республикасы  
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің    
2010 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 394-ө бұйрығына    
2-қосымша         

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі және  «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Стандарт тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес нысандағы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемін және шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның жұмыс істеу тәртібін, патологиясы бар мүгедек балаларға (бұдан әрі – балалар), тірек-қимыл аппараттары бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар), психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге (бұдан әрі – 18 жастан асқан адамдар), бірінші және екінші топтағы мүгедектерге (бұдан әрі – мүгедектерге), қартаюына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету, тоқтату (тоқта тұру) шарттарын айқындайды. Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызмет алушылар деп аталады.
      3. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар деп қызмет алушылардың ұйымда тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуына арналған күндіз болу бөлімшелері, аумақтық және оңалту орталықтары, өзге де ұйымдар (бұдан әрі – жартылай стационарлық үлгідегі ұйым) танылады.
      4. Осы Стандартты жекеменшік нысанына қарамастан жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық субъектілер сақтайды.
      5. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйым:
      1) жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде тиісті мамандырылған мектеп интернаттардың көмекші сыныптарында оқуға қиындық туғызатын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы (бөгде адамның көмегінсіз жүре алмайтын, қимылдарының бұзылу ауырлығына қарай өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді талап ететін);
      ауыр немесе күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;
      бас миының органикалық зақым алғаннан кейінгі жарыместігі салдарынан жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;
      Балалардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуына:
      жеке адам дефектісі айқын білінбейтін өнімді симптоматикалы шизофренияның;
      жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім эпилепсияның;
      кез келген нозологиялық тиістілік шеңберіндегі психопатияға ұқсас симптоматиканың;
      бала мен айналасындағылар үшін қауіпті, мінез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулардың;
      ауру процесінің белсенді стадиясындағы туберкулездің, карантинді инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;
      мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да аурулардың болуы медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады;
      2) жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы (бөгде адамның көмегінсіз жүре алмайтын, қимылдарының бұзылу ауырлығына қарай өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді талап ететін);
      ауыр немесе күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;
      жіті психотиялық симптоматика болмағанымен, жарыместігі немесе психикалық кемістігінің өрескел көрінуімен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлері;
      жарыместік белгілері бар бас-ми жарақаттары;
      жарыместік белгілері бар бас мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары (энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисі және бас мидың басқа да органикалық аурулары);
      айқын білінетін жарыместік белгілері бар тұрақты алкоголизм;
      айқын білінетін психомоторлық мазасыздығы жоқ және есінің өзгеру жай-күйінің ұзақ немесе қайталанатын жарыместік белгілері бар қан-тамыр және сенильдік;
      жарыместік белгілері мен сирек тырыспа және эквиваленттері (айына бес реттен артық емес) бар эпилепсияның түрлі нысандары, салдарынан жартылай стационарлық үлгіде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж он сегіз жастан асқан адамдардың;
      18 жастан асқан адамдардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуына:
      жіті және қатты стадиядағы психикалық аурулардың;
      созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайының;
      айқын білінетін психотиялық симптоматикамен, қызығушылығы мен мінез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетілетін адамның өзіне және айналасындағыларға қауіпті психикалық аурулардың, атап айтқанда: мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ұстамалы түрдегі немесе жиі өршімелі немесе аурудың жиі декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендті өтетін кез келген психикалық аурулар;
      эпилепсия және басқа этиологиядағы жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім тырыспалы синдром;
      тұрақты алкоголизм, нашақорлық, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерінен асқынған басқа да психикалық аурулар;
      айқын білінетін түрлі генездегі депрессиялық және қияли жай-күйлер, созылмалы реактивті жай-күйлер;
      айқын білінетін психопатқа ұқсас синдромдар, эксплозивті, параноидті, паранояльдік, қояншық ауруларының;
      ауру процесінің белсенді стадиясындағы туберкулездің, карантинді инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;
      мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да аурулардың болуы медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады;
      3) жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектердің, оның ішінде 1,5 жастан ТҚА бұзылған балалардың (бұдан әрі – ТҚА бұзылған мүгедектер мен балалар);
      ТҚА бұзылған мүгедектер мен балалардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуына:
      психикалық аурулардың;
      барлық дәрежедегі олигофренияның;
      жиі эпилептиформалық ұстамалылардың (айына бес реттен артық);
      мінез-құлықтың психоұқсас бұзылушылықтары;
      қайтымсыз гидроцефалияның;
      нашақорлық пен жіті психотикалық симптоматикалы алкоголизмнің;
      мінез-құлықтың психоұқсас түрлерінің болуы және (немесе) интеллектуалды-мнестикалық қабілетінің зақымдануы;
      ауру процесінің белсенді стадиясындағы туберкулездің, карантинді инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;
      мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да аурулардың болуы медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады;
      4) өзіне өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж бірінші, екінші топтағы мүгедектерге және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен қарттардың тәуліктің күндізгі уақытында (күніне төрттен он сағатқа дейін), қажетіне қарай басқа қаладан келген қызмет алушылардың түнде болуын қамтамасыз ете отырып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған.
      Ауру процесінің белсенді стадиясындағы туберкулездің, психикалық аурулардың (невроздарды, соматикалық ауру кезіндегі невроз ұқсас жай-күйлерді, жарыместің жеңіл дәрежесін, ақыл-ес кемшілігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) тырыспалы синдромдарды қоспағанда), карантинді инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венереологиялық аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін аурулардың болуы медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.
      6. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйым заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның құрылтайшысы құрады және өз қызметін құрылтайшы құжаттарға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
      7. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар:
      1) күндіз болу бөлімшелері (орталықтары);
      2) мүгедектерге және (немесе) мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы;
      3) мүгедектер мен қарттарға арналған аумақтық орталық;
      4) күндіз болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған өзге ұйымдар түрінде құрылады.

2. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның міндеттері мен функциялары

      8. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның негізгі міндеттері:
      1) осы Стандартта белгіленген көлемдерге сәйкес жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
      2) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
      3) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын және тиімділігін арттыру болып табылады.
      9. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның негізгі функциялары мыналар:
      1) қызмет алушыларды қабылдау және олардың сырқатын, жай-күйінің ауырлығын, жасын ескере отырып орналастыру, оларды жаңа жағдайға бейімдеу жөнінде іс-шаралар өткізу;
      2) қызмет алушылардың жеке басына қол сұғылмаушылық пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      3) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қолайлы моральдік-психологиялық жағдай жасау;
      4) қызмет алушыларға осы Стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету;
      5) мүгедектерге әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалту жүргізу;
      6) қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;
      7) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;
      8) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
      9) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар.

3. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау шарттары

      10. Қызмет алушыларды оларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға жіберуді облыстық, Астана және Алматы қалаларының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы жүзеге асырады.
      11. Мемлекеттік емес нысандағы жартылай стационарлық үлгідегі ұйым қызмет алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
      12. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қызмет алушыларды қабылдау мынадай құжаттардың:
      1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) өтініші (1-қосымша);
      2) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімі;
      3) уәкілетті органның жолдамасы;
      4) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
      5) мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме (қарттар үшін – талап етілмейді);
      6) медициналық карта (2-қосымша);
      7) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін – талап етілмейді);
      8) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
      9) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушысы және соларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
      13. Құжаттардың көшірмелері түпнұсқасымен бірге ұсынылады, салыстырып тексергеннен кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады.

4. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болудың шарттары

      14. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болу шарты санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, қауіпсіздік талаптарына, оның ішінде өртке қарсы талаптарға сәйкес.
      15. Құрылтайшы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның заманауи техникамен жабдықталуын қамтамасыз етеді.
      16. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның ғимараты құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес онда болу қолайлылығын, оған кедергісіз кіруді, орынжай ішінде және ғимаратқа іргелес орналасқан аумақта кедергісіз жүріп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылармен жабдықталған.
      Болу шарттары қызмет алушылардың жоғары белсенділігі мен әлеуметтенуіне септігін тигізеді.
      17. Егер жартылай стационарлық үлгідегі ұйым стационарлық үлгідегі ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылса, онда жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның қызмет алушыларына ғимаратқа жеке есіктен кіруге және бөлек болуға жағдай жасалады.
      18. Қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, оңалту жөніндегі іс-шаралар олардың денсаулығының жағдайын, жасын, жеке даму деңгейін, әлеуметтендіру, оңалтудың жеке бағдарламасының (болған жағдайда) мазмұнын ескере отырып жүзеге асырылады.
      19. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болу тәртібі жартылай стационарлық үлгідегі басшы бекіткен ішкі тәртіп ережесімен айқындалады.
      20. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның жұмыс режимін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы құрылтайшымен немесе уәкілетті органмен келісіп, жергілікті жағдайларды ескере отырып белгілейді.
      21. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызмет күн сайын (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) көрсетіледі.
      Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман келуді есепке алу журналын жүргізеді (3-қосымша).
      22. Уақытша болуға арналған жартылай стационарлық ұйымдарда оңалту іс-шараларын үздіксіз жүргізу мақсатында басқа қаладан келген қызмет алушылардың түнде болуына жағдайлар жасалады.

5. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке қажеттілігін айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу

      23. Арнаулы әлеуметтік қызметтің қажеттілігін (түрлері мен көлемін) әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер, педагогтар мен жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басқа да мамандары (бұдан әрі – жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары) айқындайды, (4-қосымша).
      24. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау негізінде, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, ұзақ уақыт болуға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болатын әрбір қызмет алушыға бір жылдан аспайтын мерзімге, ал уақытша болуға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болатын қызмет алушыларға болу кезеңдегі мерзімге жеке жоспарлар (бұдан әрі – жеке жоспар) әзірлейді (5-қосымша).
      25. Жеке жоспарларды қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға түскен күннен бастап жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары оны тексергеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлейді, кейінгі үш жұмыс күні ішінде толтырылады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітеді.
      Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуы 42 күннен аспайтын қызмет алушылардың жеке жоспарлары жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға түскен күннен бастап ұйымның мамандары оны тексергеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде әзірленеді, кейінгі үш жұмыс күні ішінде толтырылады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітеді.
      26. Жеке жоспарда көрсетілген іс-шараларды жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары жеке жоспарда белгіленген мерзімде іске асырады.
      27. Қызмет алушының жай-күйіндегі өзгерістерді жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары тоқсан сайын (қажетіне қарай ай сайын) тексереді.
      28. Жүргізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары жеке жоспардың орындалуы (мониторнгі) туралы журналда/ электрондық картотекада (бұдан әрі – журнал/ электрондық картотека) көрсетеді, ол әрбір қызмет алушыға жеке-жеке толтырылады (6-қосымша).
      29. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары мониторинг қорытындылары бойынша қызмет алушылардың жеке жоспарларын қажетіне қарай түзетеді.
      30. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман жеке жоспарды және журналды/электрондық картотеканы әзірлеу жөнінде жұмыстарды үйлестіреді, сапалы толтырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
      31. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандардың жұмыс сапасы:
      жеке даму деңгейі жоғарлаған балалар мен 18 жастан асқан адамдардың;
      білім берудің арнайы түзету ұйымдарына ауыстырылған балалардың;
      қоғамға кіріктірілген ТҚА бұзылған мүгедектер мен балалардың;
      әлеуметтенген және өздігінен өмір сүруге бейімделген қызмет алушылардың санының көбеюі бойынша жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бағалайды.
      32. Жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының нәтижелілігін бағалау немесе консультация беру үшін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қажетті мамандар болмаған жағдайда, шарт жасау негізінде басқа ұйымдар мен ведомстволардан мамандар тартуға рұқсат етіледі.
      33. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның әрбір маманы лауазымдық нұсқаулығына және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысады және оңалту іс-шараларының нәтижелерін журналға/электрондық картотекаға тіркейді.
      34. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігі жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның барлық мамандарына қатысты қызметтік міндеттерін сапалы орындауына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.

6. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары

      35. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметке мыналар жатады:
      денсаулығының жағдайы бойынша өзін өзі күтудің, оның ішінде төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзәйнекті немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметті көрсету;
      жиһазбен және (немесе) тұрмысқа бейімдеуді, оңалту, емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларын ұйымдастыруға арналған мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру;
      тамақтану нормаларына сәйкес диеталық тамақтандыруды қоса, тамақ ұсыну;
      осы Стандартқа 7-қосымшаға сәйкес көзделген кем емес көлемде жұмсақ инвентарь (төсек-орын жабдықтарын) ұсыну;
      қызмет алушыларды үйден жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға дейін және кері бағытта, сондай-ақ емдеуге, оқуға, мәдени іс-шараларға қатысу үшін тасымалдау кезінде көлік қызметін ұсыну;
      санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болу жағдайларын қолдау жөнінде қызметтер көрсету.
      36. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету:
      1) берілетін орынжайлар көлемі және басқа да көрсеткіштері (ғимарат пен орынжайдың жағдайы, олардың жайлылығы) бойынша санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес келеді және қызмет алушылардың болуына қолайлылықты қамтамасыз етеді.
      Барлық қызметтік және өндірістік орынжайлар санитарлық нормалар мен ережелерге, қауіпсіздік талаптарына, өртке қарсы талаптарға жауап береді, телефон байланысымен жабдықталады және коммуналдық-тұрмыстық жабдықталудың барлық құралдарымен қамтамасыз етіледі және қызмет алушыларға олардың талабы бойынша беріледі. Орынжайлар персоналдың, қызмет алушылардың денсаулығына және ұсынылатын қызметтердің сапасына кері әсер ететін әртүрлі факторлардың әсерінен (ауаның жоғары температурасынан, ауа ылғалдығынан, шаң-тозаңнан, дірілден және т.б.) қорғалады.
      Оңалту іс-шараларын, емдеу-еңбек және білім беру қызметтерін, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін ұсынылған орынжайлар көлемі, орналасқан жері және конфигурациясы бойынша қызмет алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, жоғарыда көрсетілген іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді;
      2) ұйым мамандарының кабинеті қажетті жиһазбен және мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады.
      Әрбір мамандандырылған кабинетке ерікті нысанда ресімделген паспорт толтырылады;
      3) қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз, жабдық, жұмсақ инвентарь Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес келеді;
      4) қызмет алушыларға берілетін жиһаз бен төсек-орын жабдықтары пайдалануда ыңғайлы, қызмет алушылардың физикалық жай-күйін және жасын ескере отырып таңдалып, заманауи дизайн талаптарына жауап береді;
      5) 4 сағаттан асатын режимде жұмыс істейтін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда сапалы тағамдардан әзірленетін, теңгерімділік пен калориялық талаптарына жауап беретін, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келетін, қызмет алушының денсаулық жағдайы ескеріліп ұсынылатын ыстық, оның ішінде диеталық тағамдар беріледі.
      Ұйымның басшысы маусымға қарай (көктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы апталық мәзірді бекітеді;
      6) денсаулығының жағдайы бойынша өзін өзі күтудің қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметті көрсету, олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындауды қамтамасыз етеді (бұндай қызметті көрсету кезінде қызмет көрсетуші персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылылық танытуы қажет);
      7) жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қол шеберлігі және қолынан келетін еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін қызмет алушының сырқатының және/немесе мүгедектігінің сипаты, физикалық жай-күйі ескеріліп тиісті жағдайлар жасалады және тәрбиелеу әрі оқыту процесінде оларға қажетті жайлылықты қамтамасыз етеді;
      8) балаларды және 18 жастан асқан адамдарды өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстық бағдарлау (ас әзірлеу, дастархан жасау, ыдыс жуу, бөлмені/орынжайды күту және өзге де дағдылар) негіздеріне үйрету үшін қажетті техникамен және жиһазбен жабдықталған әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеттері жасалады;
      9) қызмет алушыларды емдеу, үйрету, мәдени іс-шараларға қатыстыру үшін автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын пайдалану нормативтері мен ережелері, жол жүру қауіпсіздігінің талаптары сақталады.
      37. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметке мыналар жатады:
      медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (қажет кезінде, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);
      дәрігерге дейін көмек көрсету;
      медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
      тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
      емдеуші дәрігердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емделумен, техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуде жәрдемдесу;
      қызмет алушыларды техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен пайдалануға үйрету;
      мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық және есту-протездеу көмегін алуға жәрдемдесу;
      әлеуметтік-медициналық мәселелер, оның ішінде жасына байланысты бейімделу мәселесі жөнінде консультация беру;
      бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
      денсаулыққа байланысты рәсімдерді (дәрі қабылдау, дәрі тамызу және басқа да рәсімдерді) жүргізу;
      дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету;
      кезеңдік медициналық-әлеуметтік зерттеп тексеру (қажет кезінде, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып), оңалтудың медициналық бөлігінің жеке жоспарын әзірлеу және дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу;
      қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескере отырып күтім көрсетуді қамтамасыз ету;
      әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын, оның ішінде дәрі-дәрмексіз терапия қызметтерін жүргізу;
      ТҚА бұзылған балаларға және мүгедектерге дене жаттығуларын орындауда көмек көрсету.
      38. Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету:
      1) қызмет алушылардың әлеуметтік-медициналық қызмет алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсеткіштерін, физикалық және писхикалық жай-күйін ескеріп, қызметтердің уақтылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
      2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінде көзделген барлық медициналық рәсімдер мен іс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
      3) дәрігерге дейін көмек көрсетуді ұйымдастыру уақтылы көрсетіледі және алғашқы диагнозды айқындауға, дәрі-дәрмекті дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрігер келгенше оларды қабылдау тәртібін айқындауды қамтамасыз етеді;
      4) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызмет алушыларға, олардың алдында тұрған нақты әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әртүрлі аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты өзгерістер және басқа да проблемалар) дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      Қызмет алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектерді отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталған және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;
      5) емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру қамқорлықтағы адамның соматикалық жай-күйін, оның жеке қажеттіліктерін ескере отырып, жүргізіледі;
      6) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысымен белгіленген тәртіппен организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау негізінде қызмет алушылардың әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін айқындау мақсатында куәландырудан өту үшін құжаттарды дайындауда көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      7) оңалту іс-шараларын жүргізу қызмет алушының денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады, ол үшін оңтайлы әлеуметтік ортаға бағдарлауға және әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеуге бағытталған медициналық іс-шаралар кешенін орындауды қамтамасыз етеді;
      8) дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету қамқорлықтағы адамдардың денсаулығын нығайту үшін жүйелі орындау мақсатында олардың қолжетімді және денсаулыққа қауіпсіз дене жаттығулары кешенін меңгеруін қамтамасыз етеді;
      9) протездік-ортопедиялық көмекті және техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдарды алуға жәрдемдесу қызмет алушының практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;
      10) техникалық (көмекші) орнын толтырушы құралдар мен міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету қызмет алушылардың осы құралдарды өздігінен пайдалана алу практикалық дағдыларын дамытады;
      11) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қызмет алушының денсаулық жағдайын ескере отырып күтім көрсетуді қамтамасыз ету қызмет алушының денсаулығының жағдайын күн сайын қадағалау (дене қызуын, қан қысымын өлшеу және басқада рәсімдер), емдеу дәрігерінің тағайындауына сәйкес дәрілер беру, қызмет алушылардың жүріп-тұруына (қажетіне қарай) және басқа да қызметіне көмек көрсету сияқты қызметті қамтиды;
      12) денсаулыққа байланысты рәсімдерді (дәрі қабылдау, дәрі тамызу және басқа да рәсімдерді) жүргізу қызмет алушыларға қандай да бір зиян келтірмей аса ұқыптылықпен және сақтықпен жүзеге асырылуға тиіс;
      13) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардағы ауруларды уақытылы алдын алуға және жоюға мүмкіндік туғызады;
      14) бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың медициналық консультация беруге жәрдемдесуі қызмет алушыларға алдын ала диагноз қоюды қамтамасыз етуге көмектеседі.
      39. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қызметке мыналар жатады:
      психологиялық диагностика және адамды зерттеп тексеру;
      әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі байқау);
      мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстарын жүргізу;
      психологиялық консультация беру;
      шұғыл психологиялық көмек (оның ішінде телефон арқылы);
      қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету,оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсенділікке ынталандыру;
      психологиялық тренинг;
      қызмет алушыларды психологиялық түзеу;
      қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, келіспеушілік жағдайларының алдын алу және жою үшін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету.
      40. Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету:
      1) психологиялық консультация беру жанжалдың алдын алу және жою үшін қызмет алушыға ішкі ресурстарын ашу, тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
      Психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпарат және туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды онымен талқылау, негізінде оған ішкі ресурстарды ашуға, жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектеседі;
      2) әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуға, олардың стреске төзімділігін арттыруға және психикалық қорғауды қамтамасыз етеді;
      3) қызмет алушының психологиялық диагностикасы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітетін психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады.
      Психодиагностика қызмет алушының мінез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін оның психикалық жай-күйін және қызмет алушылардың жеке тұлғалық ерекшелігін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын жүргізудің болжамын жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат береді;
      4) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық түзету қамқорлықтағы адамдардың жүріс-тұрысындағы, эмоционалдық жай-күйіндегі ауытқушылықтарды (жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және мінез стереотипінің жайсыз формалары, жайсыз қарым-қатынастар және мінез-құлқындағы басқа да ауытқулар) жеңу немесе бәсеңдетуді қамтамасыз етеді, бұл аталған көрсеткіштерді жас нормалары мен әлеуметтік орта талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді;
      5) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық тренингтердің психологиялық жара салу жағдайларының, нервтік-психологиялық шиеленістердің салдарын жоюда, тұрмыс-тіршіліктің бейәлеуметтік нысанын жеңуші адамдарға әлеуметтік бағалы нормаларына дағдыландыруда, өзгермелі жағдайларға бейімделу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиімділігімен бағаланады;
      6) шұғыл психологиялық көмек: қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация беруді, дағдарыс жағдайынан шығу үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруға, туындаған проблемаларды өздігінен шешу және қиындықтарды жеңу, өзіне деген сенімін нығайту үшін қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;
      7) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелі байқау негізінде психикалық қолайсыздық жағдайын және тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжалды және қызмет алушылардың өмірлік қиын жағдайын ауырлататын басқа да жағдайларды уақытында анықтауды әрі оларға сол кезде қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      8) психологиялық алдын алу жұмыстары мүгедектер мен қарттарда психологиялық білімін және оларды өзін түзеу және өзінің проблемаларын шешуде пайдалану ықыласын қалыптастыруға, әрбір жас кезеңінде жеке басын психикалық дамыту үшін жағдайлар жасауға, тұлғалық қалыптасуда және дамуда болатын бұзушылықтарды уақытында алдын алуға мүмкіндік туғызады;
      9) қызмет алушылардың отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету отбасында қызмет алушының денсаулығы мен психикасына кері әсер ететін жанжалдардың және стресс жағдайларын алдын алуға бағытталған.
      41. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, 18 жастан адамдарға көрсетілетін әлеуметтік-педагогикалық қызметке мыналар жатады:
      әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
      балалардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ес қабілеттеріне сәйкес арнаулы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу;
      ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына жәрдемдесу;
      тұрмыстық бағдарлану негіздеріне және қол еңбегі машығына үйрету;
      өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыстағы және қоғамдық орындарындағы өзін ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да нысандарын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
      педагогикалық диагностика және тұлғалық, баланың, оның ішінде ТҚА бұзылған баланы және 18 жастан асқан адамның даму деңгейіне зерттеу жүргізу;
      балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды педогогикалық түзеу;
      балаларды, олардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ес қабілеттерін ескере отырып, арнаулы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру;
      есту қабілетінің бұзылушылығы бар балалар мен мүгедектерді, сондай-ақ олардың ата-анасы мен басқа да мүдделі адамдарды ымдау тіліне үйретуді ұйымдастыру;
      ымдау тіліне аудару жөніндегі қызметтер.
      42. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету:
      1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды дұрыс түсінуде және шешуде білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      2) педагогикалық диагностика және тұлғалық зерттеу заманауи аспаптарды, аппаратураларды, тестерді пайдаланып жүргізеді және балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, 18 жастан асқан адамдардың жеке басын жан-жақты зерттеу негізінде күйзеліс немесе жанжалдық жағдайға ұшыраған қызмет алушыға белгіленген диагнозға сәйкес тиімді педагогикалық көмек көрсету, балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, 18 жастан асқан адамдардың зияткерлік дамуын айқындау, олардың бейімділігін зерттеу және т.б. үшін жай-күйінің объективті бағасын береді;
      3) балаларды және 18 жастан асқан адамдарды оқытуды ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
      Сондай-ақ, жеке қажеттіктер негізінде әзірленетін авторлық бағдарламалар (үлгілер) бойынша қызмет алушылардың өзіне өзі қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын, сенсорлық және когнитивтік дағдыларын қалыптастыру бойынша қызметтер жіберіледі.
      Авторлық бағдарламалар (үлгілер) сол немесе өзге қызмет алушының тәрбиелеу дағдыларын немесе оқу материалдарын қабылдау және игеру қабілетін ескере отырып жасалады;
      4) әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру және түзеу-дамыта оқытуды жүргізу үшін балаларды, ТҚА бұзылған балалар мен 18 жастан асқан адамдарды, олардың жас ерекшеліктерін (1,5 жастан 5 жасқа дейін, 6 жастан 8 жасқа дейін, 9 жастан 13 жасқа дейін, 14 жастан 18 жасқа дейін,, 18 жастан 23 жасқа дейін және қажетіне қарай одан жоғары), әлеуметтік дағдыларын, когнитивтік дағдыларын ескеріп, толықтыра отырып топтарға бөлу жүргізіледі:
      өзіне өзі қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болмаған жағдайда – 6 адамнан асырмай;
      қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) өзіне өзі қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болған жағдайда – 8 адамнан асырмай;
      қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) тұрмыстық дағдылары болған жағдайда – 10 адамнан асырмай;
      қалыптасқан қолмен жұмыс істей алу дағдылары болған жағдайда - 12 адамнан асырмай таратып бөлу (еңбек бағдарын беру бағдарламасын іске асыруға арналған топ 6 адамнан тұратын кіші топтарға бөлінеді).
      Арнаулы оқу бағдарламалары бойынша білім алуға жәрдемдесу балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және 18 жастан адамдарды оқыту нысанын айқындауды және олардың әлеуметтік-педагогикалық бейімсізденуін, білім деңгейін, физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп оқытуды ұйымдастыруға тәжірибелік көмек көрсетуді қамтиды;
      5) тұрмыстық бағдарлану негіздеріне үйрету көрнекі және тиімді болып табылады, оның нәтижелері бойынша қызмет алушылар тамақ пісіру, киім жөндеу, тұрғын жайды күту, аумақты жинау және жабдықтау сияқты тұрмыстық рәсімдерді толық көлемде игереді;
      6) педагогикалық түзеу ата-аналарға жіберген педагогикалық қателерін немесе отбасында балаларды, ТҚА бұзылған балаларды жаралайтын жанжал жағдайын жоюға және түзетуге, сондай-ақ ата-аналардың барабар емес нұсқамаларын және балаларды тәрбиелеу кезіндегі мінез-құлқын түзетуде білікті және тиімді педагогикалық көмек көрсетуді (әңгімелесу, түсіндіру, ұсынымдар және т.б. түрінде) қамтамасыз етеді;
      7) ымдау тілін үйретуге жәрдемдесу және ымдау тіліне аудару қызметтері қызмет алушылардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйым мамандарымен өзара байланысын белгілеуге септігін тигізеді.
      43. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда 18 жастан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметке мыналар жатады:
      қызмет алушыларда бар еңбек дағдыларын зерттеу жөніндегі іс-шаралар жүргізу;
      емдеу-еңбек қызметін жүргізу;
      ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау;
      мүгедектерді кәсіптік оңалту;
      бейін бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;
      қарт адамдарда және 18 жастан адамдарда жоғалтқан тұрмыстық дағдыларын қайта қалпына келтіру жөніндегі қызметтер;
      жеке дене және ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес кәсіп алуға жәрдемдесу.
      44. Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсету:
      1) еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында 18 жастан асқан адамдарға, мүгедектерге және қарттарға жеке қажеттіліктерінің негізінде қызмет алушылардың тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге мүмкіндік туғызатын қол жетімді кәсіптік дағдыларға үйрету іс-шараларына белсене қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады;
      2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қызмет алушылардың денсаулығының жағдайын ескеріп, оларды тіршілік-тынысының түрлі нысандарына қатыстыруға мүмкіндік беретін жағдайларды жасауды қамтамасыз етеді;
      3) мүгедектерді кәсіптік оңалту арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қызмет алушылардың денсаулығының жағдайын ескеріп, оларды тіршілік-тынысының түрлі нысандарына қатыстыруға мүмкіндік беретін жағдайларды жасауды қамтамасыз етеді;
      4) 18 жастан асқан адамдарда, мүгедектерде шамасы келетін еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін сондай-ақ қарт адамдарда және 18 жастан адамдарда жоғалтқан тұрмыстық дағдыларды қайта қалпына келтіру үшін фронтальді және жеке сабақтар ұйымдастырылады;
      5) қолжетімді кәсіптік дағдыларды оқыту, тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру бойынша іс-шаралар арнайы жабдықталған кабинеттерде жүргізіледі;
      6) мүгедектерді кәсіптік оңалту олардың кәсіптік дағдыларын қалпына келтіруге және жаңа кәсіптерді игеруіне барынша мүмкіндік туғызады;
      7) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмектесе алатын іс-шаралармен ілеседі;
      8) кәсіп алуға жәрдемдесу кезінде қызмет алушының жеке физикалық және ақыл-ой қабілеттері, оның таңдаған кәсібі бойынша жұмыс істеу ықыласы ескеріледі;
      9) қызмет алушыларда бар еңбек дағдыларын зерттеу жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктері, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесі, психикалық және физикалық жай-күйі ескеріліп жүргізіледі.
      45. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметке мыналар жатады:
      мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;
      клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;
      қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға тарту (экскурсияларды ұйымдастыру, театрларға, көрмелерге, концерттерге бару және басқа да іс-шаралар);
      46. Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету:
      1) мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткізу, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару және басқа да мәдени, тынығу іс-шаралары жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша жүзеге асырылады;
      2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызмет алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, қарым-қатынас аясының кеңеюіне бағытталған;
      3) қызмет алушыларды концерттердің бағдарламалары мен өткізілетін іс-шаралардың сценарийлерін әзірлеуге қатыстыру қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына мүмкіндік туғызады;
      4) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру жартылай стационарлық үлгідегі ұйым ұжымының қоғамдық өміріне қатысу арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарды дұрыстауға мүмкіндік туғызады.
      47. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметке мыналар жатады:
      Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттерді және басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу;
      қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ балаларды тәрбиелеп отырған және 18 жастан адамдарды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру.
      48. Әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсету:
      қызмет алушыларға жеңілдіктер, жәрдемақылар, өтемақылар мен басқа да төлемдерді алуға жәрдемдесу қызмет алушылар үшін мүдделі мәселелерді шешуде уақытылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      өзін өзі қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту жөнінде консультация беру қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне отбасылық кәсіпкерлікті, үй кәсіпшілігін дамытуда олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіреді және өзінің материалдық жағдайын және отасының өмір сүру деңгейін қолдау және жақсарту мәселелерін шешуде білікті көмек көрсетеді.
      49. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық қызметке мыналар жатады:
      Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру мен көмек құқықтарымен байланысты мәселелер жөнінде заңгерлік консультация беру;
      заңды маңызы бар құжаттарды рәсімдеуге көмектесу;
      қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымдық тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету;
      заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу;
      Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттың тегін көмегін алуға жәрдемдесу.
      50. Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету:
      1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өз мүдделерін қорғау құқығымен байланысты мәселелер жөнінде консультация беру заңнамамен белгіленген құқықтарды және пайда болуы мүмкін бұзушылықтардан қорғау тәсілдерін толық түсіндіру береді;
      2) қызмет алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнамалар және басқа мәселелер жөнінде) жөнінде консультация беру олар білгісі келетін заңнама актілері және көтеріліп отырған мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік береді, осы мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттарды (өтініштер, арыздар, анықтамалар және басқа да құжаттар) дайындауда және тиісті мекенжайларға жіберуде қажетті көмек көрсетеді;
      3) қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымдық тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарда шағым жасалған іс-әрекеттің мәнін заңды түрде сауатты жазуға көмектесуге негізделеді;
      4) құжаттарды (жеке басын куәландыру, заңнама бойынша тиісті жеңілдіктерді алуға, бала асырап алуға және балаларды, ТҚА бұзылған балаларды отбасылық тәрбиелеудің басқа нысандары, мүгедектердің жұмысқа орналасуы үшін және т.б.) рәсімдеуде құқықтық көмек көрсету қызмет алушыларға мақсатына қарай қажетті құжаттардың мазмұнын түсіндіруді, құжат мәтінін баяндауды және жазып беруді (қажетіне қарай) немесе нысанды бланкілерді толтыруды, ілеспе хаттар жазуды қамтамасыз етеді;
      5) құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін адвокаттың тегін көмегін алуға жәрдемдесу қызмет алушыларға заңды құқықтарын заңды түрде қорғауға және оның мәселесі бойынша объективті шешім қабылдау мақсатында заңды көмекке кепілдік береді;
      6) отбасында қызмет алушыға немесе оның отбасы мүшелеріне жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу сотқа жүгіну үшін зардап шеккен адамдардың қажетті құжаттарын дайындауға, жәбірленушінің құқын қорғау және кінәлілерді жазалау мақсатында сот процесіне қатысуға негізделеді.

7. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату және тоқта тұру шарттары

      51. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату:
      1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) өтініші;
      2) мүгедектік алынған, үшінші топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;
      3) стационарлық жағдайында немесе үйде арнаулы қызмет көрсетілген кезде;
      4) қызмет алушы ішкі тәртіп ережесін бұзған кезде;
      5) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шартты бұзған жағдайда жүзеге асырылады.
      52. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қалпына келтіру осы стандарттың 3-бөлімінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету 51-тармақтың 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылған қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметті көрсетуді қалпына келтіру арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тоқтатылғаннан кейін бір күнтізбелік жыл асқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
      53. Қызмет алушыда жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім пайда болған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету тоқтатыла тұрады.
      Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қалпына келтіру қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім болып табылатын сырқаттың жоқтығын растайтын медициналық құжатты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
      54. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату және тоқтата тұру жартылай стационарлық үлгідегі ұйым басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
      55. Бұл ретте міндетті түрде шығару эпикризі, жартылай стационарлық үлгідегі ұйым мамандарының ұсынымдары ресімделеді, ол қызмет алушының, не оның заңды өкілінің қолына беріледі.

8. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды басқару

      56. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды уәкілетті орган немесе құрылтайшы лауазымға тағайындайтын және босататын басшы басқарады.
      57. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын жартылай стационарлық үлгідегі бөлімшені уәкілетті органның немесе құрылтайшының келісімі бойынша осы заңды тұлғаның директоры лауазымға тағайындайтын және босататын меңгеруші басқарады.
      58. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның штат санын уәкілетті орган немесе құрылтайшы осы Стандартқа 4-қосымшада көзделген көлемнен кем емес көлемде бюджет қажеттіліктерін және мүмкіндіктерін ескере отырып бекітеді.
      59. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысында сақталады және қызмет алушылар мен олардың заңды өкілдерінің бірінші талабы бойынша беріледі.
      60. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұйым басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган және/немесе құрылтайшы – ай сайын қарайды.
      61. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды және жеке тұлғалардан қаражат аудару үшін жартылай стационарлық ұйымның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын жартылай стационарлық ұйымды қоспағанда) демеушілік, қайырымдылық және өзге де шоттары болуы мүмкін.

9. Қорытынды ережелер

      62. Қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтің уақтылы және сапалы көрсетілуін бақылауды құрылтайшы және уәкілетті орган жүзеге асырады.

Халықты әлеуметтік қорғау  
саласындағы жартылай стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік 
қызмет көрсету стандартына  
1-қосымша          

Нысан   

ӨТІНІШ

_____ жылы «___»__________ туған, ___________________________________
мекенжайы бойынша тұратын ___________________________________________
                                          (Т.А.Ә.)
жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж болғандықтан _________________________________________________
                     (жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның атауы)
күндіз болуға қабылдауды сұраймын.

Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1) _______________________ 2) _______________________
      3) _______________________ 4) _______________________
      5) _______________________ 6) _______________________
      6) _______________________ 8) _______________________
      9) _______________________ 10) ______________________

Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдаудың, онда болудың, одан шығарып тастау және шығудың шарттарымен және ішкі тәртіп ережелерімен таныстым.

20 ___ жылғы «___»_________ _________________________________________
                               (Өтініш иесінің Т.А.Ә. және қолы)

Құжаттарды қабылдаған _______________________ 20 __ жылғы «___»______
                     (Т.А.Ә., лауазымы, қолы)

Халықты әлеуметтік қорғау   
саласындағы жартылай стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік  
қызмет көрсету стандартына   
2-қосымша           

Нысан   

МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА

_____________________________________________
(медициналық ұйымның атауы)

Т.А.Ә. ______________________________________________________________
Туған күні «____»_________ _____ жыл
Үйінің мекенжайы ____________________________________________________
Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулар жөнінде, дәрілік препараттарды, азық-түлікті көтере алмаушылық және сол сияқты)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Медициналық тексеру:
(негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын, бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет)
хирург ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
невропатолог ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
психиатр ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
окулист _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
отоларинголог _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
дерматовенеролог ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
фтизиатр ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
терапевт/педиатр ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды ____________________________

Көрсетілімдер бойынша:
эндокринолог ________________________________________________________
кардиолог ___________________________________________________________
ортопед _____________________________________________________________
нарколог ____________________________________________________________
онколог _____________________________________________________________
гинеколог ___________________________________________________________
зертханалық зерттеулердің нәтижелері:
қандағы RW анализі __________________________________________________
                                (мерзімі, нәтижесі)
қандағы АИТВ анализі ________________________________________________
                                (мерзімі, нәтижесі)
жалпы зәр анализі ___________________________________________________
                               (мерзімі, нәтижесі)
балапан ішек құрты анализі (балалар үшін) ___________________________
                                               (мерзімі,нәтижесі)
_____________________________________________________________________

ішек аурулар тобының анализі ________________________________________
                                       (мерзімі,нәтижесі)

Дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағасының қорытындысы: _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________   (жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болу үшін медициналық қарсы
                       көрсетілімдер бар ма)

      М.О.

      Медициналық ұйымның басшысы: __________________________________
                                             (Т.А.Ә., қолы)

      20___ жылғы «___»___________

Халықты әлеуметтік қорғау   
саласындағы жартылай стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік  
қызмет көрсету стандартына  
3-қосымша          

Нысан   

_____________________________________________________________________
(жартылай стационар үлгісіндегі мекеменің атауы)

Ұйымға келуді есепке алу журналы

Арнаулы қызмет алған адамның Т.А.Ә.

Мерзімі (күні, айы)

Тақырыбы

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның Т.А.Ә. мен қолы

1

2

3

4

5











      Ескерту: Журнал күнтізбелік жылға арналады және нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген болуға тиіс.

Халықты әлеуметтік қорғау   
саласындағы жартылай стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік  
қызмет көрсету стандартына  
4-қосымша          

Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың ең аз штаттық нормативтері

Лауазым атауы

Қызмет алушылар саны

50-ге дейін

50-100

101-150

151-200

201-ден астам

Басшы қызметкерлер мен қызмет көрсетуші-шаруашылық персоналдың штаттық нормативтері

1

Директор

1 мекемеге 1 бірлік

2

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары

1 мекемеге 1 бірлік

3

Медициналық бөлімнің меңгерушісі (6 кем емес дәрігерлік лауазым жағдайында)

1 мекемеге 1 бірлік

4

Бас бухгалтер

1 мекемеге 1 бірлік

5

Бухгалтер

1 мекемеге 1 бірлік

6

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер

1 мекемеге 1 бірлік

7

Шаруашылық меңгерушiсi

1 мекемеге 1 бірлік

8

Кадрлар жөніндегі инспектор

0,5

1

1

1

1

9

Хатшы-машинистка (референт)

0,5

1

1

1

1

10

Вахтер

1 мекемеге 1 бірлік

11

Лифтер (лифт болса)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.12.2009 ж. № 401-ө бұйрығымен бекітілген үлгілік нормалар мен еңбек нормативтеріне сәйкес

12

Күзетші

мекемеге 4 бірлік

13

Автомобиль жүргізушісі

1 техникалық жүріп тұрған автокөлік құралына 1 бірлік

14

Тракторшы (трактор болса)

1 техникалық жүріп тұрған автокөлік құралына 1 бірлік

15

Бақшашы (тазаланатын алаң 0,75 га кем емес)

1 мекемеге 1 бірлік

16

Аула сыпырушы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.12.2009 ж. № 401-ө бұйрығымен бекітілген үлгілік нормалар мен еңбек нормативтеріне сәйкес

17

Слесарь-сантехник

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.12.2009 ж. № 401-ө бұйрығымен бекітілген үлгілік нормалар мен еңбек нормативтеріне сәйкес

18

Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электромонтер

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.12.2009 ж. № 401-ө бұйрығымен бекітілген үлгілік нормалар мен еңбек нормативтеріне сәйкес

19

Электр-газ дәнекерлеуші

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.12.2009 ж. № 401-ө бұйрығымен бекітілген үлгілік нормалар мен еңбек нормативтеріне сәйкес

20

Қосалқы жұмысшы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.12.2009 ж. № 401-ө бұйрығымен бекітілген үлгілік нормалар мен еңбек нормативтеріне сәйкес

21

Ғимараттар мен үй-жайларды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы (ағаш ұстасы, ағаш шебері)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.12.2009 ж. № 401-ө бұйрығымен бекітілген үлгілік нормалар мен еңбек нормативтеріне сәйкес

22

Газ тектес, сұйық және қатты отынмен жанатын, электрмен ысып істейтін қазандықтарға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.12.2009 ж. № 401-ө бұйрығымен бекітілген үлгілік нормалар мен еңбек нормативтеріне сәйкес

23

Қазылған орлардан қатты шөгінділерден болған қоқысты шығару жөніндегі тасушы

4 бірлік кәріз болмаған жағдайда және қазылған орларды тазарту орталықтанған тәртіпте жүргізілмесе

24

Су сорғы станциясының машинисі (моторшысы)

1 мекемеге 1 бірлік

25

Дезинфектор

0,5

0,5

1

1

1,5

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

26

Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман

1,5

2,5

3,5

4,5

5,5

Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі персоналдық штаттың нормативтері

27

Бас аспазшы**

-

-

-

1

1

28

Аспазшы **

1

2

3

4

5

29

Ыдыс-аяқ жуушы**

1

1

1

1

1

30

Көкөніс және картоп тазалаушы **

1

1

2

2

3

31

Нан кесуші, асхана жұмысшысы**

-

0,5

1

1

1

32

Буфетші

50 қызмет алушыға 1 бірлік

33

Шаруашылық бикесі

1 мекемеге 1 бірлік

34

Арнайы киім мен іш киім жуатын машинист

1

1

1,5

1,5

2

35

Палаталық санитар 1,2

20 қызмет алушыға 1 бірлік

36

Палаталық санитар 3,4

50 қызмет алушыға 1 бірлік

37

Санитар (-тазалаушы)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.12.2009 ж. № 401-ө бұйрығымен бекітілген үлгілік нормалар мен еңбек нормативтеріне сәйкес

Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

38

Педиатр дәрігер 1, 2

1

1

1,5

2

2

39

Терапевт дәрігер3, 4

1

1

1,5

1,5

1,5

40

Невропатолог дәрігер

1

1

1,5

1,5

1,5

41

Психиатр дәрігер (психотерапевт) 1, 3, 4

1

1

1,5

2

2

42

Травматолог-ортопед дәрігер 2

0,5

0,5

1

1

1

43

Дәрігер *

1 мекемеге 1 бірлік

44

Диеталық тамақ жөніндегі мейірбике *

1 мекемеге 1 бірлік

45

ЕДШК нұсқаушысы

тірек-қимыл аппараттары бұзылуының ауыр түріне қызмет алушы 20 адамға немесе тірек-қимыл аппараттары функцияларының орташа бұзылуына байланысты қызмет алушы 40 адамға 1 бірлік, бірақ ЕДШК бір кабинетіне 2 бірліктен көп емес

46

Райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы 2, 4

1 мекемеге 1 бірлік (тиісті жағдай болғанда)

47

Жүзу (гидрокинезотерапия) жөніндегі нұсқаушы 2, 4

1 мекемеге 1 бірлік (бассейн болғанда)

48

Аға мейірбике

1 мекемеге 1 бірлік

49

Мейірбике

1

2

3

4

5

50

Массаж жасау жөнiндегi мейiрбике

1

1

1

2

2

Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

51

Психолог

1

1

1,5

2

2

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

52

Әдіскер 1, 2

1 мекемеге 1 бірлік

53

Тәрбиеші 1, 2

оқу тобына 1,5 бірліктен ****

54

Логопед 1, 2

1

1

1,5

2

2

55

Дефектолог мұғалім 1, 3

1 оқу тобына 1 бірлік ****

56

Музыка мұғалімі1,2,3

1 мекемеге 1 бірлік

57

Дене шынықтыру мұғалімі 1, 2, 3

1 мекемеге 1 бірлік

58

Еңбек терапиясы инспекторы (еңбек мұғалімі) 1, 2

1 оқу тобына 1 бірлік ***

Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

59

Еңбек терапиясы инспекторы 3, 4

1 бейінге 1 бірлік (бейін кемінде 6 қызмет алушыны оқытқанда қалыптастырылады)

Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

60

Мәдени ұйымдастырушы

1 мекемеге 1 бірлік

61

Музыкалық жетекші4

1 мекемеге 1 бірлік

62

Кітапханашы (кітапхана, лекотека болғанда) Логопед 1, 2

0,5

1

1

1

1

Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

63

Заңгер

1 мекемеге 1 бірлік

      Ескерту:
      1) 1 – психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі;
         2 – ТҚА бұзылған балаларға арналған жартылай стационарлық ұйымдарға енгізіледі;
         3 – психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан адамдарға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі;
         4 – қарттар мен мүгедектерге арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі;
      2) * – жеке заңды тұлға болып табылатын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар үшін көзделген басшы қызметкерлердің және шаруашылық-қызмет көрсетуші персоналдың штат нормативтері;
      3) ** (27-31, 43-тармақтар) – бұл лауазымдар ыстық тамақ даярлаған жағдайда көзделеді;
      4) *** (42-тармақ) – бұл лауазымға қызмет алушылардың ауру сипатын ескере отырып, қажеттігіне қарай кез келген дәрігерді қабылдауға болады;
      5) **** (52, 54, 57-тармақтар) – оқыту топтары осы бұйрықпен бекітілген стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметті ұсыну шарттарын белгілейтін халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартының 35-тармағы 4) тармақшасына сәйкес қалыптасады;
      6) жабдықталған мамандандырылған кабинеттер болғанда ең төмен штат нормативіне енгізілмеген тиісті мамандар қабылданады, алайда бір кабинетке 2 маманнан артық емес;
      7) қажеттігіне қарай белгіленген лауазымдар еңбекақы төлеу қоры шегінде бірін-бірі алмастыра алады;
      8) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда тәуліктік болу бөлімшесі жұмыс істеген кезде,түнгі кезекшілікке қажетті лауазымдар стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың ең төмен штат нормативтеріне сәйкес айқындалады;
      9) басшы қызметкерлерді және шаруашылық-қызмет көрсетуші персоналды ұстау бойынша шығыстар 1 бірлік қызметтің құнын есептеуге қосылмаған;
      10) жартылай стационарлық үлгідегі мекемелерде қызметтік автокөлік құралдары лимиті бір жеңіл автомобиль және екі санитарлық автомобиль, ал қызмет алушыларды тасымалдау жөнінде көлік қызметі көрсетілген кезде қосымша - бір жолаушылар тасымалдайтын автобус көлемінде белгіленеді. Құралы (350 немесе одан көп қызмет алушылар болған жағдайда.

Халықты әлеуметтік қорғау   
саласындағы жартылай стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік  
қызмет көрсету стандартына  
5-қосымша          

Нысан   

Бекітемін:                     
_________________________________
(жартылай стационарлық үлгідегі
ұйым басшысының Т.А.Ә. және қолы)
20___ жылғы «___» ____________

_________________________________________________________________ (жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның атау)

Жеке жұмыс жоспары

Қызмет алушының Т.А.Ә. ______________________________________________
Туған күні және жылы ________________________________________________
Диагнозы ____________________________________________________________
Жартылай стационарлық ұйымға түскен күні ____________________________
Қызмет алушыға __________ бастап _________ қоса алғанға дейін бақылау жүзеге асырылды
Жеке жұмыс жоспары ___________ бастап __________ қоса алғанға дейінгі кезеңге әзірленді

Қызмет алушының жеке қажеттілігіне сәйкес тағайындалған іс-шаралар (көрсетілетін қызметтің түрлері мен көлемін көрсету):

Қызмет түрлері

Қызмет көлемі (жеке жүргізілетін іс-шаралардың атауы)

Тағайындауды жүзеге асырған маманның Т.А.Ә. және қолы

Тағайындау күні

1

әлеуметтік-тұрмыстық






2

әлеуметтік-медициналық






3

әлеуметтік-психологиялық






4

әлеуметтік-педагогикалық






5

әлеуметтік-еңбек






6

әлеуметтік-мәдени






7

әлеуметтік-экономикалық






8

әлеуметтік-құқықтық






Жеке жұмыс жоспарын қайта қарау күні 20___ жылғы «___» ______________

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман _________ __________________________
                                   (қолы)         (Т.А.Ә., күні)

Халықты әлеуметтік қорғау   
саласындағы жартылай стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік  
қызмет көрсету стандартына  
6-қосымша          

Қызмет алушының жеке жұмыс жоспарының орындалуы (мониторингі) бойынша журналдың/электрондық картотеканың нысаны

Қызмет алушының Т.А.Ә. ______________________________________________
Туған күні _______ жылғы «____» ______________
Диагнозы ____________________________________________________________
___ ______ бастап ___ _______ қоса алғандағы кезеңге әзірленген жеке жұмыс жоспарына мониторинг
Қызмет алушыны қадағалау кезеңі: __ ____ бастап __ ____ қоса алғанда

Қызмет алушының жай-күйі туралы белгі, оның ішінде

Жеке жұмыс жоспарын түзету туралы шешім (қызмет көрсетудің қандай түрі қайта қаралуға тиіс екенін көрсету)

Мониторинг жүргізу күні

Мониторингті жүзеге асырған маманның Т.А.Ә. және қолы

оң өзгерістер бар (сипаттап беру)*

өзгерістер жоқ немесе нашарлады (себебін көрсету)

1

2

3

4

5

6

1






2






3






4






5






6






7






8






Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман __________ _________________________
                                    (қолы)        (Т.Ә.А., күні)

Ескерту: * Қызмет алушының:
      - соматикалық, психикалық, эмоционалдық жай-күйінде;
      - қимыл, сенсорлық, танымдық, тіл дамыту, коммуникативтік салаларында;
      - өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекпен
      бейімдеу мен әлеуметтендіруді қалыптастырудағы оң өзгерістері белгіленді.

Халықты әлеуметтік қорғау   
саласындағы жартылай стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік  
қызмет көрсету стандартына  
7-қосымша          

Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымдарға арналған жұмсақ мүкәммал, сондай-ақ олардың тозу мерзімдерінің ең төмен нормалары

Атауы

Өлшем бiрлiгi

Балаларға және ТҚА бұзылған балаларға*

18 жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға*

Норма

Мерзiмi (жыл)

Норма

Мерзiмi (жыл)

Төсек-орын жабдықтары

1

Ақ жайма

дана

3

1

3

1

2

Сейсеп

дана

3

1

3

1

3

Жастық тысы

дана

4

1

4

1

4

Матрац (оның ішінде басылып қалмайтын матрац)

дана

1

2

1

3/2**

5

Жастық

дана

1

2

1

3

6

Көрпе

дана

1

2

2

3

7

Жамылғы

дана

1

4

1

4

8

Вафельді сүлгiлер

дана

4

1

4

1

9

Махер сүлгiлер

дана

2

1

2

1

Ескерту:

      ** 4-тармақтағы бірінші сан жалпы бөлім үшін, екінші сан – халы нашар адамдар үшін пайдалану мерзімін көрсетеді.

2. Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және 18 жастан асқан адамдарды жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымдарда оқыту ұзақтығы

      Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және 18 жастан асқан адамдарды оқыту ұзақтығы барлық үлгідегі ұйымдарда олардың дағды деңгейiне, танымдық қызметi мен жас ерекшелiктерiне қарай құрылады:
      балалардың әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi ең төмен деңгейде болғанда сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейiн созылады;
      әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi төмен деңгейде болғанда - 20 минутқа дейiн;
      әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi қалыпты деңгейде болғанда - сабақ 30 минутқа дейiн;
      әлеуметтiк дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметiнің деңгейі айтарлықтай төмендемеген жағдайда - 45 минутқа созылады.
      Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытында балаларға және 18 жастан асқан адамдарға оқу жоспарының бағдарламасына және әр сабаққа әзiрленген тақырыптық жоспарларға сәйкес дидактикалық және дамытушы ойындар өткiзіледi.

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің     
2010 жылғы 6 желтоқсандағы 
№ 394-ө бұйрығына     
3-қосымша          

Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Стандарт қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес нысандағы үйде қызмет көрсету ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің шарттары мен тәртібінің көлемі мен талаптарын белгілейді, үйде қызмет көрсету ұйымының жұмыс істеу тәртібін, мүгедектер қатарындағы психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға (бұдан әрі - балалар), тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар), психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге (бұдан әрі – 18 жастан асқан адамдар), бірінші, екінші топтағы мүгедектерге қарттарға (бұдан әрі - мүгедектер) арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету, тоқтату шарттарын айқындайды. Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады.
      3. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, өзге де үйде қызмет көрсету жағдайында қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған ұйымдар үйде қызмет көрсету ұйымдары (бұдан әрі – үйде қызмет көрсету ұйымы) болып танылады.
      4. Осы Стандартты меншік нысанына қарамастан үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық субъектілер ұстанады.
      5. Үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер:
      1) жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде арнайы білім беру түзету ұйымдарының (мектеп интернаттардың) арнайы (көмекші) сыныптарында оқуға қиындық туғызатын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы (бөгде адамның көмегінсіз жүре алмайтын, қимылдарының бұзылу ауырлығына қарай өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді талап ететін); есту, көру, сөйлеу қабілеттерінің анық білінетін бұзушылықтарымен, тырысқақтық ұстамамен, мінез-құлқындағы ауытқушылықтармен асқынуы;
      ауыр немесе күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;
      бас миының органикалық зақым алғаннан кейінгі жарыместігі салдарынан үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға;
      2) өздігінен жүріп-тұруының және өзіне-өзі қызмет көрсетудің бірінші және екінші деңгейде шектелуіне әкелген тірек-қимыл аппараты айқын немесе едәуір (өрескел) бұзылған мүгедек балаларға;
      Балаларға және ТҚА бұзылған балаларға үйде қызмет көрсетуге:
      жеке адам дефектісі айқын білінбейтін өнімді симптоматикалы шизофренияның;
      кез келген нозологиялық тиістілік шеңберіндегі психопатияға ұқсас симптоматиканың;
      бала мен айналасындағылар үшін қауіпті, мінез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулардың;
      белсенді процесс стадиясындағы туберкулез, карантинді инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы аурулары, венерологиялық аурулар, ЖИТС;
      мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емделуді талап ететін басқа да аурулардың болуы үйде қызмет көрсетуге медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады;
      3) жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы (бөгде адамның көмегінсіз жүре алмайтын, қимылдарының бұзылу ауырлығына қарай өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді талап ететін);
      ауыр немесе күрделі дәрежедегі ақыл-ес кемістігінің;
      жіті психотиялық симптоматика болмағанымен, жарыместігі немесе психикалық кемістігінің өрескел көрінуімен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлері;
      жарыместік белгілері бар бас-ми жарақаттары;
      жарыместік белгілері бар бас мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары (энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисі және бас мидың басқа да органикалық аурулары);
      айқын білінетін жарыместік белгілері бар тұрақты алкоголизм;
      айқын білінетін психомоторлық мазасыздығы жоқ және есінің өзгеру жай-күйінің ұзақ немесе қайталанатын жарыместік белгілері бар қан-тамыр және сенильдік;
      жарыместік белгілері мен сирек тырыспа және эквиваленттері бар (айына бес реттен артық емес) эпилепсияның түрлі нысандары салдарынан үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан;
      18 жастан асқан адамдарға үйде қызмет көрсетуге:
      белсенді процесс стадиясындағы туберкулез, карантинді инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы аурулары, венерологиялық аурулар, ЖИТС;
      мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емделуді талап ететін басқа да аурулардың;
      жіті және қатты стадиядағы психикалық аурулардың;
      созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайының;
      айқын білінетін психотиялық симптоматикамен, қызығушылығы мен мінез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетілетін адамның өзіне және айналасындағыларға қауіпті психикалық аурулардың, атап айтқанда: мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ұстамалы түрдегі немесе жиі өршімелі немесе аурудың жиі декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендті өтетін кез келген психикалық аурулар;
      эпилепсия және басқа этиологиядағы жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім тырыспалы синдром;
      тұрақты алкоголизм, нашақорлық, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерінен асқынған басқа да психикалық аурулар;
      айқын білінетін түрлі генездегі депрессиялық және қияли жай-күйлер, созылмалы реактивті жай-күйлер;
      айқын білінетін психопатқа ұқсас синдромдар, эксплозивті, параноидті, паранояльдік, қояншық ауруларының болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады;
      4) өзіне өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік көрсетілуге мұқтаж, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңы бойынша ата-анасын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру мекемелерінде отыруына, елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, немесе басқа елді мекенде тұруына байланысты) оларға тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар бірінші, екінші топтағы мүгедектер мен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 9-бабы 1-тармағымен белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен мүгедектерге және қарттарға тәуліктің күндізгі уақытында әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған.
      Мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсетуге ауру процесінің белсенді стадиясындағы туберкулездің, невроздарды қоспағанда, психикалық аурулардың, соматикалық ауру кезіндегі неврозға ұқсас жай-күйлердің, жарыместің жеңіл дәрежесінің, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) тырыспалы синдромдардың, карантинді инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венереологиялық аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін аурулардың болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады.
      6. Үйде қызмет көрсету ұйымы заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оны құрылтайшысы құрады және өз қызметін құрылтайшы құжаттарға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
      7. Үйде қызмет көрсету ұйымдары:
      1) балаларға және 18 жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік көрсету қызметтері/бөлімшелері;
      2) мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметтері/бөлімшелері;
      3) балалар мен 18 жастан асқан адамдарды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау қызметтері;
      4) үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған өзге ұйымдар түрінде құрылады.

2. Үйде қызмет көрсету ұйымының
міндеттері мен функциялары

      8. Үйде қызмет көрсету ұйымының негізгі міндеттері:
      1) осы Стандартпен бекітілген көлемдерге сәйкес үйде қызмет көрсету жағдайында Стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
      2) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
      3) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын және тиімділігін арттыру болып табылады.
      9. Үйде қызмет көрсету ұйымының негізгі функциялары мыналар:
      1) үйде қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларды анықтау және есепке алу;
      2) дағдыланған әлеуметтік ортада қолайлы моральдік-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу;
      3) қызмет алушыларға осы Стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету;
      4) үй жағдайында мүгедектерге әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалту жүргізу;
      5) қызмет алушылар мен оның отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері туралы хабардар ету;
      6) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;
      7) үйде қызмет көрсету ұйымының құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар болып табылады.

3. Үйде қызмет көрсететін ұйымның
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары

      10. Қызмет алушыларды оларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін үйде қызмет көрсету ұйымына жіберуді қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың уәкілетті органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
      11. Мемлекеттік емес нысандағы үйде қызмет көрсететін ұйым қызмет алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
      12. Қызмет алушыларды бюджет есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынатын үйде қызмет көрсету ұйымына қабылдау мынадай құжаттардың негізінде:
      1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіз адамдар үшін - заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) өтініші (1-қосымша);
      2) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімі;
      3) уәкілетті органның жолдамасы (бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету кезінде);
      4) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
      5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе тұрғылықты жерінен анықтама;
      6) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін – талап етілмейді);
      7) медициналық карта (2-қосымша);
      8) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін – талап етілмейді);
      9) зейнеткерлік жастағы адам үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
      10) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушысы және соларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
      13. Құжаттардың көшірмелері түпнұсқасымен бірге ұсынылады, салыстырып тексергеннен кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады.
      14. Жазбаша өтінішті және осы Стандарттың 13-тармағында көзделген басқа да құжаттарды қабылдағаннан кейін уәкілетті органның маманы бес жұмыс күні ішінде мүгедектің және қарт адамның тұратын жеріне барады және тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісін (3-қосымша) жасайды.
      Тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісі тексеру жүргізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жасалады.
      15. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және соларға теңестірілген адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бірінші кезекті тәртіппен көрсетіледі.
      16. Қызмет көрсетілетін қызмет алушыларды әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант тіркеу журналына (4-қосымша) тіркейді.
      17. Арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж және бір отбасында тұратын балалар, ТҚА бұзылған балалар, 18 жастан асқан адамдар жеке адам ретінде есептеледі.
      Арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж және бір отбасында тұратын мүгедектер мен қарттар бір адам ретінде есептеледі.
      18. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету кезінде қызмет алушының жасы мен денсаулығының жай-күйі, оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны, қозғалыс белсенділігінің төмендеу дәрежесі, тұру жағдайы және басқа да объективті факторлар ескеріледі.

4. Балалардың, ТҚА бұзылған балалар мен 18 жастан асқан
адамдардың арнаулы әлеуметтік қызметке жеке қажеттілігін
айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу

      19. Арнаулы әлеуметтік қызметке қызмет алушылардың қажеттілігін (түрлері мен көлемін) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер және басқа да үйде қызмет көрсету мамандары (бұдан әрі – үйде қызмет көрсету ұйымы мамандары) айқындайды (5-қосымша).
      20. Үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, балалардың, ТҚА бұзылған балалар мен 18 жастан асқан адамдардың қажеттілігін бағалау негізінде әрбір балаға, ТҚА бұзылған бала мен 18 жастан асқан адамға бір жылдан аспайтын мерзімге жеке жоспар (бұдан әрі – жеке жоспар) әзірлейді (6-қосымша).
      21. Жеке жоспар бала, ТҚА бұзылған бала мен 18 жастан асқан адам үйде қызмет көрсету ұйымына есепке қабылдаған күннен бастап оны үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары тексергеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлейді, кейінгі үш жұмыс күні ішінде толтырады және үйде қызмет көрсету субъектісінің басшысы бекітеді.
      22. Жеке жоспарда көрсетілген оңалту іс-шараларын үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары жеке жоспарда белгіленген мерзімде іске асырады.
      23. Балалардың, ТҚА бұзылған балалар мен 18 жастан асқан адамдардың жай-күйіндегі өзгерістер тоқсан сайын (қажетіне қарай ай сайын) үйде қызмет көрсету ұйымының мамандарымен тексеру жүргізуге жатады.
      24. Жүргізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын ) үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары жеке жоспардың орындалуы (мониторингі) туралы журналда/электрондық картотекада (бұдан әрі – журнал/электрондық картотека) көрсетеді, ол әрбір балаға, ТҚА бұзылған бала мен 18 жастан адамға жеке-жеке толтырылады.
      25. Үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары мониторинг қорытындысы бойынша қажетіне қарай балалардың, ТҚА бұзылған балалар мен 18 жастан асқан адамдардың жеке жоспарларын түзетеді.
      26. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант жеке жоспарды және журналды/электрондық картотеканы әзірлеу жөнінде жұмыстарды үйлестіреді, сапалы толтырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
      27. Үйде қызмет көрсету ұйымы мамандарының жұмыс сапасын:
      жеке даму деңгейі жоғарлаған балалар мен 18 жастан асқан адамдар;
      білім берудің арнайы түзету ұйымдарына ауыстырылған балалар;
      өзін өзі күту дағдылары қалыптасқан ТҚА бұзылған балалар санының өткен жылмен салыстырғанда көбеюі бойынша үйде қызмет көрсету ұйымы немесе уәкілетті органның басшысы бағалайды.
      28. Жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының нәтижелілігін бағалау немесе консультация беру үшін үйде қызмет көрсету ұйымында қажетті мамандар болмаған жағдайда шарт жасау негізінде басқа ұйымдар мен ведомстволардан мамандар тартуға рұқсат етіледі.
      29. Үйде қызмет көрсету ұйымының әрбір маманы лауазымдық нұсқаулығына және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысады және оңалту іс-шараларының нәтижелерін журналға/электрондық картотекаға тіркейді.
      30. Үйде қызмет көрсету ұйымының әкімшілігі ұйымның барлық мамандарына қатысты қызметтік міндеттерінің сапалы орындауына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.

5. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары

      31. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге:
      денсаулық жағдайы бойынша әдеттегі, оның ішінде, төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзәйнекті немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты күнделікті рәсімдерді орындауға қабілетсіз қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;
      қызмет алушылардың отбасы мүшелеріне жеке қызмет көрсетушінің және гигиеналық-санитарлық сипаттағы практикалық дағдыларды үйрету;
      қарттар мен мүгедектер үшін қосымша:
      үйден тыс жерде бір елді мекен шегінде ілесіп жүру;
      хат жазу және оқуда көмек көрсету;
      ыстық тамақ, азық-түлік және күнделікті қажетті азық-түліктік емес тауарларды сатып алу және үйге жеткізіп беру;
      ас әзірлеуге көмектесу;
      пеш жағуға, отын, көмір және су әкелуге жәрдемдесу;
      киімдерді жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыру және оларды алып келу;
      кір жууға көмектесу;
      тұрғын үй-жайларды жөндеуге және жинауға жәрдемдесу;
      тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу;
      салт-жора қызметтерді ұйымдастыруға көмектесу (қайтыс болған қызмет алушының туыстары (заңды өкілдері) болмаған кезде) жатады.
      32. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету:
      1) бақылау, төсек режиміндегі және денсаулығының жағдайы бойынша өзін өзі күтудің қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметті көрсету олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындауды қамтамасыз етеді (бұндай қызметті көрсету кезінде қызмет көрсетуші персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылылық танытуы қажет);
      2) үйден тыс бір елді мекен шегінде, оның ішінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау объектілеріне және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне барарда ілесіп жүру қызмет алушылардың жүріп-тұруы кезінде сақтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
      3) пеш жағуға, ағаш, көмір және су тасуға жәрдемдесу орталықтан жылытылмайтын және (немесе) сумен жабдықталмаған тұрғын үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектерге көрсетіледі.
      Бір келгенде 30 кг дейін ағаш пен көмір әкелінуге және 30 литрге дейін су тасылып, күл шығарылады.
      4) ыстық тамақ, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пен өндірістік тауарларды сатып алу және үйге жеткізу, ас әзірлеуге көмектесу, киімдерді жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыру және оларды қайтып әкелу, іш киімдерді және төсек-орындарды жууға көмектесу, тұрғын жайларды жөндеуді және жинауды ұйымдастыруға жәрдемдесу, тұрғын үй және коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу клиенттерге қалыпты өмір сүру жағдайын жасау мақсатында осы проблемаларды шешу үшін олардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін толық және уақытында қанаттандыруды қамтамасыз етеді;
      5) діни жораларды ұйымдастыру (қайтыс болған қарттардың және мүгедектердің туыстары немесе олардың оны жерлеумен айналысуға құлқы болмаған кезде) қайтыс болған қызмет алушының діни нанымы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      33. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметтерге:
      медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (қажет болған кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);
      дәрігерге дейін көмек көрсету;
      медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
      тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
      дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      қызмет алушыларға техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдарды және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету;
      мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес протездік-ортопедиялық және есту-протездік көмек алуына жәрдемдесу;
      әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына қарай бейімделу мәселелері бойынша консультация беру;
      арнайы маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
      денсаулыққа байланысты рәсімдерді жүргізу (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және басқа рәсімдер);
      емдік-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету;
      үйге дәрігер шақырту және денсаулық ұйымдарында дейін қызмет алушыларға ілесіп жүру;
      балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронаждық бақылау;
      мүгедектер мен қарттарға санитарлық-гигиеналық қызметтер көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру);
      оңалту іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу;
      отбасы мүшелеріне үй жағдайында жүргізілетін оңалту іс-шараларының негіздерін үйрету жатады.
      34.Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету:
      1) қызмет алушылардың әлеуметтік-медициналық қызмет алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсеткіштерін, физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп, қызметтердің уақтылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
      2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінде көзделген барлық медициналық рәсімдер мен іс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
      3) дәрігерге дейін көмек көрсетуді ұйымдастыру уақтылы болуға тиіс және алғашқы диагнозды айқындауға, дәрі-дәрмекті дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрігер келгенше оларды қабылдау тәртібін айқындауды қамтамасыз етеді;
      4) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызмет алушыларға, олардың алдында тұрған нақты әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әртүрлі аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты өзгерістер және басқа да проблемалар) дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      Қызмет алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектерді отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;
      5) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу қызмет алушыларға оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеуді қоса алғанда, организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау негізінде қызмет алушылардың әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысымен белгіленген тәртіппен айқындау мақсатында куәландырудан өту үшін құжаттарды дайындауда көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      6) дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету қамқорлықтағы адамдардың денсаулығын нығайту үшін жүйелі орындау мақсатында олардың қолжетімді және денсаулыққа қауіпсіз дене жаттығулары кешенін меңгеруін қамтамасыз етеді;
      7) медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру жүйелі емдеуді бастағанға дейін қызмет алушылардың қажеттілігін қамтамасыз етеді;
      8) протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық (көмекші) орнын толтырушы құралдарды, сондай-ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызмет алушылардың практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;
      9) техникалық (көмекші) орнын толтырушы құралдар мен міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету қызмет алушылардың осы құралдарды өздігінен пайдалана алу практикалық дағдыларын дамытады;
      10) үйге дәрігер шақыру және қызмет алушыны денсаулық сақтау ұйымына апару қызметі уақытылы көрсетіледі, және де қызмет алушылардың жүріп-тұруы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
      11) отбасы мүшелеріне үй жағдайында оңалту жүргізілетін үшін медициналық күтім негіздерін үйрету отбасы мүшелеріне қызмет алушыға өздігінше медициналық күтім көрсетуге бағытталған білімнің қажетті көлемін қамтамасыз етеді;
      12) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронаждық бақылау қызмет алушыларды жүйелі бақылау негізінде қызмет алушылардың денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды уақытылы анықтауды қамтамасыз етеді және сол сәтте қажетті әлеуметтік-медициналық көмек көрсетеді;
      13) санитарлық-гигиеналық қызметтерді көрсету қызмет алушылардың денсаулық жағдайы мен хал-жайының жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жояды;
      14) денсаулыққа байланысты рәсімдерді (дәрі қабылдау, дәрі тамызу және басқа да рәсімдерді) жүргізу қызмет алушыларға қандай да бір зиян келтірмей аса ұқыптылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
      15) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардағы аурулардың уақытылы алдын алуына және ауруларды жоюға мүмкіндік береді;
      16) бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың медициналық консультация беруге жәрдемдесуі қызмет алушыларға алдын ала диагноз қоюды қамтамасыз етеді.
      35. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:
      психологиялық диагностика және жеке тұлғаны тексеру;
      әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
      мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстары;
      психологиялық консультация беру;
      шұғыл психологиялық (оның ішінде телефон бойынша) көмек;
      қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
      қызмет алушыларға және бірге тұратын отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету;
      қолайлы психологиялық климат қамтамасыз ету, келіспеушілік жағдайларының алдын алу және жою үшін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету жатады.
      36. Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету:
      1) психологиялық консультация беру жанжалдың алдын алу және жою үшін қызмет алушыға ішкі ресурстарын ашу, тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
      Психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпарат және туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды онымен талқылау, оған ішкі ресурстарды ашуға, жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектеседі;
      2) әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігін арттыруды және психикалық қорғауды қамтамасыз етеді;
      3) қызмет алушының психологиялық диагностикасы үйде қызмет көрсету ұйымның басшысы бекітетін психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады.
      Психодиагностика қызмет алушының мінез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін оның психикалық жай-күйін және жеке тұлғалық ерекшелігін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын жүргізудің болжамын жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат береді;
      4) шұғыл психологиялық көмек: қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация беруді, дағдарыс жағдайынан шығу үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруға, туындаған проблемаларды өздігінен шешу және қиындықтарды жеңу, өзіне деген сенімін нығайту үшін қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;
      5) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелі байқау негізінде психикалық қолайсыздық жағдайын және тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжалды және қызмет алушылардың өмірлік қиын жағдайын ауырлататын басқа да жағдайларды уақытында анықтауды әрі оларға сол кезде қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      6) психологиялық алдын алу жұмыстары мүгедектер мен қарттарда психологиялық білімін және оларды өзін түзеу және өзінің проблемаларын шешуде пайдалану ықыласын қалыптастыруға, әрбір жас кезеңінде жеке басын психикалық дамыту үшін жағдайлар жасауға, тұлғалық қалыптасуда және дамуда болатын бұзушылықтарды уақытында алдын алуға мүмкіндік береді;
      7) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды тәрбиелеп отырған және 18 жастан асқан адамдарға күтім көрсететін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету отбасында қызмет алушылардың денсаулығы мен психикасына кері әсер ететін жанжалдардың және стресс жағдайларын алдын алуға бағытталуға тиіс.
      37. Үйде қызмет көрсету жағдайында балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, 18 жастан асқан адамдарға көрсетілетін әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге:
      әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
      балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу;
      ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде білім алуына жәрдемдесу;
      балаларды және 18 жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау және қол еңбегі дағдыларының негіздеріне үйрету;
      өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас жасау дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да нысандарын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
      2) балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, 18 жастан асқан адамдарға стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін қызметтер:
      балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуге және олардың арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жағдай жасау мәселелері жөнінде отбасы мүшелеріне консультация беру;
      кәсіптік білім алуына жәрдемдесу;
      ата-аналарына және отбасы мүшелеріне оларды үй жағдайында оңалтудың негіздерін үйрету;
      отбасы мүшелеріне балаларға және 18 жастан асқан адамдарға қажетті өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды үйрету жатады.
      38. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету:
      1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды дұрыс түсінуде және шешуде білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      2) балаларда, ТҚА бұзылған балаларда, 18 жастан асқан адамдарда өзіне өзі қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын, сенсорлық және когнитивтік дағдыларын қалыптастыру бойынша практикалық көмек көрсету олардың әлеуметтік-педагогикалық бейімсіздену дәрежесі, білім деңгейі, физикалық және психикалық жай-күйі ескеріліп жүзеге асырылады;
      3) тұрмыстық бағдарлану негіздеріне үйрету көрнекі және тиімді болып табылады, оның нәтижесінде қызмет алушылар тамақ пісіру, киім жөндеу, тұрғын жайды күту, аумақты жинау және жабдықтау сияқты тұрмыстық рәсімдерді толық көлемде игереді;
      4) отбасы мүшелерін қызмет алушыларда қажетті өмірлік дағдыларды оңалту және қалыптастыру негіздеріне үйрету отбасы мүшелеріне үй жағдайында оңалту іс-шараларын көрсетуге бағытталған білімдердің қажетті көлемін қамтамасыз етеді.
      Отбасы мүшелерін үйрету кезінде балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, 18 жастан асқан адамдардың жеке ерекшеліктері, сондай-ақ отбасы мүшелерінің осы рәсімдерге дайындық дәрежесі ескеріледі;
      5) отбасы мүшелеріне балаларды мектепке дейін тәрбиелеу және олардың арнаулы оқу бағдарламалары бойынша білім алуы үшін жағдайлар жасау мәселелері жөнінде консультация беру тәрбиелік жұмыстар мен оқытудың табысты және нәтижелі жүргізілуіне мүмкіндік береді;
      6) кәсіптік білім алуға жәрдемдесу ТҚА бұзылған балалардың жеке физикалық және ақыл-ой қабілетін, олардың таңдаған кәсіптері бойынша жұмыс істеуге ықыласын ескере отырып жүзеге асырылады.
      39. 18 жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтеріне:
      ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау;
      мүгедектерді кәсіптік оңалту;
      қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелерін үй еңбегін ұйымдастыруда консультация беру;
      мүгедектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жатады.
      40. Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсету:
      1) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмектесе алатын іс-шаралармен жалғастырылады;
      2) қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелеріне үйдегі еңбекті ұйымдастыру мәселесі жөнінде консультация беру қызмет алушыларға өзінің материалдық жағдайын және отбасының өмір сүру деңгейін қолдау және жақсарту мәселелерін шешуде көмегін тигізеді;
      3) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу кезінде қызмет алушының жеке физикалық және ақыл-ой қабілеттері, оның таңдаған кәсібі бойынша жұмыс істеу мүмкіндігі ескеріледі.
      41. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметтерге:
      мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;
      клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға (экскурсиялар ұйымдастыру, театрға, көрмелерге, концерттер мен басқа да іс-шараларға бару) тарту жатады.
      42. Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету:
      1) мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткізу, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару және басқа да мәдени, тынығу іс-шараларын өткізу медициналық-әлеуметтік ұйымның басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша өткізіледі;
      2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызмет алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, қарым-қатынас аясының кеңеюіне бағытталады;
      3) қызмет алушыларды концерттердің бағдарламалары мен өткізілетін іс-шаралардың сценарийлерін әзірлеуге қатыстыру қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді;
      4) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру ұжымның қоғамдық өміріне қатысу арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарды дұрыстауға мүмкіндік береді.
      43. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметтерге:
      Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу;
      қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ балаларды тәрбиелеп отырған және 18 жастан асқан адамдарды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру жатады.
      44. Әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсету:
      1) қызмет алушыларға жеңілдіктер, жәрдемақылар, өтемақылар мен басқа да төлемдерді алуға жәрдемдесу қызмет алушылар үшін мүдделі мәселелерді шешуде уақытылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      2) өзін өзі қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту жөнінде консультация беру қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне отбасылық кәсіпкерлікті, үй кәсіпшілігін дамытуда олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіреді және өзінің материалдық жағдайын және отбасының өмір сүру деңгейін қолдау және жақсарту мәселелерін шешуде білікті көмек көрсетеді.
      45. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық қызметтерге:
      арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру;
      заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
      арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;
      заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу;
      қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне жасалған дене және психологиялық зорлыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапқа тартуға жәрдемдесу;
      қамқоршы және қорғаншы органдарға балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға, қамқоршылыққа, патронатқа, қорғаншылыққа алуға жәрдемдесу;
      қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге, ұйымдарға орналастыруға, сондай-ақ стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
      кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға балаларының, оның ішінде ТҚА бұзылған балалардың тәрбиесінен жалтарған ата-аналардың үстінен ұсынымдар ресімдеу;
      қызмет алушыларға жұмысқа орналасу, жеке басын куәландыратын құжат және заңды мәні бар басқа да құжаттар алу үшін құжаттарды ресімдеуде заңгерлік көмек көрсетуге жәрдемдесу;
      Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде,  «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттың тегін заңгерлік көмегін алуға жәрдемдесу жатады.
      46. Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету:
      1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өз мүдделерін қорғау құқығымен байланысты мәселелер жөнінде консультация беру заңнамамен белгіленген құқықтарды және пайда болуы мүмкін бұзушылықтардан қорғау тәсілдерін толық түсіндіреді;
      2) қызмет алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнамалар және басқа да мәселелер) жөнінде консультация беру олар білгісі келетін заңнама актілері және көтеріліп отырған мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік береді, осы мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттарды (өтініштер, арыздар, анықтамалар және басқа да құжаттар) дайындауда және тиісті мекенжайларға жіберуде қажетті көмек көрсетеді;
      3) қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымдық тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарда шағым жасалған іс-әрекеттің мәнін заңды түрде сауатты жазуға көмектесуге негізделеді;
      4) құжаттарды (жеке басын куәландыру, заңнама бойынша тиісті жеңілдіктерді алуға, бала асырап алуға және балаларды, ТҚА бұзылған балаларды отбасылық тәрбиелеудің басқа нысандары, мүгедектердің жұмысқа орналасуы үшін және т.б.) рәсімдеуде құқықтық көмек көрсету қызмет алушыларға мақсатына қарай қажетті құжаттардың мазмұнын түсіндіруді, құжат мәтінін баяндауды және жазып беруді (қажетіне қарай) немесе нысанды бланкілерді толтыруды, ілеспе хаттар жазуды қамтамасыз етеді;
      5) құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін адвокаттың тегін көмегін алуға жәрдемдесу қызмет алушыларға заңды құқықтарын заңды түрде қорғауға және оның мәселесі бойынша объективті шешім қабылдау мақсатында заңды көмекке кепілдік береді;
      6) отбасында қызмет алушыға немесе оның отбасы мүшелеріне жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу сотқа жүгіну үшін зардап шеккен адамдардың қажетті құжаттарын дайындауға, жәбірленушінің құқын қорғау және кінәлілерді жазалау мақсатында сот процесіне қатысуға негізделеді.
      7) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберу үшін балаларын, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларын тәрбиелеуден жалтарған ата-анаға ресімделген ұсынымдарда барлық қажетті материалдар болады және ата-аналарды жауапкершілікке тартумен, балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаумен байланысты мәселелерді одан әрі тәжірибеде шешу үшін негіздеме болып табылады.

6. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату және
тоқтата тұру шарттары

      47. Үйде қызмет көрсету ұйымында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтатуға:
      1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) өтініші;
      2) мүгедектік алынған, үшінші топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;
      3) стационарлық жағдайында немесе үйде арнаулы қызмет көрсетілген кезде;
      4) қызмет алушының басқа елді мекенге көшуі;
      5) куәгерлердің жазбаша көрсеткіштерімен расталатын қызмет алушы немесе оның отбасы мүшелері тарабынан күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерге негізсіз оның адами құндылықтарын кемсітетін сөздер айтуы және кінә тағуы;
      6) ақылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы келісімшарттың бұзылуы негіздеме болып табылады.
      48. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қалпына келтіру осы стандарттың 3-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету 47-тармақтың 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылған қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметті көрсетуді қалпына келтіру арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тоқтатылғаннан кейін бір күнтізбелік жыл асқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
      49. Қызмет алушыда жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім пайда болған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету тоқтатыла тұрады.
      Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қалпына келтіру қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім болып табылатын сырқаттың жоқтығын растайтын медициналық құжатты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
      50. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату және тоқтата тұру үйде қызмет көрсету ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
      51. Бұл ретте міндетті түрде үйде қызмет көрсету ұйымы мамандарының ұсынымдары ресімделеді, ол қызмет алушының, не оның заңды өкілінің қолына беріледі.

7. Үйде қызмет көрсету ұйымын басқару

      52. Үйде қызмет көрсету ұйымын уәкілетті орган немесе құрылтайшы лауазымға тағайындайтын және босататын басшы (меңгеруші) басқарады.
      Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету ұйымын уәкілетті орган немесе құрылтайшының келісімі бойынша аталған заңды тұлғаның басшысы лауазымға тағайындайтын және босататын меңгеруші басқарады.
      53. Үйде қызмет көрсету ұйымының штат санын уәкілетті орган немесе құрылтайшы осы Стандартқа 5-қосымшада көзделген көлемнен кем емес көлемде бюджет қажеттіліктерін және мүмкіндіктерін ескере отырып бекітеді.
      54. Үйде қызмет көрсететін ұйымның мамандарына жүктемені (қызмет көрсетілетін қызмет алушылардың саны және бір аптаға бару кезегі) алушының мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консултант айқындайды және үйде қызмет көрсететін ұйымның басшысы бекітеді.
      55. Үйде қызмет көрсететін ұйымның мамандары қызмет алушыларға баруды ұйымның басшысы бекітетін қызмет алушыларға бару кестесіне сәйкес жүзеге асырады.
      56. Қызмет алушыға барған күні ұйым мамандары көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтерді есепке алу журналына (8-қосымша) тиісті белгі қояды, ол қызмет алушыда (заңды өкілінде) болады және ай аяқталған соң күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерге беріледі.
      57. Уәкілетті орган немесе құрылтайшы, басшы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін жағдайлар жасайды, оның ішінде:
      қажетті техникамен және байланыспен, Оңалту іс-шараларын жүргізуге қажетті диагностикалық және дидактикалық, дамытушы және өзге де материалдармен жабдықталған орынжайлар;
      персоналды қызмет алушыларға күтім көрсету жөніндегі білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізетін әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету;
      персоналды қажет болған кезде көлік құралымен немесе жол жүру билеттерімен немесе жол жүру билетінің құны мөлшерінде ақшалай өтемақымен қамтамасыз ету;
      қарттар мен мүгедектердің күтімі жөніндегі әлеуметтік қызметкерді арнайы киіммен, шаруашылыққа қажетті керек-жарақтармен:
      жуғыш заттар;
      ескі заттар;
      резеңке қолғаптар;
      шаруашылық инвентарлармен қамтамасыз етеді.
      58. Үйде қызмет көрсететін ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ұйымның басшысында сақталады және оны әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант қызмет алушылардың немесе олардың заңды өкілдерінің бірінші талабы бойынша ұсынады.
      59. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын үйде қызмет көрсету ұйымының басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган және/немесе құрылтайшы – ай сайын қарайды.
      60. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды және жеке тұлғалардан қаражат аудару үшін заңды тұлға болып табылатын үйде қызмет көрсету ұйымының демеушілік, қайырымдылық және өзге де шоттары болуы мүмкін.

8. Қорытынды ережелер

      61. Қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтің уақытылы және сапалы көрсетілуін бақылауды құрылтайшы және уәкілетті орган жүзеге асырады.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет 
көрсету жағдайында   
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына  
1-қосымша      

Нысан

_____________________________________________________________________
(үйде қызмет көрсететін ұйымның атауы)
Т.А.Ә. ______________________________________________________________
Туған күні ______ жылы «____» _______________________________________
Тұратын жері ________________________________________________________
Телефон нөмірі (үйдің, ұялы) ________________________________________
Мүгедектік санаты (болған жағдайда __________________________________
Бірге тұратын отбасы мүшелері (Т: А. Ә., туыстығын көрсету керек)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
           (қызмет алушының Т.А.Ә. көрсету керек)
үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін есепке алуыңызды сұраймын.
      Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тәртібімен және шарттарымен таныстым.

      Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын: _______________________________________
_______________________________________
_______________________________________
_______________________________________

Т.А.Ә. және қолы ______________ күні 20__ жылғы «___» ______
___________________________ өтінішті қабылдады
(Т.А.Ә. және лауазымын көрсету)
Қолы ___________ күні 20__ жылғы «___» ______

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет 
көрсету жағдайында   
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына  
2-қосымша      

Нысан

МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА

_____________________________________________________________________
(медициналық ұйымның атауы)
Т.А.Ә. ______________________________________________________________

Туған күні «____»_________ _____ жыл

Үйінің мекенжайы ____________________________________________________

Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулар жөнінде, дәрілік препараттарды,азық-түлікті көтере алмаушылық) _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Медициналық тексеру: (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын, бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет)
хирург _____________________________________________________________
____________________________________________________________________
невропатолог _______________________________________________________
____________________________________________________________________
психиатр ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
окулист ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
отоларинголог ______________________________________________________
____________________________________________________________________
дерматовенеролог ___________________________________________________
____________________________________________________________________
фтизиатр ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
терапевт/педиатр ___________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды ___________________________
____________________________________________________________________
Көрсеткіштер бойынша:
cтоматолог _________________________________________________________
эндокринолог _______________________________________________________
кардиолог __________________________________________________________
ортопед ____________________________________________________________
нарколог ___________________________________________________________
онколог ____________________________________________________________
гинеколог __________________________________________________________

Зертханалық зерттеулер нәтижелері:
қанның жалпы анализі _______________________________________________
                              (мерзімі, нәтижесі)
қандағы RW анализ __________________________________________________
                               (мерзімі, нәтижесі)
қандағы АИТВ анализ_________________________________________________
                               (мерзімі, нәтижесі)
зәрдің жалпы анализі _______________________________________________
                              (мерзімі, нәтижесі)
балапан ішек құрты анализі (балалар үшін) __________________________
                                              (мерзімі, нәтижесі)
ішек аурулар тобының анализі _______________________________________
                                    (мерзімі, нәтижесі)

Дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағасының қорытындысы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      (үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет
          көрсету үшін медициналық қарсы көрсеткіштер бар ма)

      М.О.

      Медициналық ұйымның басшысы: _________________________________
                                          (Т.А.Ә., қолы)
      20___ жылғы «____»_________

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет 
көрсету жағдайында   
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына  
3-қосымша      

Нысан        

Тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеу актісі № _____

1. Қызмет алушының Т.А.Ә. ___________________________________________
2. Туған жылы _______________________________________________________
3. Тұрғылықты мекенжайы _____________________________________________
4. Телефон нөмірі ___________________________________________________
5. Жәрдемақының (зейнетақының) түрі және мөлшері ____________________
6. Отбасылық жағдайы ________________________________________________
7. Соңғы жұмыс орны _________________________________________________
8. Балалары және жақын туыстары туралы мәлімет (Т.А.Ә., тұратын жері, жұмыс орны, байланыс телефондары) ___________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Тұрмыс жағдайы ___________________________________________________
                    (жақсы жабдықталған / жабдықталмаған тұрғын үй)
_____________________________________________________________________
            (пәтер, жеке үй, жатақханадағы бөлме және басқа)
_____________________________________________________________________
(нешінші қабат екенін, бөлме санын, сантораптардың болуын, орталықтан
     жылытыла ма екендігін, лифтінің болуын және басқаны көрсету)
_____________________________________________________________________
                        (басқа да жағдайлар)
10. Аулалық учаскенің болуы _________________________________________
Актіні жазған адам ______________ ___________________________________
                       (қолы)              (Т.А.Ә., лауазымы)

Күні 20___ жылғы «___»_________

      Ескертпе: Қарттар мен мүгедектер үшін толтырылады.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет 
көрсету жағдайында   
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына  
4-қосымша      

Нысан        

Есепке тұру үшін келген арнаулы әлеуметтік қызмет
алушыларды тіркеу журналы

Р/н

Т.А.Ә.

Туған жылы

Диагнозы

Мекенжайы

Өтініш жасаған күні

Есепке алу күні

Есептен шығару күні және негіздемесі

1

2

3

4

5

6

7

8

      Ескерту: Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген болуға тиіс. Журнал күнтізбелік жылға толтырылады.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет 
көрсету жағдайында   
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына  
5-қосымша      

Нысан        

1.Үйде қызмет көрсету ұйымдарындағы персоналдың ең төмен
штаттық нормативтері

Лауазым атауы

Бірлік саны

Лауазымдарды енгізу шарттары

1

Меңгеруші (басшы)

1

бір бөлімшеге (үйде қызмет көрсету субъектісі)*

2

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант

0,5

40 қызмет алушыға

3

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер**

1

1) жабдықталған тұрғын үйде тұратын 8 қартқа және бірінші және екінші топтағы мүгедекке;
2) жабдықталмаған тұрғын үйде тұратын 5 қартқа және бірінші және екінші топтағы мүгедекке;
3) 4-6 психоневрологиялық ауытқулары бар балаға, психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан адамдарға, ТҚА бұзылған балаларға (денсаулығы мен қимылдау функциясының хал-жайына қарай)

4

Көлік жүргізуші

1

Бір техникалық дұрыс автокөлік құралына

      Ескерту:
      1) * Бөлімше (үйде қызмет көрсету субъектісі) санатына қарай (қарттар мен мүгедектер, психоневрологиялық ауруы бар балалар мен 18 жастан асқан адамдар) 80 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсеткенде құрылады). Қызмет алушылардың жекелеген санаттарының болуы бөлімше құруға мүмкіндік бермейтін жерде онда бір бөлімшені қызмет алушылардың бірнеше санаты үшін құруға болады;
      2) ** Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерді аптасына кемінде екі рет көрсетеді.

2. Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және 18 жастан асқан
адамдарды үйде қызмет көрсету жағдайында оқыту ұзақтығы

      Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және 18 жастан асқан адамдарды оқыту ұзақтығы барлық үлгідегі ұйымдарда олардың дағды деңгейiне, танымдық қызметi мен жас ерекшелiктерiне қарай құрылады:
      балалардың әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi ең төмен деңгейде болғанда сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейiн созылады;
      әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi төмен деңгейде болғанда - 20 минутқа дейiн;
      әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi қалыпты деңгейде болғанда - сабақ 30 минутқа дейiн;
      әлеуметтiк дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметiнің деңгейі айтарлықтай төмендемеген жағдайда - 45 минутқа созылады.
      Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытында балаларға және 18 жастан асқан адамдарға оқу жоспарының бағдарламасына және әр сабаққа әзiрленген тақырыптық жоспарларға сәйкес дидактикалық және дамытушы ойындар өткiзіледi.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет 
көрсету жағдайында   
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына  
6-қосымша      

Нысан        

Бекітемін:                   
______________________________
(үйде қызмет көрсету субъекті
басшысыныңТ.А.Ә. және қолы)
«___» _____________ ______ жыл

_____________________________________________________________________
              үйде қызмет көрсету субъектісінің атауы

Жеке жұмыс жоспары*

Қызмет алушының Т.А.Ә. ______________________________________________
Туған күні және жылы ________________________________________________
Диагнозы ____________________________________________________________
Есепке алу күні «____» _______________ 20___ жыл
Қызмет алушыға ______ бастап _____ қоса алғанда бақылау жүзеге асырылды
Жеке жұмыс жоспары _______ бастап _________ қоса алған кезеңге әзірленді

Қызмет алушының жеке қажеттілігіне сәйкес тағайындалған іс-шаралар (көрсетілетін қызметтің түрлері мен көлемін көрсету):

Қызмет түрлері

Қызмет көлемі (жеке жүргізілетін іс-шаралардың атауы)

Тағайындауды жүзеге асырған маманның Т.А.Ә. және қолы

Тағайындау күні

1

әлеуметтік- тұрмыстық






2

әлеуметтік- медициналық






3

әлеуметтік- психологиялық






4

әлеуметтік- педагогикалық






5

әлеуметтік- мәдени






6

әлеуметтік- экономикалық






7

әлеуметтік- құқықтық






Жеке жұмыс жоспарын қайта қарау күні 20 ___жылғы «___» _______
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант ________ ______________
                                        (қолы)   (Т.А.Ә., күні)

      Ескертпе: * жеке жұмыс жоспары психоневрологиялық патологиясы бар балаларға, ТҚА бұзылған балаларға және психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан адамдарға толтырылады.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет 
көрсету жағдайында   
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына  
7-қосымша      

Нысан        

Қызмет алушының жеке жұмыс жоспарының орындалуы (мониторингі)
бойынша журналдың/электрондық картотеканың нысаны *

Қызмет алушының Т.А.Ә. _____________________________________________
Туған күні «____» ______________ _______ жыл
Диагнозы ___________________________________________________________
«___» ______ бастап «___» _______ қоса алғандағы кезеңге әзірленген жеке жұмыс жоспарына мониторинг
Қызмет алушыны қадағалау кезеңі: «__» ____ бастап «__» ____ қоса алғанда

Қызмет алушының жай-күйі туралы белгі, оның ішінде

Жеке жұмыс жоспарын түзету туралы шешім (қызмет көрсетудің қандай түрі қайта қаралуға жататынын көрсету)

Мониторинг жүргізу күні

Мониторингті жүзеге асырған маманның Т.А.Ә. және қолы

оң өзгерістер бар (сипаттап беру)**

өзгерістер жоқ немесе нашарлады (себебін көрсету)

1

2

3

4

5

6

1






2






3






4






5






6






7






8






Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант __________ ___________________
                                         (қолы)       (Т.Ә.А.,күні)

      Ескерту: * психоневрологиялық патологиясы бар балаларға және психоневрологиялық патологиясы бар 18 жастан асқан адамдарға толтырылады.
      ** Қызмет алушының:
      - соматикалық, психикалық, эмоционалдық жай-күйінде;
      - қимыл, сенсорлық, танымдық, тіл дамыту, коммуникативтік салаларында;
      - өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекпен бейімдеу мен әлеуметтендіруді қалыптастыруда оң өзгерістері белгіленді.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет 
көрсету жағдайында   
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына  
8-қосымша      

Нысан        

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді есепке алу журналы

      20__ жылғы ____________
                    (ай)
Үйде қызмет көрсету ұйымының атауы __________________________________
Қызмет алушының Т.А.Ә. ______________________________________________
Есепке алу күні «____» _______________ 20___ жыл

Күні

Арнаулы қызмет көрсеткен мамандардың Т.А.Ә. және лауазымы көрсетіп, қызметтерді орындау туралы белгі

Қызметтерді көрсету туралы белгі (ескертулер мен ұсыныстарды қызмет алушылар мен заңды өкілдері толтырады)

1

2

3







      Ескерту: Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген болуға тиіс. Әрбір қызмет алушыға, әр күнтізбелік айға толтырылатын жеке журнал басталады.

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің    
2010 жылғы 06 желтоқсандағы
№ 394-ө бұйрығына     
№ 4 қосымша       

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3985 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2006 ж. қаңтар, № 1, 199-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндеті атқарушының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы «Әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік ережелерін бекіту туралы» № 306-ө бұйрығына толықтырулар және өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 240-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5766 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында, 2009 ж. № 10; Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2009 ж., № 11, 360-құжат).
      3. «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 қарашадағы № 323-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5966 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында жарияланған, № 8, 2010 ж.)
      4. «Әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-ө бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 24-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6070 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында жарияланған, № 11, 2010 ж.).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады